И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010


барғаннан  соң, жол түзелді. Шығыс септікті сөзге  соң, кейін, бері



Pdf көрінісі
бет66/99
Дата22.11.2022
өлшемі10,59 Mb.
#51665
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   99
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

барғаннан 
соң, жол түзелді. Шығыс септікті сөзге 
соң, кейін, бері 
сияқгы септеуліктер тіркеседі. Шығыс септікті 
кейбір сөздер адвербиалданып, үстеуге айналып кеткен: алдан, 
аяқ астынан, баяғыдан, келтесінен, кенеттен. Шығыс септік 
жалғауы өте сирек жағдайда түсіп қолданылады: 
Тескен 
тау
(-дан) өт, бел(-ден) ас-ты, 
т. 
б.
Көмектес септігі 
- қазақ тіліндегі септік жүйесінің өзіндік 
бір ерекшелігі, ойткені басқа түркі тілдерінде бүл септік 
түрі жоқ. Жоғарыда көрсетілгендей, көмектес септігінің 
қосымшасы да түлғалық жағынан ерекше: буьга үндестігі 
заңына бағынбайды, тарихи жағынан бірлән-білән-мынан- 
менен септеулік шылауынан қалыптасқан. Негізгі мағынасы -
істің, қимылдың немен, қандай қүралмен (қүралдық) істелгенін 
(балтамен шабу, таяқпен түсіру), қимылға ортақтық, қатысқан 
затты (жолдасымен хат жазысып түрады), қимылдың амалын, 
қалай істелуін (бар зейінімен тыңдау, еңбегімен күн көру), іс- 
әрекеттің, қимылдың мақсатын (бір оймен келді), қимылдың 
мекенін, мезгілін (жолмен жүрді, күнімен отырды), қимылдың 
себебін (сөйлеумен естімей қалды), т. б. білдіру. Сондай-ақ 
қарсылықты мағынаны білдіріп, бағыныңқы сөйлемнің баян- 
дауышы да болады: 
мен бар-ған-мен, 
ол келмейді. Көмектес 
септік жалғауын оған үқсас, омонимдес жалғаулық шылаудан 
(мен, бен, пен) ажырата білу керек: байланысты сөздер мен, бен, 
пен 
түлғасынсыз айтылмаса, ол — көмектес септік жалғауы, он- 
сыз айтыла алса немесе 
мен, бен, пен 
дегеннің орнына 
және,
107


да, де, та, те дегеннің бірімен алмастыруға болса, онда ол -
жалғаулық шылау: Қасым мен бірге келдік (бұл жерде мен 
дегенді алып тастауға я өзгертуге болмайды) және Қасым мен 
баласы келді дегенді Қасым және баласы (немесе Қасым да, 
баласы да) келді деп өзгертіп айтуға болады.
Көмектес септік жалгауы есімдіктерге тікелей жалғанбай, 
о баста ілік септік түлгасының үстіне жалғанған болу керек, 
қазіргі кезде соның қалдығы сақталған: менімен - меніңмен -
мениң билән, бүнымен - бүныңмен - буның билән, т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет