1-2-жақтардағы секілді міндетті түрде адамға байланысты сөз
болмай, кез келген заттың (адамға байланысты болуы тіпті де
міндетті емес) ұғымды немесе соның (заттық ұғымның) сандық,
сан -
мөлшерлік, т. б. сипатын білдіретін сөз болып, оның иесі
субъекті де, яғни ол, 1-2-жақтардағыдай (яғни мен, біз, сен, сіз,
сендер, сіздер, тек адамға байланысты, өйткені сөйлеу, ой жеткізу,
пікір айту және соларды тындау, тындату,
соған қаратылу тек
қана адамға қатысты, адамға байланысты сипат) тек адамға
қатысты ғана емес, кез келген зат атауы, бөгде зат ұғымы болып
та келеді. Сондықтан да субъектілік — предикаттық қатынаста
3-жақта жіктелу арқылы қолданылған
сөз байланыстарының
табиғаты ерекше. Өйткені ондай қолданыстағы, яғни баягн-
дауыш
қызметін атқарып, 3-жақ жіктік жалғаудың нольдік
формасында тұрған сөз әр уақытта 1-2-жақтарда яғни жіктік
жалғаудың 1-2-жақ грамматикалық
көрсеткіштерін жалғап
жұмсалмайды. Жіктік жалғау белгілі қызметтегі (баяндауыш
қызметіндегі) сөздердің парадигмалық түрлену жүйесі болса
да, адамнан басқа заттарға байланысты жоғарыда көрсетілген
қолданыстардан басқа жағдайларда
олардың семантикалық
(мағыналық) сәйкестігіне қарай 1-2-жақтарда жіктелмейді.
Бірнеше мысал: Екеуінің де көңіл түбіндегі бір жүбаныш -
Кәлен. Және Қоңырат, Үшсай, Үйреніш - Кәленнің мүнан бұрын
да талай болған, жалғыз жортқан
Достарыңызбен бөлісу: