И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010


Білімдіден  шыққан сөз  талаптыға



Pdf көрінісі
бет63/99
Дата22.11.2022
өлшемі10,59 Mb.
#51665
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   99
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

Білімдіден 
шыққан сөз 
талаптыға 
болсын кез (Абай). 
Көргеннің 
көзі жаман, 
айтқанның 
сөзі жаман (Мақал). Бүл 
сөйлемдердегі 
білімді, талапты 
сын есімдері, 
көрген, айтқан 
есімшелері -ден, 
-га, -нің, -ның 
деген шығыс, барыс, ілік септік 
жалғаулары арқылы адам деген заттық мағынада қолданылған. 
Міне, осындай субстантивтік және субстантивтендіру (заттан- 
дыру) қасиеті атау септігіне де тән: Бітер істің басына 
жақсы 
келер қасына (Мақал). Малқарға тақау отырған төрт бүрышты 
қара 
- Жәнібек (Ғ. Мүстафин). 
Шешінген 
судан тайынбас 
(Мақа л). Принңип үшін 
к үресу 
- арыз қу у емес (3. Шашкин). Бүл 
сөйлемдердегі 
жақсы, қара 
сын есімдері, 
шешінген 
есімшесі, 
күресу түйық етістігі атау септік түлғасында жүмсалғандықтан, 
біріншіден, сөйлемнің бастауыш қызметін атқарып түр, сөйтіп, 
бастауыш баяндауышпен (келер, Жәнібек, тайынбас, арыз қуу 
емес) жіктік жалғаудың 3 -жақ нольдік формасы арқылы қиыса 
байланысқан, екіншіден, ол сын есім, етістіктерге (есімше, 
түйық етістік) заттық мән үстеп, оларды субстантивтендіріп 
түр, олар адам мағынасын білдіріп түр: жақсы адам, қара адам, 
шешінген адам, ал күресу - өз бетімен қимыл атауы. Әрине, 
бүл сөздер тек осы сияқты қолданыста ғана субтсантивтенген.
Анықтауыштық қатынаста және септеулік шылаулармен 
(үшін, арқылы, жөнінде, жайында, туралы, бойы, т. б.) тіркесіп
қолданылған зат есімдер де атау септік түлғасынан өзгеше. 
Бүл түлға негізінен зат есімнің түбір түлғасы болып табылады. 
Түркі тілдеріндегі түбір - сөздің жеке түрғанындағы мәнді, 
мағыналы бөлшегі болғандықтан, сөйлемде сол күйінде өз 
бетімен жеке қолданыла алады. Міне, зат есім түбір (негізгі және 
туынды түбір) күйінде қолданылғанда осындай қатынастарда
100


(анықтауыштық) және шылаулармен тіркесте соған сәйкес 
белгілі синтаксистік қызметте жұмсалады. Ол зат есімдерді
сыртқы түріне ғана қарап атау септік тұлғасымен шатастыруға 
болмайды.
Сейтіп, атау септігі сырт тұлғасы жағынан да зат есімнің 
тұбір тұлгасымен ұқсас, арнайы грамматикалық көрсеткіші 
жоқ болып келсе де, басқа септік тұрлерімен бірдей арнайы 
грамматикалық мағынасы бар (субстанттық-заттық мағына, ол 
әсіресе, басқа сөз таптарын сөйлемде заттандыру мәнінен айқын 
көрінеді), басқа септік тұлғаларындай сөз байланыстырғыш 
қызметі бар (субъектілік-предикаттық қатынаста жақ жағынан 
қиысып, сөйлемнің баяндауыштық қызметіндегі сөзбен байла- 
нысып тұрады), олармен тепе-тең, бірақ нольдік формалы (яғни 
арнайы жалғауы жоқ) септік жүйесінің бір тұрі болып табы- 
лады. Яғни атау септігі тек арнайы формасы ғана жоқ, басқа 
грамматикалық сипаттары септіктің басқа түрлерімен сайма- 
сай келетін парадигмалық жұйенің бір тұлғалық түрі болып 
саналады.
Сондықтан сырттай бір-біріне ұқсас болса да зат есімнің 
түбір тұлғасы мен атау септік тұлғасы бір емес, бөлек-бөлек 
грамматикалық тұлғалар, зат есімнің түбір тұлғасы септік 
тұлғаларьшың түрленуіне негіз болатын, соның ішінде атау 
септігіне де негіз болатын түлға болса, атау септігі - септелудің 
парадигмалық жүйесіндегі бір түрлену тұлғасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет