проблемасы, сөз мағынасының өзгеруі арқылы да жаңа сөздщ
пайда болуы, сөйтіп, тілдің сөздік қүрамын байыту процесі де
сөзге тікелей қатысты қасиеттер болып табылады.
Ал, грамматика (гректің §гаттайке - оқи алу, әріп жаза білу
деген сөзінен қалыптасқан) болса, ол сөздердің түрлену жүйесі
мен грамматикалық мағыналарын, олардың арасындагы бай-
ланыс
пен қарым-қатынастарды, сәйтіп, сөздердің түлғалану
ерекшеліктерін, сөздердің бір-бірімен тіркеске түсіп, сөйлем
қүрау сияқты қасиеттерін қарастырады. Грамматиканың бір
саласы
морфологияныц (гректің тогрһе - форма, түлға және
1о§оз - сез, ілім деген создерінен қүралған) да зерттейтін басты
объектісі - сөз. Әрине, морфологня лексикология сияқты жеке
создердің нақты мағыналарын, олардың қайдан шыгып, қалай
қалыптасқанын, функциональдық-стильдік сипаттарын емес,
создердің жалпы қасиеттерін, ортақ қасиеттері арқылы сөздер-
дің белгілі топ қүрай алуы мен түрлену, түлғалану жүйесін,
соның нәтижесінде пайда болатын жалпы мән-мағыналарды
топтап, категориялық ерекшеліктерін зерттеп сипаттайды.
Сойтіп, морфология создердің грамматикалық сипаттарын зерт-
теп айқындайды. (СРЯ, 87, 135). Морфология сияқты синтаксис
(гректің зупіахіз - қүрылыс, тізбек, тіркес, тәртіп деген созінен
қалыптасқан) те грамматиканың бір саласы.
Егер морфология
создің жалпы сипатын, атап айтқанда, создің грамматикалық
мағыналарын, олардың берілу жолдарын, түрлену жүйесі мен
парадигмалық (гректің рагайеі§та - үлгі, мысал, рет созінен
алынған, яғни белгілі бір тәртіппен түрлену, озгеру қатарының
түрақты жиынтығы, үлгісі, мысалы, септелу, тәуелдену, жіктелу
үлгілері, т. б.) қасиетін, соз формаларының ерекшеліктерін,
соның нәтижесінде пайда болатын грамматикалық мағыналар
жүйесін
жеке-жеке емес, жалпы түрде қарау арқылы, ортақ
белгілері негізінде, яғни создердің грамматикалық сипаттары
негізінде грамматикалық топтарға, олардың категорияларға
жіктелуін қарастырса синтаксис сол түрлену түлғаларының
9
басқа сөздермен синтаксистік қатьшасқа түсу ерекшеліктерін,
сөйлемде сөздердің сол түлғаларында
атқаратын қызметтерін,
сөйтін, сөйлем қүрау, олардың қүрамдық, қүрылыстық түрлері
мен типтерінің ерекшеліктерін қарастырады. Сөйтіп, мор-
фология мен синтаксистің ортақ жерлері көп-ақ. Мысалы,
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін... (Абай) деген сөйлемді
талдап көрейік. Мен - 1-жақ жекеше жіктеу есімдігі, атау
түлғада түр, жазбаймын — сабақты етістік, болымсыз түлғада
(-ба), -й - көсемше түлғасы арқылы ауыспалы осы - келер шақты
білдіріп түр, -мын - 1-жақ жекеше жіктік жалғау, өлеңді - жалпы
зат есімді табыс септік арқылы тура объекті мағынасын білдіріп
түр, ермек - жалпы зат есім, түбір түлға, үшін - септеулік шы-
лау. Бүл — морфологиялық талдау. Синтаксистік жағынан: мен —
бастауыш, атау септікте, жазбаймын —
баяндауыш, жіктік
жалғау арқылы бастауышпен 1-жақта жекеше қиыса байланы-
сып түр, өлеңді (нені жазбаймын?) тура объектіні (табыс септік)
білдіретіндіктен тура тольщтауыш болады, өлеңді жазбаймын -
табыс септік жалғауы арқылы байланысқан етістікті меңгеру
(сөз тіркесі), ермек сөзі үшін шылауымен тіркесіп келіп мақсат
пысықтауыш (не үшін, не мақсатпен жазбаймын?) қызметін
атқарып түр, сол үшін шылауы арқылы ермек сөзі жазбаймын
дегенге меңгеріле байланысып, етістікті сөз тіркесін қүрап
түр. Жалпы бүл — жай, жайылма, жақты, толымды, хабарлы
сөйлем:
Міне, осы талдаудан грамматиканың екі саласы морфология
мен
синтаксистің ортақ, жақын қасиеттері мен бір-бірінен ай-
ырма ерекшеліктері анық көрінеді.
Фонетиканың негізгі зерттеу объектісі дыбыстар, олардың
жүйелілігі мен қолданылу ерекшеліктері, заңдылықтары
болса, дыбыстардың қыр-сыры, жасалу, артикуляңиялық
ерекшеліктері мен қолданылу заңдылықтары сөзге тікелей бай-
ланысты, сөз арқылы, сөздер қүрамында ғана олар толық көріне
алады.
Жеке дыбысты айтқаннан, оның барлық сипаты толық
10
айқындала бермейді. Сөздің бар сипаты оның қолданысында,
ш
сөйлем ішінде айкындалатыны сияқты дыбыстардың да бар
қасиеті сөз құрамында қолданылуы арқылы айқындалады.
Сондықтан да сөз фонетикаға да қатысты. Міне, осы қасиеттері
негізінде сөзді өте күрделі тілдік единица деп түсінеміз. Сөз -
сөйлемнен кейінгі ерекше тілдік единица, өйткені ол - тілдің
мәнді, мағыналы бөлшегі.' ‘
іГ
'
ғ
‘
Демек, сөз әр қырынан тіл оілімінің әр саласына тікелеи я
жанама
қатысты оолып, тш оілімінің непзп ооъектісі оолып
саналады.
Достарыңызбен бөлісу: