1
Халықаралық стандарттар негізінде мемлекеттік тілді деңгейлеп
меңгертудің негізгі шарттары
Тіл үйрету әдістемесі - жаңа мәселе емес. Бұл сұрақ сан ғасырлар бойы
ұстаздар мен ғалымдарды, тілшілерді толғандырып жүр. Ұлы ағартушы
Ыбырай Алтынсариннің қазақ балаларына орыс тілін үйрету әдістемесін
құрастыруға кіріскені және ағартушының бұл еңбегі орыс тілін үйретуге
бағытталғанмен, неше жылдар бойы ғалымдардың назарында жүргені де
белгілі. «Қалай оқытамын? Неден бастаймын?» деген Ы.Алтынсариннің
алдына қойған сұрақтары әлі де өзекті екендігінде дау жоқ[5].
Қазақ халқының тарихында балаға тіл үйрету әдісіне көңіл бөлу ұлы
ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында
басқа да бірқатар ғалымдар әр түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін
оқыту саласының дамып, жетілуіне елеулі үлес қосуда. Құнарлы еңбек етіп
жүрген ғалымдардан Ш.Х.Сарыбаев, И.В.Маманов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев,
Т.Аяпова, Ш.Бектуров, К.Сариева, А.Жүнісбеков, Ф.Р.Ахметжанова,
М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева т.б. атауға болады. Осындай
ғалымдардың еңбек етуінің арқасында бүгінгі күні тілді оқытудың мемлекеттік
тұжырымдамасына, стандартына, типтік бағдарламасына сай белгілі бір жүйеге
құрылған, нәтижеге бағытталған, мақсатты жұмыстар атқарылып жатыр.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін оқыту жүйесінде теориялық
білім мен практикалық дағдыны тең ұстау, сөйлеу қызметіне баса назар аудару
бағыты күн санап өсіп келеді. Қазақ тілін меңгертуде қолданылатын әдіс-
тәсілдер жүйесі де уақыт талабына сай өзгертіліп, дамытылып, тереңдетіліп
отырылады. Қазақ тілінен берілетін білім мазмұны білім алушының ғылыми-
теориялық ойлауын, сөйлеу дағдыларын, коммуникативтік құзіретін дамытуға
қызмет етіп, оның қазақ тілінде белгілі бір тақырыпқа байланысты
топтастырылған ұғымдар мен айқын сөйлем түріндегі байламдар жасау қабілетін
қалыптастыруы тиіс. Бұл мақсатқа жету және алға қойылған міндеттер дұрыс шешілуі
үшін арнайы зерттелген оқыту технологиялары жасалып, оларды жасау мен
қолданудың әдіснамалық негіздері кең арнада анықталуы қажет[6].
Ф. Оразбаева: «Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытылуының құқықтық
жақтарын мемлекеттік реттеу ұстанымдары айқындаса, ғылыми-әдістемелік
бағытын «ҚР Жалпы білім беретін мектептердің даму тұжырымдамасы» мен
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім мазмұны тұжырымдамасы»
дәйектейді. Осындай тұғырнамалық құжаттардан бастау алған қазақ тілінің
мемлекеттік мәртебесін бекітетін бірнеше факторлар бар. Бірінші фактор- қазақ
тілін үйренуге қажеттілік тудыратын тиімді жолдарды анықтай отырып, оған
ықпал ететін мотивтерді толық және жан-жақты іске асырумен байланысты.
Тілді меңгерудегі мотивация соңғы нәтижеге бағытталғанда ғана алға қойылған
мақсатқа жетуге болады, яғни оқушы тіл үйренген соң қандай жетістіктерге
қолы жеткендігін білгені абзал. Оқушы тілді үйренерде өзінің болашақ өміріне:
әлеуметтік мәртебесіне, бәсекеге қабілетті болуына, мәнсабының өсуіне және
5
кәсіби деңгейде білікті маман иесі болатындығына сенім артуы шарт. Екінші
фактор - мектептерде қазақ тілін үйрету әдістемесіне қажет технологиялар мен
қазіргі уақыт сұранысына орай жаңа бағыттарды дұрыс жолға қоюмен
байланысты. Осындай себептердің барлығы білім жүйесінде «Қазақ
тілі»пәнінің әлеуетін арттырып, тілді меңгерту әдістемесін жаңартып,
жаңғыртып отыруды қалайды. Бұл осы саладағы жетістіктер мен
жетіспеушіліктерді қайта қарап, бүгінгі күнге сай мәселені дұрыс таңдап, іске
қосуды қажет етеді. Осы бағытта республиканың тілші-ғалымдарының
қатысуымен қазақ тілін үйрету әдістемесін жетілдіру мақсатында
дүниежүзіндегі өркениетті елдердің екінші тілдерді меңгерту әдістемесіндегі
озық үлгілер сараланып, мемлекеттік тілдің қоғамдық, әлеуметтік қызметі мен
орнына сәйкес жаңа бағыттар айқындалды. 1991 жылы Швейцарияның
Рюшликон қаласында өткізілген тілді меңгерудің жалпыевропалық
компетенцияларын жасау мәселелері қарастырылған Үкімет аралық
симпозиумда бастау алып, Европаның барлық елдері мен Ресейде тестіден
өткізілген «Жалпыевропалық тілдік қоржын» (European Language Portfolio)
бағдарламасына назар аударылды. «Жалпыевропалық тілдік қоржын» - тілдік
дамудың деңгейін бағалауға қойылатын келісілген ортақ талаптарды
сипаттайды», - деп көрсетеді.[7, 104-105].
Қазіргі кезде тілді оқытудың білім мен коммуникативтік біліктілік деңгейін
анықтайтын өлшемдер әлемдік әдістемеде ұсынылып, деңгейлер өлшемі
талданды. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар[8.6]. Яғни,
Еуропалық деңгей жүйесін дайындау барысында көптеген мемлекеттерде түрлі
зерттеулер жүргізіліп, әдістемесі іс жүзінде байқаудан өткізілді де,
нәтижесінде тілді үйренгені және меңгерілгендігі туралы деңгейлер белгіленді.
Бұл жүйе үш ірі - А, В, С деңгейінен тұрады және әрбір ірі деңгейі кіші
деңгейге бөлінеді. Деңгейлердің осылай бөлінуі әрбір адамның тілді қандай
деңгейде үйренгенін көрсетеді.
Жоғарыда айтылып отырған Еуропалық деңгейлер жүйесіне сәйкес
қазақстандық әдістемеші- ғалымдар да өзге ұлттарға қазақ тілін үйрету үшін
алты деңгейді ұстанады. Ол деңгейлер жүйесі А1,А2,В1,В2,С1,С2 деп аталатын
үш ірі деңгейден тұрады. Деңгейлердің жіктелуін 1- кестеден көруге болады.
1-
кесте - Тілді білу деңгейлерінің жіктелуі
Қарапайым деңгей
А1 Бастапқы игерім
Негізгі деңгей
А2 Қалыптасу қарсаңындағы игерім
Орта деңгей
В1 Қалыптасқан игерім
Ортадан жоғары деңгей
В1+ тереңдетіле қалыптасқан игерім
Жоғары деңгей
В2 Ілгерілей қалыптасқан игерім
Жетік деңгей
В2+ Тереңдетіле, ілгерілей қалыптасқан игерім,
С1 Кәсіби игерім
6
Деңгейлердің жіктелуі мемлекеттiк тiлдi бастауыш сыныптарындағы
оқушылардың А1 деңгейiнде, орта буындағы оқушылардың А2 деңгейiнде,
мектептiң жоғары сынып, сондай-ақ техникалық және кәсiптiк бiлiм беру
мекемелерi оқушыларының В1 деңгейiнде, жоғары оқу орны студенттерiнiң В2
деңгейiнде, жоғары оқу орнынан кейiн бiлiм алатындардың С1 деңгейiнде
игеруiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бұл деңгейлердің сипаттамасы
2-
кестеде көрсетілген.
2-
кесте - Еуростандарт деңгейлерінің қысқаша сипаттамасы
Тәжірибелі
қолданушы
Достарыңызбен бөлісу: |