Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет6/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
  

 A2 

Жеке тіркестер мен күнделікті жиі қолданылатын (өзі  немесе  отбасына, 

жұмысына    байланысты  қарапайым  ақпарат)  сөздерді  түсінеді. 

Күнделікті  кездесетін  тақырыптарға  байланысты  жай  сөйлемдер  

арқылы қиын емес мәселелерді шеше алады. Өз ойын қысқа сөйлемдер 

арқылы жеткізеді. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, 

хабарландыруларды түсінеді.

 

  



A1 

  

Қысқа, таныс сөздер мен жай сөйлемдерді түсініп, күнделікті тұрмыста 



қолдана алады. Өзін немесе өзгені таныстыра алады және адамның жеке 

өзіне байланысты (мекен-жайы, отбасы туралы т.б.) сұрақтар қоя алады, 

дәл  сондай  сұрақтар  арқылы  өзіне  қатысты  мәліметтерді  бере  алады. 

Егер  сөйлеушісі  асықпай  және  анық  сөйлеп,  қиындық  туған  жағдайда 

көмектесе алатын  болса,  бұл деңгейде сөйлейтін адам жай сөйлемдер 

арқылы  диалогке түсе алады. 

 



 




  

Алдымызға  нақты мақсат қою үшін жоғарыда аталып кеткен деңгейлердің 

толық  сипаттамасы    қажет  болуы  мүмкін.      Осы  6  деңгей  бойынша    тілді 

үйренудің негізгі аспектілерін төмендегі 3-8-кестелерден көруге болады.    

3-

кесте - A1 (Бастапқы игерім) 



 

Түсіну  


Тыңдалым  Мен күнделікті өзіме, отбасыма немесе қасымдағы адамдарға   

асықпай және анық айтылған жеке таныс сөздер мен өте 

шағын  сөйлемдерді түсінемін. 

Оқылым 


Мен хабарландыру және плакаттарға  немесе түрлі 

каталогтарға жазылған таныс атаулар, сөздер, сондай-ақ таныс 

сөздері бар жай сөйлемдерді оқығанда  мағынасын толық 

түсінемін. 

Сөйлесу  

Диалог 


Егер менімен сөйлесіп отырған адам түсінбей қалған 

сөздерімді асықпай, баяу қайталап немесе басқа сөзбен 

түсіндіріп, маған ойымды жеткізуге көмектессе, мен ол 

адаммен сұхбаттаса аламын. Өзіме таныс және өзімді 

қызықтыратын тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, дәл 

сондай сұрақтарға жауап бере  аламын.  

Монолог 

Жай сөйлемдер арқылы өзімінің тұратын жерім, таныстарым 

туралы айтып бере аламын. 

Жазу  


Жазылым 

Мен шағын (мысалы, мейраммен, туған күнімен құттықтау) 

ашық хаттар жаза аламын, формуляр толтыра аламын, өзімнің 

тегімді, ұлтымды, мекен-жайымды қонақүйдің тіркеу 

парағына енгізе аламын. 

 

4-



кесте - A2 (Қалыптасу  қарсаңындағы игерім)  

Түсіну   

Тыңдалым  Өзіме қатысы бар (өзім туралы, отбасым, сатып алынған 

заттар,  тұратын жерім, жұмысым туралы)жеке тіркестер мен 

шағын сөйлемдерді түсінемін. Көлемі жағынан шағын, анық 

айтылған  хабарландыруларда не туралы баяндалғанын  

түсінемін. 

Оқылым 


Мен көлемі жағынан шағын, жай сөйлемдермен жазылған   

мәтіндерді түсінемін. Жарнама, мәзір, кесте сияқты күнделікті 

кездесетін сөз және сөйлемдерден қажетті ақпараттарды  таба 

аламын. Жеке тұлғаға қатысты  хаттардың мағынасын 

түсінемін.  

Сөйлесу  

Диалог 

Өзіме таныс және қызметіме байланысты  тақырыптар 

бойынша ақпаратпен алмаса аламын. Тұрмыстық 

тақырыптарға қатысты шағын сөйлемдер арқылы диалогке 

түсе аламын, бірақ көмексіз, өз бетімен әңгімелесе алмаймын

өйткені барлық сөздерді  түсіне бермеймін. 

Монолог 

 

Жай тіркестер мен сөйлемдер арқылы өзімінің отбасым және  



басқа адамдар туралы, өмірім жайлы, оқуым, бұрынғы не 

қазіргі жұмысым туралы әңгімелерге қатыса аламын.  

Жазу  

Жазылым 


Шағын хаттар мен хабарламаларды жаза аламын. Өзіме 

қатысы бар (біреуге алғыс білдіру сияқты) шағын хаттар  жаза 

аламын. 

 




  

5-

кесте - B1 (Қалыптасқан  игерім



 

  

6-



кесте - B2 (Тереңдетіле қалыптасқан игерім

 

 



Түсіну   Тыңдалым   Тақырыбы  өте таныс, күрделі аргументациямен оқылған көлемді 

баяндамалар мен лекцияларды түсінемін. Болған оқиғаларға 

байланысты көрсетілген барлық жаңалықтар мен  репортаждарды 

түсінемін. Кейіпкерлері тек әдеби тілде сөйлеген көптеген 

фильмдердің не туралы екенін түсінемін.   

Оқылым   Мен қазіргі проблемаларға байланысты жазылған, авторлары 

атақты немесе ерекше ойды білдіретін мақалалар мен мәліметтерді, 

қазіргі қарасөзбен жазылған шығармаларды түсінемін.  

Сөйлеу   Диалог 

Дайындықсыз,  сол тілде сөйлейтін адамдармен емін-еркін сөйлесе 

аламын. Өзіме таныс мәселе бойынша өткізілетін пікірталастарға 

қатысып, өз ойымды білдіре  аламын.  

Монолог 

Мені қызықтыратын көптеген мәселелер бойынша  өз ойымды 

түсінікті және нақты жеткізе аламын. Өзекті  

6- 


кестенің  жалғасы 

мәселелер  бойынша  «дұрыс» және бұрыстығын» анықтай  

отырып,  өз ойымды білдіре  аламын.  

Жазу  


Жазылым  Мені қызықтыратын көптеген мәселелер бойынша түсінікті  толық 

мәлімдемелер жаза аламын.  Кез келген мәселелерді нақтылай 

немесе «дұрыс» және «бұрыстығын» көрсете отырып, эссе немесе 

баяндамалар  жаза аламын.  Хат жаза отырып, өзіме өте маңызды 

оқиғалар мен алған әсерлерімді ерекше көрсете аламын. 

Түсіну 


Тыңдалым  Жұмыста, мектепте, демалыс орындарында, т.б жерлерде  

күнделікті  естіп жүрген таныс, әдеби тілде айтылған сөздерді 

түсінемін. Радио, телебағдарламаларда көрсетілген оқиғалардың 

не туралы   және менің жеке немесе кәсіби қызығушылығыма 

байланысты айтылған әңгімелерді түсінемін.  Бірақ ол үшін 

сөйлеушінің тілі нақты және баяу болуы қажет.

 

Оқылым 


Күнделікті және кәсіби қатынастарда жиі қолданылатын тілдік 

материалындағы мәтіндерді түсінемін. Жеке бір тұлғаға  арналып 

жазылған  оқиға туралы, сезім, ниет білдірілген хаттарды 

түсінемін.   

Сөйлесу  Диалог 

Мен  күнделікті естіп жүрген  және мені қызықтыратын (мысалы, 

«

отбасы», «хобби», «жұмысым», «саяхат», т.б.)  тақырыптар 



бойынша  алдын ала дайындалмай, емін-еркін сөйлесе аламын.   

Монолог 


Бір нәрседен алған әсерім, басымнан өткен оқиғалар, арманым, 

тілегім  туралы жай сөйлемдер арқылы шағын мәтіндер 

құрастыра аламын. Өзімнің көзқарасымды және тілегімді  шағын 

түрде негіздей аламын. Болған оқиға туралы немесе кітап, көркем 

фильмнің желісі туралы  оған өз ойымды қосып  айта аламын.  

Жазу 


Жазылым  Мен өзіме таныс немесе өзімді қызықтыратын тақырыптар 

бойынша жай сөйлемдер арқылы мәтіндер құрастыра  аламын. 

Өзіме қатысты, тебірену, әсер алу сияқты сезімдерді білдіретін 

хат жаза аламын.  

 



  

7-

кесте - С1 (Кәсіби деңгейде білу) 



  

 

8-



кесте - С2 (Жетік білу деңгейі) 

    


Түсіну  

Тыңдалым  Өзіме қатысы бар немесе басқа біреулердің кез келген әңгімелерін 

өте жақсы түсінемін. Тіл иеленуші адамның жылдам айтқан сөзін, 

оның сөйлеген сөзіндегі жеке ерекшеліктеріне дағдыланған 

жағдайда, ол адамды жақсы түсінемін.   

Оқылым 


Кез келген мәтіндерді, сондай-ақ   абстракт түрінде жазылған, 

композиция не тілдік жағынан күрделенген (нұсқаулар, арнайы 

мақалалар көркем әдебиеттер)  мәтіндерді  емін- еркін түсінемін.   

Сөйлесу   Диалог 

Кез келген әңгімеге   не  пікірталасқа емін-еркін қатыса аламын, 

түрлі сөз тіркестерін қолдана аламын. Өз ойымды тез жеткіземін 

және кез келген сөздің мағынасын түсіндіре аламын. Егер тілдік 

құралды қолдануда қиындықтар кездесетін болса, ешкімге  

білдірмей өз ойымды басқа сөздермен жетікзе аламын.   

Монолог 


Кез келген  жағдаятқа байланысты қажетті тілдік құралдарды 

қолдана отырып, өз ойымды емін-еркін тез және дәлелді етіп  

жеткізе аламын. Өзімнің мәлімдемемді тыңдаушы назарын аудара 

отырып, маңызды мәліметтер жазып немесе есте сақтауға 

мүмкіндік жасайтындай етіп дайындай аламын.   

Жазу   

Жазылым  Қажетті тілдік құралдарды қолдану  арқылы  көңілге қонымды етіп 

және ретімен жазбаша түрде өз ойымды  жеткізе аламын. Мен 

күрделі хаттар, есептер, баяндамалар немесе мақалалар, сондай-ақ 

резюме және кәсіби жұмыстар мен көркем әдеби  шығармаларға 

пікір жаза аламын.   

   


Түсіну 

Тыңдалым  Логикалық құрылымы мен мағыналық байланысы нақты  

көрсетілмеген ашық түрде жазылған мәліметтерді  тыңдап, 

мағынасын түсінемін. Теледидардан көрсетілетін барлық 

бағдарламалар мен фильмдерді емін-еркін көре отырып, фильмнің  

немесе  бағдарламаның   не туралы екенін айтып бере аламын.   

Оқылым   Көркем әдеби шығармалардың мағынасын түсінемін және олардың 

стилистикалық ерекшеліктерін  ажырата аламын.  Менің 

жұмысыма  ешбір қатысы жоқ   көлемді, арнайы мақалалар мен 

техникалық нұсқаулықтарды оқығанда мағынасын түсінемін.  

Сөйлеу  Диалог 

Мен дайындықсыз және қажетті сөздерді іздеп отырмай,  жылдам 

өз ойымды білдіре аламын.  Өз ойымды жеткізе аламын және кез 

келген әңгімеге кірісіп кете аламын.  

Монолог 

Күрделі тақырыптарды түсінікті жеткізіп, құрамдық  бөліктерін бір 

тұтас етіп, қажетті бөлімдерін жалғастыра отырып, қорытынды 

жасай аламын. 

Жазу 

Жазылым  Мен өз ойымды жазбаша түрде білдіре отырып, көзқарасымды 



толық жеткізе аламын.  Хаттарда, шығармалар мен баяндамаларда  

күрделі мәселелерді, маңызды деп есептейтін  мәселелерді жіктеп 

толық түсіндіре аламын.  Мен қажетті   тілдік стильді қолдана 

аламын. 


10 

 



  

Кестеде  көрсетілгендей,  бұл  жүйе  бойынша  үйренуші  құрылымы  мен  

мазмұны  жағынан    түрлі  мәтіндерді  оқып  түсінеді,  әртүрлі  сөйлеу 

жағдаяттарында  еркін  сұхбаттасып,  теле,  радио  арқылы  берілген  хабарларды 

еркін  қабылдап,  өз  ойын  жазбаша  эссе,  түйін,  сын,  пікір  түрінде  бере  алады, 

тілдің  әртүрлі  стилінде  сөз  саптай  алады.  Оқытудың  түпкі  нәтижесінде 

үйренуші «тіл иесі» деңгейіне дейін көтеріледі.  

Әрбір  деңгейде  тіл  үйренуші:  тыңдалым,  оқылым,  айтылым,  сөйлесім, 

жазылым  сияқты  сөйлеу  әрекетінен  өтеді.  Бұл  сөйлеу  әрекеттеріне 

төмендегідей анықтама беруге болады: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет