Информатика кең мағынада адам қызметінің барлық салаларында телекоммуникациялық құралдар мен компьютерлер арқылы ақпаратты қайта өңдеумен байланысты әртүрлі ғылым, техника және өндіріс салаларының бірігуін ұсынады.
Информатика тар мағынада үш өзара байланысқан бөліктерден тұрады — техникалық құрал (hardware), программалық құрал (software), алгоритмдік құрал (brainware). Өз кезегінде, информатиканың әрбір бөлігін әртүрлі позициядан қарастырады: халық шаруашылық саласы ретінде, іргелі ғылым және қолданбалы пән ретінде.
Сурет 1. Қолданбалы пән, ғылым, сала ретіндегі информатика құрлымы
Информатика халық шаруашылық саласы ретінде компьютерлік техника, программалық өнімді өндіруменен және ақпаратты қайта өңдеудің қазіргі технологияны құруменен айналысатын шаруашылықтың әртүрлі формадағы кәсіпорындардың біркелкі жиынтығынан тұрады. Өндіріс саласы ретінде информатиканың мәні мен өзгешелігі басқа халықшаруашылық салаларындағы еңбек өнімінің өсуі оған байланысты болады. Бұл салалардың қалыпты дамуы үшін информатиканың өзінде еңбек өнімділігі ең жоғарғы қарқынмен өсуі керек, өйткені қазіргі қоғамда ақпарат жиі соңғы тұтыныс заты ретінде қолданылады, адамдарға әлемде болып жатқан оқиғалар туралы, олардың кәсіптік қызметіне байланысты құбылыстар мен заттар туралы, ғылым мен қоғамның дамуы туралы ақпарат керек.
Келешекте еңбек өнімділігінің өсуі және молшылық деңгейі мультимедиялық ақпараттың (мәтін, графика, видеобейне, дыбыс, анимация) үлкен көлемін өндеуге және қабылдауға бағытталған тек жаңа интеллектулды құралдар мен адам-машиналық интерфейсті қолдану негізінде ғана мүмкін.
Информатикада еңбек өнімділігінің жеткіліксіз өсу қарқынының жоқтығы кезінде барлық халық шаруашылықта еңбек өнімділігінің өсуі баяндатылуы мүмкін. Қазіргі уақытта әлімде барлық жұмыс орындары 50% ақпаратты өндеу құралдарын қолданады.
Информатика іргелі ғылым ретінде компьютерлік ақпараттық жүйелер негізінде кез келген объектілермен басқару процесінің ақпараттық жасақтамасын құрудың әдіснамасын өндеуімен айналасады. Бұл ғылымның негізгі міндетінің бірі ақпараттық жүйе деген не, олар қандай орын алады, қандай құрылымы болу керек, қалай қызмет жасайды, оларға қандай жалпы заңдылықтары тән дегенді анықтау. Еуропада информатика саласындағы келесі негізгі ғылыми бағыттарды бөлуге болады: желілік құрлымын өндеу, компьютерлік-интегралдық өндірістер, экономикалық және медициналық информатика, қоршаған орта және әлеуметтік сақтандыру информатикасы, кәсіптік ақпараттық жүйелер.
Информатикада іргелі зерттеулердің мақсаты — кез келген ақпараттық жүйелер туралы жинақталған білімді алу, оларды құру мен қызмет жасаудың жалпы заңдылықтарын анықтау.
Информатика қолданбалы пән ретінде мыналармен айналасады:
ақпараттық процесстерде заңдылықтарды меңгерумен (жинау, қайта өңдеу, тарату);
адам қызметінің әртүрлі салаларында коммуникацияның ақпараттық моделін құрумен;
нақты салаларда ақпараттық жүйелер мен технологияларды өңдеумен және олардың өмірлік цикліне қатысты жүйелерді өндеу және жобалау, оларды өндіру, жұмыс істеу және т.б. кезендері үшін ұсыныстарды жасаумен.
Информатиканың негізгі функциясы ақпаратты түрлендіру әдістері мен құралдарын өңдеу және оларды ақпаратты қайта өндеудің технологиялық процесінің ұйымдастыруында қолдану.
Информатиканың негiзгi мiндеттерi мыналар.
табиғаттағы кез-келген ақпараттық үрдiстердi зерттеу;
ақпараттық техниканы жасау;
ақпараттық үрдiстердi зерттеудiң нәтижесiнде алынған қортындылардың негiзiнде ақпаратты өндеудiң жаңаша технологиясын жасау;
компьютерлiк техника мен технологияны жасау және олардағы қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында енгiзу мен тиiмде пайдаланудың ғылыми және инженерлiк проблемаларын шешу.
Достарыңызбен бөлісу: |