Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата31.05.2022
өлшемі384,06 Kb.
#36017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
 
 


5
1
. Ағымдағы жағдайды талдау 
 
1. Инклюзивті білім беруді енгізу
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру басымдық танытуда Қазақстанда басқа 
санаттағы оқушылармен бірге білім алуды және тең қолжетімділікті көздейтін 
мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты. 
2015 
жылы туылғаннан 18 жасқа дейінгі 141 952 мүмкіндіктері шектеулі 
балалар немесе жалпы бала санының 2,8%-ы анықталды. Оның ішінде мектеп 
жасында - 94 266 бала. Анықталған мүмкіндіктері шектеулі балалар 7-12% 
әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда 2,8%-ды құрайды.
Қазіргі уақытта 27% мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті оқыту 
үшін 30,5% мектепте жағдай жасалған.
Жоғары оқу орындарындағы мүмкіндіктері шектеулі студенттер саны 570-
ті құрайды. Оның ішінде 1-топ мүгедектігімен - 16 адам, 2-топта – 88 адам, 3-
топта 466 адам бар.
Жоғары білім алуға мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету бойынша ҚР 
Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №26 қаулысына сәйкес жоғары оқу 
орнына қабылдау квотасы бекітілген (2012 жылдан бастап мүгедектерге 
арналған квота көлемі 1%, бұрын – 0,5%)
Қазіргі кезде Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін құрудың белгілі 
бір модельдері мен жинақталған тәжірибесі бар.
2. Талаптар мен артықшылықтар
Әлемдік тәжірибеде инклюзивті білім беру ерекше оқытуды қажет ететін 
адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жеке тәсіл арқылы іске асырылуда.
Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға мыналар жатады: 

мүмкіндіктері шектеулі балалар; 

мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар 
отбасыларынан шыққан балалар; 

қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім 
балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік-
экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан 
шыққан балалар). 
Бірқатар елдерде енгізілген инклюзивті білім, ең алдымен Финляндияда 
келесідей қағидаттарға негізделеді: адам құндылығы оның қабілеттері мен 
жетістіктеріне байланысты емес, әр адам сезінуге және ойлауға қабілетті, әр 
адам қатынасуға және танымды болуға құқылы, барлық адамдар бір-біріне 
мұқтаж, нағыз білім шынайы өзара қатынас мәнмәтінінде іске асырылуы 
мүмкін, барлығы қолдау мен достыққа мұқтаж. 
Жүргізілген талдау инклюзивті білім берудің қазақстандық моделі әлемдік 
тәжірибеге және осы саладағы ережелерге толық дәрежеде сәйкес емес екенін 
көрсетті. Инклюзивті білім беруді мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту 
нысанында қабылдау барлық санаттағы ерекше оқытуды қажет ететін балаларға 
жалпы білім беру бағдарламасының қол жетімділігін қамтамасыз ететін білім 
беру ұйымдарының мүмкіндіктерін шектейді.


6
Қазақстандық білім беру жүйесінде: 

әрбір білім алушының тұлғалық даму траекториясына, даралап оқыту 
әдістеріне негізделген дербес оқытуды, оны психологиялық-педагогикалық 
қолдауды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ететін инклюзивті білім 
берудің моделі жасалмаған; 

білім берудің икемді, бейімделген оқу бағдарламалары әзірленбеген; 

жалпы білім беретін ұйымдарда инклюзивті білім беру үшін кадрлар мен 
оқу-әдістемелік база жеткіліксіз; 

оқыту сапасын мониторингілеу мен бағалау іске асырылмайды, 
балалардың білімдері мен дағдыларын критериалды бағалау индикаторлары 
жоқ; 

ерте кәсіптік бағдарлау, ерекше оқытуды қажет ететін балаларды 
кәсіпалды және кәсіби даярлау шарттары жеткіліксіз құрылған; 

мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру 
бағдарламаларының бірізділігі мен сабақтастығында, мүмкіндіктері шектеулі 
балаларды жұмысқа орналастыруда жүйелі ықпалдастық жоқ; 

балалардың психикалық және дене даму ауытқуларын ерте айқындау 
және оларды түзету аса өзекті проблема болып қалуда; 

балалардағы моральдық-психологиялық және әлеуметтік тұрғыда 
туындайтын проблемаларды жою бойынша алдын алу шаралары жеткіліксіз 
қолданылады;

инклюзивті білім беруді ақпараттық-кеңес беру тұрғысында қолдау әлсіз 
ұйымдастырылған. 
Осының бәрі төмендегідей проблемаларға әкеліп соғады: 

көптеген балалардың білім алу қажеттіліктері жеткіліксіз қамтамасыз 
етілген, нәтижесінде олардың әлеуетті мүмкіндіктері толық жүзеге 
асырылмаған;

халықаралық TIMSS, PISA, PIRS зерттеулеріндегі қазақстандық 
оқушылардың көрсеткіштері қанағаттанарлықсыз деңгейде;

әлеуметтік бейімдеудің жеткіліксіздігі салдарынан девиантты мінез-
құлықты балалардың саны көбеюде, балалар арасындағы қылмыс, суицид 
құбылыстары азаймай отыр; 

түлектердің функционалдық сауаттылығы төмен қалыптасқан, жұмысқа 
орналаса алмайды, қатер тобына түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет