І бөлім. Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихы. Тақырып Ұлы ағылшын буржуазиялық төңкерісі


Тақырып 6 . ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Ұлыбритания



бет5/15
Дата30.11.2022
өлшемі158,33 Kb.
#53955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
лекции европа америка

Тақырып 6 . ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Ұлыбритания.
Дәрістің жоспары:



  1. Өнеркәсіп-сауда буржуазиясы. (Либералды торилер) реформасы.

  2. Чартистік қозғалыс және оның әлеуметтік негізі. Тред-юниондар.

  3. Фабиандық қоғам. Лейбористік партияның құрылуы (1906).

  4. Үкімет және Д.Ллойд-Джордждың «әскери кабинеті».



Ұсынылатын әдебиеттері мен деректері:



  1. Айзенштат М.П., Гелла Т.Н. Английские партий и колониальная империя Великобритании в ХІХ веке. М., 1999

  2. Виноградов В.Н. У истоков Лейбористкой партии (1889-1900) М., 1965

  3. Грудзинский В.В. На повороте судьбы: Великая Британия и имперский федерализм.Челябинск. 1996

  4. Ерофеев Н.А.Очерки по истории Англии. 1815-1917 гг. М., М., 1959

  5. Из истории европейского парламентаризма: Великобритания / под. Ред. Е.В.Гутновой. М., 1995

  6. Мирошников А.В. Великобритания от Георга І до королевы Виктории (1714 -1901 гг.) Воронеж, 1998

Наполеондық соғыстардан кейінгі Британияның өнеркәсіп дағдарысынан шапшаң бой түзеуі, лорд Ливерпуль мен оның маңайындағыларға ары қарай билікті жалғастыру сәтін туғызады. Бұл кабинет елді осы уақытқа дейін мүмкін болмаған ұзақ мерзімде, яғни 1812-1827 жылдар аралығында билік етуімен рекорд жасаған болатын. Үкіметті мазалаған мемлекеттің бірінші тұлғасы, король ІІІ Георгтің некесін бұзуы, оның Букингемдегі сарайында оңашалана өмір кешуі арқылы монархиялық институтқа деген сенімді кетірудегі түсініксіз әрекеттері болды. Георг британдық конституциялық тәжірибені жек көретіндігін, тіпті өзінің абсолютті монархтарға қызығушылығын ешбір жасыра алмағандықтан, бірде орыс елшісі Ливенмен әңгімесінде, өзінің ата-бабаларының осындай «зиянкес» мекеме, парламентті құрғанына терең өкінішін білдіреді. Жүздеген жылдар өмір сүре беретін ағылшын заңдары бір сәтте-ақ ескіре қалатын дәстүрімен, бұл кабинет тұсында да ішкі заңдардың бірқатарын реттеу кезегі келеді. Сыртқы саясатты жүргізу табысталған Виконт Роберт Каслри, еуропалық мәселелерді талқылауда белсенділігімен көзге түсе, І Александр құрған Қасиетті Одақтың құрылуын қолдамауымен, оның барысындағы өзге елдер ісіне ол елдің сұрауынсыз қатыспау шешімімен бірқатар маңызды саяси әрекеттердің басында тұрады. 1835 жылы торилердің билікке ұмытылысы орын алады. Сэр Р.Пилдің атақты Тамворт манифестінің жариялануымен, торилердің мұрагері қазіргі Консерваторлық партия тарихының басталуын санау енгізіледі. Сыртқы саясатта 1830 жылдан Генри Джон Пальмерстонның жетекшілік етуімен дәстүрлі британдық еуропалық тепе-теңдік ұстанымы- ағылшындарға «біздің мәңгілік одақтастарымызбен, тұрақты достарымыз жоқ, бірақ біздің мүдделеріміз тұрақты және мәңгілік, сондықтанда оларды қорғау біздің-борышымыз» дейтін принципте «теңіздерде билік құру» құқығын ешкімге бермеу талабын әкелді. Британ билік етуші тобы Кытайға қарсы апиын соғысы атауын алған 1839-1842 жж.., 1859-1860 жж. (соңғысы француздармен бірге) екі соғысты танады. Нәтижесінде Ұлыбритания Қытайдан Гонконгты тартып алу арқылы, өзіне бірнеше маңызды порттар ашып, Қытай заңдары жүрмейтін аймақтар құру арқылы, ол жерлерде апиын саудасын жасаушыларына мүмкіндік берді. Ғасырдың аяғындағы Африка құрлығындағы француздармен қақатығыс барысында Тарнсвааль және Оранжевая республикаларындағы құқысыз негрлерден басқа Голландытқ тектен шыққан бурлармен қақатығысы орнайды (алтын, алмаздың ертегідей қоры).1899-1902 жж.ағылшын-бур соғысы. Еңбекккерлер мүддесіндегі қайта құрулар жасауды мақсат қоятындарын жариялаған осы екі ұйым парламенттен қолдау алуды көздейді де, өздерінің бағдарламасын жасап, оны сайлау құқықтарына қатысты баптарымен Халықтық хартия деген атаумен жариялайды. 1839 жылы Лондонда Хартияға қол жеткізудің әдіс-тәсілдері талқыланған бірінші чартистік конвент шақырылады. 1250 мың адамның қолы қойылған Хартия пролетариаттың ұсынысымен шын мәніндегі жалпы демократиялық құндылықтармен жарақтанған Хартия 6-мамыр күні парламентке табыс етіледі. 1837 жылы таққа 19 жасар, Виктория отырады да, Ганноверлер әулетінің ерлер билігі тармағы үзіліп қалады. 65 жыл билік құрған Виктория, азғана уақыттың ішінде лорд Мелборнның көмегімен парламенттік және конституциялық дәстүрлерді шапшаң меңгеріп алады да, оның мінезіндегі билікқұмарлық және табандылық біртіндеп байқала түседі. Ағылшын «корольдары билік құрмайды, теке патшалық етеді»- деген нақыл бар. Осылай болатынның растығына қарамастан, бұл патшайым тарихта бүкіл дәуірдің символына айналып, ол дәуір викториандық дәуір деген атауымен тарихта қалады. Ғасырдың аяғындағы әлеуметтік-саяси өзгерістер реформаларды талап етті. Либералды және консерваторлар партиясы, әрқайсысы өздерінше уақыт еркіне үн қатуда талпынып бағады. Осы тұстағы Гладстон мен Дизраэли кабинеттер тарапынан болған қайта құрылымдардың бірқатар сериясы түзіледі.1880 жылдардағы сыртқы саясаттағы сәтсіздіктер Ауғансан жорығы, зуулустарға қарсы Оңтүстік Африкадағы эскпедициялардың сәтсіздікттері- жеңіліс әкеледі. Дизраэли кабинетін сыртқы саясатқа жетекшілік етудегі намыссыздыққа және христиандықтың барлық негізгі мүдделеріне нұқсан келтірді деп айыптайды. 1884 жылы билікке қайтадан келген Гладстон кабинеті барлық жеке меншік тұрғын үй иеліг барлардың барлығына сайлау құқығын береді. Электорат саны 3 млн-нан 5 млн-ға аратады. Либералдардың реформаторлық ойы, 80- жылдары Радикалды бағдарламаларымен таныла бастаған Джозеф Чемберленнің кіріс салығына байланысты, тұрғын үй жағдайын реттеу, тегін кітапхана, дәргерлік көмек көрсету желістерін құру. Англияның дүбірлі өзгерістер ғасыры, ХІХ ғасыр оның әлемдік саудадағы және теңіздегі құдіреттілігін нығайтып, Лондондық биржа мен Ағылшын банкісінің әлемдік сауда және қаржы келісімдері орталығына айналуына жол ашты. 1851 жылы Англия әлемдік қауымдастықтың назарын аулаған және өндіріс жетістіктерімен таныстыратын әлемдік өнеркәсіп жәрменкесін ұйымдастырудың негізін жасады. Англияның халықаралық рөлінің артуы, оның, әсіресе Лондонның халықаралық қоғамдық байланыстың маңызды желісіне айналады. Лондонда коммунистердің конгресі ұйымдастырылып, 1848 жылы тұңғыш коммунистердің манифесті жарияланады. Консерваторларда Рандолф Черчилльдің Халыққа сен! ұраны. –тегін білім беру, еңбектегі бақытсыздық -сәтсіздіктерге компенсация төлеу. Социалистік-жұмысшы қозғалыстары:1.1884 жылы Социал-деократиялық федерация. Лидері Г.М.Гайдман.газеті Джастис.(Әдіеттілік); 2. Сол жылы 12 жас өкілдің Фабиандық қоғамы Рим қолбасшысы: Фабия Кунктатор құрметіне Соцализмге эволюциялық жолмен жету ұстанымындағылар.атақтылары: Бернард Шоу және Герберт Уэллс. 1900 жылдың ақпанында (Тәуелсіз жұмысшы партиясы, Фабиандық қоғам, Соцал-демократиялық партия) үш социалистік ұйыммен жартымлннан астам кәсіподақтық көпшілік Жұмысшы өкілеттілігі комитетін құрады. 1906 жылы Жұмысшы өкілеттілігі комитетіндегілердің 6 конференциясының делегаттары Комитетті партия ретінде құруға шешім қабылдайды. Осылайша Англиядағы белсенді партия Лейбористер партиясы құрылады. Тарихта жұмысшылардың ымырашыл, реформашыл партиясы аталады. 1905 жылы либералдар кабинетіне бірінші рет сауда министрі ретінде Дэвид Ллойд Джорж кіреді. 1909 жылы сәуірде дәстүр бойынша Ллойд Джордж төменгі палатаға өзінің бірінші бюджет заңдарын ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет