бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, қазақ тілін
қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны
тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара
тұлғаның тілдік қабілетін дамыту; бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды
коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік
қатынасты игерту.
Қазақ тілін деңгейлеп оқытудың мақсатына орай мынадай міндеттер іс
жүзіне асырылуы қажет:
-
қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгерту: оқушының өз ойын,
пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша және жазбаша) жеткізе білуін
іске асыру;
-
оқушылардың қазақша дұрыс, түсінікті сөйлеуі мен сауатты жазуын жүзеге
асыру;
-
өзге тілді мектеп оқушыларының білімін тілдік, танымдық, лингво-
мәдениеттанымдық, ұлттық- әлеуметтік, өркениеттік-әлемдік тұрғыдан
тереңдетіп, қазақ тілін ұтымды игерудің, коммуникативтік бағытын жүзеге
асыру;
-
жеке, қоғамдық- әлеуметтік, бағдарлы бағыттағы жағдаяттарды жан-жақты
ескере отырып, қазақша тілдік қатынасты бағдарлы түрде жүзеге асыру.
Тілді деңгейлеп меңгерудің білім мазмұнын айқындауда басшылыққа
алынатын басты ұстанымдар мыналар:
1.
Білім мазмұнының оқыту мақсаттарына сай келуі;
2.
Білім мазмұнының аутенттілігі, шынайы өмірге сәйкестілігі;
3.
Ұсынылатын материалдың тіл үйренуші деңгейіне сай келуі;
4.
Сөйлесім әрекетінің барлық түрінің өзара бірлікте жүзеге асырылуы;
5.
Жаттығу жұмыстарының жүйелі түрде берілуі;
6.
Тілдік материалдың кешенді түрде ұсынылуы;
7.
Білім мазмұны мен әдістемені дара тұлғаны қалыптастыруға бағыттау.
Бұл ұстанымдар тіл үйренудің барлық деңгейінде жүйелі түрде дамытылып
отырылатындықтан, әр оқушының алғашқы қадамынан бастап, оның білім,
білік, дағдысын жетілдіреді және бекітеді.
Осы деңгейлерге сәйкес қазақ тілінің күтілетін нәтижелері ақпараттық,
коммуникативтік,
проблеманың
шешімін
табу
секілді
түйінді
құзыреттіліктердің қалыптасуына мүмкіндік тудыратын қарапайым, бастапқы,
негізгі, орта және ортадан жоғары деңгейлердің өзара сабақтас сатылары
бойынша анықталады.
Қазақ тілінің қатысымдық тұрғыдан деңгейлік меңгерту тіл үйренушінің
төмендегідей коммуникативтік біліктіліктерін дамытуға мүмкіндік береді.
1.
Лингвистикалық біліктілік.
2.
Тілдік- әлеуметтік біліктілік.
3.
Дискурстық біліктілік.
4.
Стратегиялық біліктілік.
5.
Мәдени- әлеуметтік біліктілік.
24
Аталған біліктіліктер тіл үйренушінің өз деңгейіне сәйкес әрекеттермен
ізденістерді көрсетеді. Нақтылап айтсақ, тіл үйренушінің:
-
Лингвистикалық біліктілігі лексика-грамматикалық, фонеткалық.
синтаксистік, стилистикалық нормаларға сай еркін сөйлей, жаза білуі арқылы
бағаланады.
-
Достарыңызбен бөлісу: