И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010


I бөлім СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет3/99
Дата22.11.2022
өлшемі10,59 Mb.
#51665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

I бөлім
СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тіл - қоғамдағы адамдар арасындағы аса маңызды 
қатынас құралы болғандықтан да, ол, бір жағынан, ойлау- 
мен, екінші жағынан, сол арқылы санамен, үшінші жағынан, 
қоғамдық өмірде белгілі-белгілі қызметтер (коммуникативтік, 
эстетикалық-экспрессивтік, т.б.) атқаруымен және дыбыстық 
материалға негізделуі, оньщ белгілі мәнге ие бола алуымен 
байланысты болып келеді. Тіл, ең алдымен, ойды жарыққа 
шығарып, жетілдірудің қүралы болу арқылы ойлаумен тікелей 
байланысты. Сондықтан тілдің негізгі-негізгі деген единица- 
лары ойлаудың басты категорияларымен сәйкес келіп жатады. 
Мысалы, сөз үғымды білдіріп, соның тілдік көрсеткіші болса, 
ойды білдірудің бірден-бір тілдік көрінісі сөйлем болып табы- 
лады. Міне, осы қасиеттері арқылы тіл айналадағы объективтік 
әлем, шындық туралы адамның санасын үйымдастырып 
қалыптастырады, олардың арасындағы әр түрлі байланы- 
стар мен қатынастарды, олардың сан салалы бөлшектері мен 
түтастықтарын, ондағы жүйелер мен заңдылықтарды адам сана- 
сына үялатып, есте сақтауға негіз болады. Осы жағынан келген- 
де де тіл бірдеңені үйренудің, білудің, шындықты бейнелеудің, 
тіпті абстракты түрде ойлаудың қүралы да болып табылады. 
К. Маркстің «Тіл де сана сияқты өте көне қүбылыс», - деуі осы- 
дан болса керек. Міне, осы қасиеттердің барлығы тілдің 
қоғамдық қызметтері - коммуникативтік, эстетикалық- 
экспрессивтік қызметтері арқылы жүзеге асады.
Сүрақ. Сөздің тілге және ойға, ойлауға қатысы қандай?
Жауап. Ойды білдірудің ең кіші тілдік единицасы - сөйлем. 
Сөйлемнен кіші тілдік единицалар (сөз тіркесі, сөз, т. б.) ойды 
білдіре алмайды. Сонда ойлаудың бір бүтағы ой білдіру, тілде
7


сөйлем арқылы көрініп іске асады. Ал сөйлем сөздерден, сөздер 
жиынтығынан белгілі.
Сұрақ. Сөйлем тек сөздерден ғана емес, сөз тіркестерінен, 
морфемалардан да тұрады ғой?
Жауап. Бұл жерде сөйлем мен сөздің тікелей қатынасы ойды 
білдірудің ең кіші тілдік единицасының (сөйлемнің) ең кіші 
мағыналы (мәнді) тілдік бөлшектерден тұратынымен байла- 
нысты. Ондай ең кіші мағыналы тілдік бөлшек - сөз болып 
табылады. Дыбыстарды былай қойғанда морфемалардың өзі 
жеке түрып мағына білдіре бермейді, ал сөз тіркесі — сөзден 
әлдеқайда үлкен единица. Бүл — бір. Екіншіден, осы қасиеті 
арқасында сөз тіл білімінің барлық саласына да (фонетика, лек- 
сика, сөзжасам, морфология, синтаксис) қатысты болып келеді: 
бірде тіл білімі саласының, енді бірде келесі бір саланың тікелей 
объектісі айқьгадалатын жүйелік фоны, контексі болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет