2
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді
оқытудың жолдары
Қазақстан Республикасында «Білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» мен «Балапан» бағдарламасын
іске асыру міндеттерінде мектепке дейінгі ұйымдардың қолданысындағы
бағдарламалардың мазмұнын жаңарту көзделген.
Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тілді үйрету жұмысына
қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі білім берудің
үлгілік оқу жоспарларында айқындалған (ҚР БҒМ 2012 ж. 20 желтоқсандағы
№557 бұйрығы).
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді үйрету және
дамыту Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартының (ҚР Үкіметінің 2012 ж 23 тамыздағы №1080 қаулысы)
талаптарына сәйкес жүзеге асырылады[10].
Мемлекеттік тілді үйрету және баланың ана тілін дамыту «Алғашқы
қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалардың негізгі
мазмұнын құрайды.
Бұл бағдарламаларда балалардың сөздік қорларын дамыту, әрі оларды
күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста еркін қолдануға
жаттықтыру жолдары жас ерекшеліктерін ескере отырып айқындалған.
Мысалы: ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балалардың сөздік
қорының дамуы баланың заттарды атауы, әрекеті, олардың қасиетін түсінетін
сөздерді айтуы, сұраққа жауап беруі, ойын кезінде, серуенде қолдана алатын
әдебиеттің кіші түрлері (мәтелдер, әзіл, қысқа өлеңдер, әндер, тақпақтар)
арқылы жүзеге асырылады.
12
Аталған бағдарламалардың мазмұны мектепке дейінгі жастағы балалардың
жас кезеңдеріне сәйкес, олардың жеке дамуын қамтамасыз ету бағыттарына
негізделіп құрылған. Сонымен қатар «Балбөбек», «Қарлығаш», «Қайнар» білім
беру бағдарламалары балама ретінде қолданылады. Олардың мазмұны жаңа
стандартқа сәйкес жаңартылуда.
Бүгінгі күні мемлекеттік тілді дамытуды мектепке дейінгі саладан бастап,
А0 деңгейіне, еуростандартқа сәйкестендіру жұмысы жүргізілуде. «Балабақша
–
мектеп – колледж – жоғары оқу орындары» жүйесінде үздіксіз оқытуды
енгізудің әдістемелік негіздерін айқындайтын мемлекеттік тілді оқыту
бағдарламасы әзірленуде.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде отандық және шетелдік тіл үйрету
әдістемелерінің озық үлгілерін тиімді пайдалана отырып, үздіксіз оқыту бүгінгі
күннің басты талабы.
Халық байлығының асыл қазынасы – рухани тіл. Оны меңгеру бесік
тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап, балабақшада жалғасын таппақ. Қазақта
«Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек, біз балабақша
табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре
білетін болсақ, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз. Сондықтан тіл тағдырына
терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі
талап, міндеттер үнемі жаңа, заманауи бағыттар бойынша жүзеге асырылуы
керек.
Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан
бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балабақшада қазақ тілін оқытудың қай
түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды.
Психологтардың зерттеулерінде баланың жас кезінде танымдық,
қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты тілді тез
меңгеретінін көрсетеді. Мектепке дейінгі кезеңде бала тілді меңгеруде ерекше
сензитивті, ал егер де 5-6 жасқа дейін ана тілін белгілі деңгейде меңгермесе,
бұл одан кейінгі жас кезеңінде өз деңгейінде болмайтынын ғалымдар
дәлелдеген.
Сол себепті де мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-
тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыра отырып, тілдің дыбыстық
мәдениетін жетілдіру, сөз үйрете отырып, сөздік қорларын байыту,
байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
5 жастағы бала барлық тіл дыбыстарын толық меңгеріп, тілдік белсенділігі
артатыны бала тілінің дамуын зерттеген ғалымдардың еңбектерінен белгілі. Бұл
балаларды сөзді дыбыстау мәдениетіне мектепке дейінгі кезеңде тәрбиелеу
қажеттігін айғақтайды. Баланы дер кезінде дұрыс сөйлеуге үйретпесе, онда бала
өмір бойы анық сөйлеп, ойын дұрыс айта алмауы ықтимал. Ауызша сөйлеуінің
өз деңгейінде жетілмеуі жазбаша тілдің дамуына кері әсерін тигізеді.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, тіл кемістігі бар балалардың жалпы мектеп
жағдайында оқу мен жазуды толығымен меңгеруге мүмкіндігі болмайды.
13
Дыбысты меңгерудің өзі бала өзінің сөйлеу және тыңдау аппараттарын
меңгерген өмірінің бірінші жылында басталады. Алғашқыда бала белгілі бір
эмоциялы жағдай негізінде әлеуметтік мәні жоқ дыбыс шығарады. Тілдің
дыбыстық жағын меңгеру Д.Б Элькониннің пікірі бойынша, тіл қарым-қатынас
құралы ретінде қызмет ете бастаған кезден басталады. Бір жағынан, бұл балаға
қаратып айтылған сөзді түсінуі, екінші жағынан – алғашқы өзінің айтқан
сөздері.
Баланың сөзді ерте кезде қабылдауы ырғақты-мелодикалық құрылым
негізінде жүреді. Сөздің фонематикалық құрылымы қабылданбайды.
Ғалым Н.X. Швачкин бұл этапты «фонемаға дейінгі тіл дамыту» деп атады.
Баланың сөздерді дыбыстау кезеңдерін қарастыратын болсақ, 10-11 айда сөз
қарым-қатынас құралы бола бастайды және тілдік құрал сипатына ие болады.
Фонемалы тіл дамыту кезеңі басталады.
Бірінші жылдың аяғына қарай алғашқы сөздер пайда болады. Өмірінің
екінші жылы басталуымен дыбыстарды ажырату басталады. Бастапқы кезеңде
дыбыстың қойылуына тән ерекшелік дыбысты айтуда артикуляцияның
тұрақсыздығы болып табылады. Тіпті бір сөзде бір дыбыс бірнеше рет
қатарынан айтылғанда да бір дыбыстың орнына әртүрлі дыбыстық нұсқалар
айтылады.
Жаңа фонетикалық элементтер тобымен пайда болады. Көпшілік дыбыстар
дұрыс қалпында бірден қалыптаса қоймайды, ол біртіндеп, аралық дыбыстар
арқылы қалыптасады.
Ауысатын «орынбасар дыбыстарды» білудің үлкен мәні бар. Дыбыстардың
ауысу процесі күрделі және ерекше. А.Н. Гвоздев тіл дамыту үдерісінде
айтылмаған дыбыстар баланың мүмкіндігіндегі басқа дыбыстармен ауысады
деп санайды. «Бір дыбыстың басқамен ауысу жүйесі, негізінен, дыбыстардың
артикуляциялық жақындығына, ең алдымен жасалу орнына қарай топтасуын
негізге алады».
Балалар дыбыстың дұрыс айтылуын меңгерген кезде оны керек жерінде де,
керек емес жерінде де пайдалана бастайды, тіпті сол дыбысты кезінде
ауыстырған дыбыстың орнына да айтады. Бала ш дыбысының айтылуын
меңгергеннен кейін (бұрын с деп айтқан), енді с дыбысы айтылатын сөзде де ш-
ны айтады, «шағат», «шу» деп айтатын балалар кездеседі. Ғалымдар бұл
құбылысты «артығымен қолдану» деп түсіндіреді немесе дыбыстың кері
ауысуы бұл меңгерілген дыбыс біршама уақыт күшті тітіркендіретін –
доминант
болып,
орнына
жұмсалған
дыбыстан
жекешеленуінің
жеткіліксіздігінен соңғы меңгерілген дыбыс алдыңғыны заңды тұрған орнынан
ығыстырып жібереді (арма-алма, рампа-лампа).
Тілдің фонетикалық жағын дамытудың негізгі жолынан бала 3-5 жас
аралығында өтеді. Үш жасқа дейін баланың сөйлеу тілі қалыптасқанда, ызың
(ш, ж), ысқырық (с, з), үнді (р, л, ң) дыбыстарын айту қиындық тудырады.
Ана тілін үйренуде сөйлеу дағдысының пайда болу интенсивтілігі тілдік
ортаның мүмкіндігіне – табиғи (үйде үйреткенде) немесе басқа жолмен, яғни
14
әдістемелік құралдармен (мектепке дейінгі ұйымдарда) арнаулы дайындаған
тілдік ортаға байланысты.
Тілдік ортаның даму потенциалы әдетте оны жасаған кезде тілді үйрену
заты ретінде және сөйлеуде тілдің жұмыс ерекшеліктерін, сондай-ақ баланың әр
түрлі жас сатысында тілді үйрену психологиясын неғұрлым дәлдікпен ескерсе,
соғұрлым жоғары болады.
Тәрбиеші бала тілін дамытумен бірге мидың жұмысын да қалыптастырады,
сөйлеу бұлшық еттерінің жұмысы да қалыптасады, дамиды. Демек, бала тілінің
дамуы мен сөйлеу бұлшық еттерінің арасында, сөйлеу дағдыларының арасында
тікелей байланыс бар. Баланың ана тілін меңгеру қабілеті сөйлеу органы
бұлшық еттерінің машықтанғандығына байланысты болады, егер бала
фонемаларды дыбыстауды (артикулдеуді), сондай-ақ дыбыстар кешенінен
оларды дауыстап бөліп алу қабілетін игерсе, кез келген тілді үйрене алады.
Баланың тілді үйренуі үшін сол тілдің әрбір фонемаларын және оның
позициялық нұсқаларын айтуға қажетті сөйлеу аппаратының қозғалысы
жаттықтырылған болуы керек, ал бұл қозғалыстар баланың естуімен сәйкес
болғаны жөн.
Тілдің дыбыстық мәдениеті екі бөлімде айқындалады: сөзді айта білу және
сөзді тыңдай білу мәдениеті. Сондықтан да жұмыс екі бағытта жүргізіледі:
1. Сөйлеу аппаратын дамыту (артикуляциялық аппарат, дұрыс тыныс алу)
және соның негізінде дыбыстың, сөздің айтылуын, нақты артикуляциясын
қалыптастыру;
2. Сөзді қабылдауын дамыту.
А. Максаков пен Г. Тумакова сөздің дыбыстық жағын меңгеруге ерекше мән
берген: «Сөздің дыбыстық жағын игеру –балалар үшін күрделі үдеріс. Бұл
үдерісті былай анықтауға болады:
-
сөздің қалай дыбысталатынын тыңдау арқылы;
-
дыбыстарды дұрыс айту және ажырату арқылы;
-
сөз ішінен дыбыстарды өздігінен танып, оңай ажыратып алу;
-
сөздерді актив қолдану арқылы».
Жоғарыда айтылған пікірлерді негізге ала отырып, ізденуші Г.Ж.Омарова
тіл дыбыстарын меңгертуді өз ретімен бір-бірін жалғастырып отыратын төрт
кезеңге бөліп қарастырады:
Бірінші дайындық кезеңінде артикуляциялық аппаратты дайындау
мақсатындағы жаттығулар жүргізіледі. Бұл кезең сөйлеу аппаратын дайындап,
оның моторикасын, тыныс алуды дайындауды қамтиды. Дыбыстарды дұрыс
айту дыбыстау мүшелерінің әрекетіне біртұтас тәуелді болады (тіл, ерін,
жұмсақ таңдай, тістер және т.б.), олардың қозғалмалығы мен иілгіштігіне,
артикуляциялық қозғалыстардың координациясына, олардың күші мен
дәлдігіне байланысты болады. Мысалы, дыбысталуы қиын
р дыбысы тілдің
қозғалысының иілгіштігін, тіл ұшының жылдам вибрациясын талап етеді. Ызың
дыбыстар күшті ауа ағынын, тілдің «қасық» формасында көтерілуін, еріндердің
дөңгелектенуін және олардың алға қарай біршама шығуын талап етеді. Р
15
дыбысын дұрыс айтуға артикуляциялық аппаратты дайындау мақсатында
дайындық кезеңінде
Достарыңызбен бөлісу: |