дәлелденген) жалғаудың жұмсалуы бір кезде 3-жақта жіктік
жалғау болғанын, ол кейін түсіп қалғанын көрсетеді.
Демек, жалғамалы (агглютинативті) тілдердегі нольдік
түлға сөйлеу процесінде сөздің формалық көрсеткіші түсіп
қалып, ол түлға білдіретін грамматикалық мағына сақталып
қалуынан туған немесе сөздердің грамматикалық байланысы-
нан қалыптасқан. Сөйлеу процесінде сөз алгашқы формалық
көрсеткішіне лаиық қызметте жүмсалғанда, грамматикалық
мағына формасыз түрған яғни түбір күйінде қолданылған
сөз (бүйрық райдың 2-жағы) не басқа мағыналы сөз формасы
(3-жақ жіктік жалғау формасы) арқылы беріледі.
Кейбір грамматикалық түлғалар бірде нольдік форма ретінде
ешбір морфология лық көрсеткішсіз, бірде нольдік форма бол май,
арнайы морфологиялық көрсеткіштері сөзге қосылып, жарыса
қолданыла береді. Оған ілік, барыс, табыс, шығыс септіктері
мен тәуелдік жалғауын жатқызуға болады. Әрине, бүлардың
нольдік түлғада қолданылу мүмкіндігі мен шеңбері бірдей,
біркелкі емес. Барыс, шығыс септіктерінің нольдік түлғалары
өте сирек кездеседі:
қала (га) барды, ол
бел(ден) асты. Кейбір
түрақты тіркес қүрамында бүл септіктердің нольдік түлғалары
кездеседі, бірақ онда грамматикалық мағына сақтала да бер-
меген, сондықтан әуелгі түлғасын салыстырмалы-тарихи
фактілер негізінде ғана айқындауға болады:
бой(ға) жету, ер(ге)
Достарыңызбен бөлісу: