Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата31.05.2022
өлшемі384,06 Kb.
#36017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
концептуальные-подходы-к-инклюзивному-образованию

Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың 
тұжырымдамалық тәсілдері 
 
Кіріспе 
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халқына Жолдауында білім 
беруді дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып 
танылады.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына 
баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік 
дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, 
халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады («Білім туралы» ҚР 
Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары).
Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін 
қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі 
болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдени-
этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру 
ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық 
кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік 
бейімделуін, социумге кірігуін көздейді.
Өткен жүзжылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамыту 
әлемнің көптеген: АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, 
Италия, Австралия және т.б. елдерінде білім беру саясатының жетекші 
бағдарына айналды. Осы елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі 
үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру 
ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта 
қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім 
алуда. 
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері адам 
құқығы саласындағы негіз болатын халықаралық құжаттарға сәйкес әзірленген 
және әлемдік үрдістерді, білім беру саласындағы әлемдік практиканың 
жетістіктерін және қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басым 
міндеттерін ескеріп әзірленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет