И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет76/99
Дата22.11.2022
өлшемі10,59 Mb.
#51665
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   99
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

жырымын 
ғой
(С. Торайгыров).
Жапанда бір 
гүл едім 
жеке біткен,
Қызықты дүниеден өмір күткен
(С. Торайгыров).
Жылансың 
екі басты ел жалмаған,
Қоймаймын не қылсаң да, айтар сөзін
(ЖаяуМуса).
Хан емессің, 
қасқырсың, 
Қас албасты басқырсың...
Хан емессің, 
ылаңсың, 
Қара шүбар 
жылансың 
Хан емессің, 
аярсың, 
Айыр қүйрық 
шаянсың!
Мен келелі қара 
бүлтпын,
Келе жаумай ашылман.
Қарсыласқан дүшпанға 
Найзағай 
мен 
жасылмын
(Махамбет).
Нүрысың 
сен дүниенің алып түрған 
Күйігің сенің мені зарықтырған
(«Дарига» хальщ әні).
Сен жаралы 
жолбарыс ең. 
Мен 
киіктің лағы ем 
(Абай). 
Кейде 1, 2-жақ жіктік жалғаулары тіпті түсіп қалып та
қолданылады:
Мен 
көмір 
де, сен 
темір, 
Еріткелі келгемін...
Сен 
қабылан 
да, мен 
арыстан, 
Алысқалы келгемін
(Қазбек шешен).
127


Ардақжан, сен ақ сұңқар бақшадағы, Біреудің мәпелеген ақ
тамағы (Әсет ақын).
бетіңде
(«Шилі
Бейіштің гүл жамылған сарайында Сайраған тоты қүстай
сен бір бүлбүл («Қара торғай» әні).
Сіз асыл тас, қалқатай, сағаттағы, Көңілімді сүйген жар 
табаттағы («Ахау керім» әні). Ой, Ардақ, сен ақ қоян секеңдеген
(«Ардақ»), т. б.
Соңғы мысалдарда өлең сөздің ерекшелігіне байланысты, 
әр жолда буын санының сәйкестігіне, үйқасқа қарай және 
стильдік, экспрессиялық мақсатқа сәйкес 2-жақтың жіктік 
жалғаулары қолданылмаған, түсіп қалған, бірақ оның қай 
жақта түрғандығы тексте қолданылған қимыл, іс-әрекеттің, 
заттық иесі субъектіні білдіріп түрған 1-2-жақтағы жіктеу 
есімдіктерінен анық байқалады: мен көмір - мен көмір-мін, сен 
темір - сен темір-сің, сен қабылан - сен қабылан-сың, мен ары- 
стан - мен арыстан-мын, сен ақ сүңқар, және біреудің ақ тамағы 
-сен ақ сүңқар-сың және біреудің ақ тамағы-сың, мен қоңыр 
қаз - мен қоңыр қаз-бын, сен бір бүлбүл - сен бір бүлбұл-сың, 
сіз асыл тас - сіз асыл тас-сыз, сен ақ қоян - сен ақ қоян-сың. 
Ал зат есімнің көмекші етістікпен (көбіне е көмекші етістігі) 
тіркесіп жүмсалуы бүл сияқты қолданысқа шақтық мән (әсіресе 
өткен шақ) береді, жіктік жалғау әдеттегідей көмекші етістікке 
жалғанады: (мен) гүл едім, сен жолбарыс ең (едің), мен киіктің
лагы ем (едім), т. б.
Бүл сияқты өлең сөзде, әсіресе ауыз әдебиеті дәстүріндегі
поэзияда, ақындар айтысында айтушы (автор я кейіпкер) езін
және тыңдаушысын (қарсыласын) белгілі бір қасиеті я сапасы
жағынан сай келетін я айтушы түрғысынан сай болып санала-
тын жанды я жансыз (адамнан басқа) заттарға балау, сөйтіп, бір
жағынан, оны субъектінің предикаты ету, екінші жағынан, сол
арқылы әсем де әсерлі, образды ой, экспрессиялық мән білдіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет