Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата31.05.2022
өлшемі384,06 Kb.
#36017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
 
3
. Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске 
асыру тетіктері 
 
1. Әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті және кіріктіріп оқытудың 
әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздерін әзірлеуді, ерекше оқытуды қажет 
ететін тұлғаларды жалпы білім беру процесіне қосу аясында оларды 
әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық қолдауды 
ұйымдастыруды; 

ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға оқу жоспарларын, оқу 
бағдарламаларын бейімдеуді (білім алушылардың дайындық деңгейіне 
қойылатын талаптарды, базалық пәндер бойынша оқытудың пәндік нәтижелері 
мен дағдыларын, оқу процесін ұйымдастыру шарттарына қойылатын 
талаптарды); 

ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оқыту нәтижелерін 
мониторингілеу және бағалау жүйесін әзірлеуді, инклюзивті білім беру 
шарттарына баланың оқу жетістігін критериалды бағалауды бейімдеуді;

үйден оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеуді;

ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқыту шарттарына типтік оқу 
жоспарлары мен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын 
бейімдеуді көздейді. 
2. Кадрлық қамтамасыз ету: 

инклюзивті тәжірибені іске асырушы ұйымдардағы қызмет шарттарына 
педагогтардың дайындығын қамтамасыз ету; 

педагогикалық мамандықтары бар жоғары, техникалық және кәсіптік 
білім беретін оқу жоспарына «Инклюзивті білім беру» және «Арнайы 
педагогика негіздері» пәндерін қосуды; 

инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарға арналған педагог 
кадрлардың, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың ерте жастағы балалары 
үшін дефектолог-мұғалімдер мен педагогтардың біліктілігін арттыру және 
қайта даярлау бағдарламасын жетілдіруді;

ЖОО-да мүгедектерге білім беру процесін психологиялық-педагогикалық 
қолдау мақсатында штаттық қызметкерлерді: тьюторды, арнайы психологты
сурдоаудармашыны қосатын арнайы құрылымдық бөлім құруды көздейді. 
3. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету: 

инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін 
метептердегі материалдық-техникалық базаны арнайы оқу-әдістемелік, 
техникалық көмекші компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету және 
қолжетімді «кедергісіз орта» құру есебінен нығайту механизмдерін игеруді;

білім беру ұйымдарын және жоғары оқу орындарын білім беру 


10
бағдарламаларын меңгеру тиімділігін көтеретін көмекші техникалық 
құралдармен (тифло-, сурдо-және т.б. техникалар) қамтамасыз етуге және 
мүгедектерге арналған оқу кабинеттері мен аудиториялардағы арнайы 
орындардың болуына қойылатын талаптарды әзірлеуді көздейді. 
4. Инклюзивті білім беруді дамытуды ақпараттық қамтамасыз ету:
қоғамды, үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы ерекше қажеттіліктері 
бар тұлғаларға қоғамның толеранттық қарым-қатынасын қалыптастыруды
сондай-ақ балалар құқығын қорғауға бағытталған бағдарламаларды жергілікті 
атқарушы органдармен әзірлеуді көздейді ; 

әр білім алушының компенсаторлық техникалық және көмекші 
құралдарға ерекше білім алу, әлеуметтік, оңалту мұқтаждықтары, 
қажеттіліктері мен барлық білім беру деңгейлерінде көрсетілетін түзету-
педагогикалық қолдау түрлері мен көлемі туралы мәліметтері көрсетілуі тиіс 
мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық қолдау жүйесін ақпараттандырудың техникалық-экономикалық 
негізін әзірлеуді көздейді;
5. Жүзеге асырудың негізгі шарттары:

нормативтік-құқықтық негіздерді жетілдіру;

ғылыми, оқу-әдістемелік, кадрлық, қаржылық-экономикалық және басқа 
да ресурстардың шоғырлануы;

әлеуметтік-педагогикалық шарттарды құру;

ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге және кәсіби 
бағдарлау мен өзін-өзі дамытуға жағдай жасау;

балалардың жеке мүмкіндіктері мен білім алу қажеттіліктерін ескере 
отырып, ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалануды 
қамтамасыз ететін интерактивті оқыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет