І бөлім. Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихы. Тақырып Ұлы ағылшын буржуазиялық төңкерісі


Тақырып 5. ХҮІІ – XIX ғ. 70 жж. дейінгі халықаралық қатынас және отарлау саясаты



бет4/15
Дата30.11.2022
өлшемі158,33 Kb.
#53955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
лекции европа америка

Тақырып 5. ХҮІІ – XIX ғ. 70 жж. дейінгі халықаралық қатынас және отарлау саясаты.
Дәрістің жоспары:



  1. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Еуропаның саяси дамуына ықпалды болған халықаралық қатынас мәселелері

  2. ХҮІІІ ғ.ІІ жартысындағы шығыс мәселесі.

  3. Вена жүйесінің құрылуы, оның негізгі ұстанымдары.. Қасиетті Одақтың құрылуы.



Ұсынылатын әдебиеттері мен деректері:



  1. Ивонина Л.И., Прокопьев А.Ю. Дипломатия Тридцатилетней войны. - Смо­ленск, 1996.

  2. Ивонин О.Е. У истоков европейской дипломатии нового времени. - Минск, 1984.

  3. Исдейл Ч.Д. Наполеоновские войны, - М., 1997.

  4. Яброва М.М. Очерки истории колониальной экспансии Англии в эпоху первоначаль­ного накопления капитала. - Саратов, 1966.

  5. Урланис Б.Ц. История военных потерь: Войны и народонаселение Европы. - СПб., 1994.

  6. Тарле Е.В. Очерки истории колониальной политики западноевропейских государств (конец XV - начало XІX в.). - М., 1965.


ХVІІ-ХІХ ғасырларда өзінің ауқымына Еуропалық құрлықтың жалпы аймағын, сондай-ақ әртүрлі өлшемдегі Батыс жарты шарының елдерін, Таяу Шығысты, Африка, Азия және Океанияны қамтыған халықаралық қатынас жүйесі қалыптасты. Еуропа, әсіресе оның батыс бөлігі, бұл жүйенің орталығына айналды. Осы уақытта, келісімдер, конвенциялар және екі жақты және бірнеше жақты байланыстардың өзгеше түрлерінде өзінің іске асырылуын көрсете бастаған халықаралық құқықтың да негізі қаланады. Мемлекеттердің сыртқы саясатын және аймақтық, жалпыеуропалық және әлемдік мәселелерді реттеудегі маңызды тетік-дипломатиялық белсенділіктің де маңыздылығы күшейеді. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Еуропаның саяси дамуы әлі де болса, орта ғасырлардан сақталып қалған халықаралық қақтығыстар мен мәселелерінің мұралары ықпалдылығын сезінеді. Территориялық мүдделермен, шекаралық мәселелердің және тиімді сауда жолдары үшін күрес, адами ресурстар, әскери табыс секілді ұстанымдар төңірегінде соғыс отын тұтандырған локальды және жалпыеуропалық қақтығыстар, мемлекеттер мен ұлттардың қалыптасып бітпеуінен де туындап отырады. Өзінің шырқау шегіне жектен католицизм мен папалықтың арқа сүйері Испандық, Португалдық және герман ұлтының Қасиетті Рим империяларының мұралары мен тағдырлары төңірегіндегі күрестің шиеленісуі, халықаралық ұстанымдарда әулеттік мүдделер мен конфессиялық факторлардың күшеюін сипаттайтын үлкен ықпалдылыққа ие болады. Әртүрлі рангтегі монархтар-императорлар, корольдар, князьдар, герцогтер мен өзге де зайырлы діни билеушілер - соғыс және бітім, одақтастарды таңдау, мемлекеттік мүдделерді талдау, әскерибасшылар мен дипломаттарды сайлау секілді мәселелердің шешілуін монополизициялап алады. Халықаралық мәселелердің шешілуінде әулеттік некелердің, тақты мұралау ісіне араласу, «жеке»дипломатияны және туысқан немесе вассальды байланыстарды пайдаланудың рөлі күшті болады. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар кезеңі жаңа замандағы Еуропаның саяси картасын біршама нақтылаған көптеген соғыстар кезеңі де болды. ХVІІ ғасырдың І жартысында Еуропада Отыз жылдық соғыс (1618-1648) деген атқа ие болған соғыс оты тұтанады. Соғыс Қасиетті Рим империясының өз ішінде, протестанттар мен католиктер арасында басталған болатын. Оған кейінірек, өзіндік мүддесінің есебімен өзге де мемлекеттер – Дания, Швеция, Франция, Голландия және Испанияда еніп кетеді. Сондықтан да бұл соғыс тарихта соңғы діни және жалпыеуорпалық соғыс болып есептелінеді. Отыз жылдық соғысты қорытындылаған 1648 жылғы Вестфаль бітімі, Еуропадағы мемлекет аралық қатынастың жаңа тәртібін ала келген келісім болды. Католик және протестант шіркеуінің тең құқылық әрекеттері мақұлданды. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Еуропадағы халықаралық жағдайды әдәуір күрлендіре, Шығыс мәселесі деген атау алған жәйттердің негізі, Шығыс Еуропаның оңтүстік бөлігінде біршама өткір шытырмандық жағдайда туындай бастайды. Жерорта теңізіндегі және Балкандағы, Қаратеңіз бөліктеріндегі, Кавказ бойындағы, сондай-ақ Таяу Шығыстағы иеліктерін сақтай отырып, Орталық Еуропадағы эспансиясын жалғастыруға талпынған Осман империясы оның басты түйіні болатын. ХVІІІ ғасырлардағы көптеген қақтығыстар тақты мұралау, жаңа әулеттерді легитимизациялау секілді мәселелерден туындаған әулеттік соғыстар сипатында еді. Осындай соғыстар Испан мұрагерлігі үшін (1701-1713), Поляк мұрагерлігі үшін (1733), Австрия мұрагерлігі үшін (1740-1748) және Баварлық мұрагерлік үшін (1740-1748) болады. Жеті жылдық соғыста (1756-2763) әулеттік мүдделер мен талаптардың күшті ұшқынынан тұтанады.
Наполеон империясының талқандалуы Еуропадағы дворяндық-монархиялық реакцияның салтанат құруына жол ашты. 1814 жылдың 1-қыркүйегінен 1815 жылдың 9-маусымына дейін жұмыс істеген Вена бейбіт конгресі, оның басты қатысушылары Ресей, Австрия, Пруссия, Англияның 1814 жылдың 1-наурызындағы келісімінен кейін шақырылып, қатысушылары арасында, сондай-ақ Еуропа тағдырына қатысты қарастырған мәселелерімен, оларды шешу мен реттеудегі маңыздылығымен сол уақыттағы теңдесі жоқ бас қосу болды. Конгресс жетекшілерінің бас босудағы мақсаты, Еуропадағы Француз революциясы мен наполеондық соғыстардың саяси зардаптарын жою еді. Қатысушылар өзінің иеліктерінен айырылған бұрынғы монархтардың құқықтарын қалпына келтіруді сипаттаған «легитимизм» нысанасын ұстанады. Бүкіл еуропалық мемлекеттердің тұңғыш рет халықаралық келісімдер жүйесіне тартылуын қамтамасыз еткен конгрестің жағымды жағы қалыптасты. Бұл дипломатиялық жүйе ХІХ ғасырдың І жартысына дейін өмір сүреді.Оның нәтижесі 1815 жылдың 9-маусымында қол қойылған конгрестің Бас қорытынды актісінде сипаталады. 1815 жылдың 26-қыркүйегінде І Александрдің ұсынысымен жасалынған Қасиетті Одақ актісіне барлық еуропалық монарх қол қояды. Акт мәтінінде, шынайы бауырластық және христиан діні ұстанымдарының қасиетті желісімен, олар бір-біріне көмек және қолдау көрсетуге міндетті екендігі көрсетіледі. Реакциялық үкіметтердің оның өмір сүруін ұзартудағы талпынысына қарамастан, ХІХ ғасырдың 30-жылдары Қасиетті Одақ әрекет етуге мүлде қауқарсыз болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет