І бөлім. Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихы. Тақырып Ұлы ағылшын буржуазиялық төңкерісі


Тақырып 4. Ұлы француз буржуазиялық төңкерісі. Франция Бірінші империя мен консулдық жылдарында



бет3/15
Дата30.11.2022
өлшемі158,33 Kb.
#53955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Тақырып 4. Ұлы француз буржуазиялық төңкерісі. Франция Бірінші империя мен консулдық жылдарында.
Дәрістің жоспары:

  1. Қоғамның әлеуметтік құрылым ерекшеліктері. Фронда.

  2. Француз буржуазиялық революциясы. Құрылтай жиналыс. (Адам және азамат құқығы декларациясы).

  3. Якобин диктатурасы. Термидорлық реакция, оның сипаты. 18 брюмердегі төңкеріс. Француз революциясының сипаты және нәтижелері.

  4. Консульдық жүйе. Наполеон кодекстері. Наполеон соғыстарының тарихи қорытындылары мен маңыздылығы.



Ұсынылатын әдебиеттері мен деректері:

  1. Адо А.В. Крестьяне и Великая французская революция. - М., 1987.

  2. Азаркин Н.М. Монтескье. - М., 1988.

  3. Акимова А.А. Вольтер. - М., 1970.

  4. Андреев А.Р. Гений Франции, или Жизнь кардинала Ришелье. - М., 1999.

  5. Блюш Ф. Людовик XІV. - М., 1998.

  6. Бродель Ф. Что такое Франция? - М., 1995 (Кн. 1-2).

  7. Туган-Барановский Д.М. Наполеон и власть (эпоха консульства). - Ба­лашов, 1993.



Француз абсолютизмінің үлгі болар жәйті, оның осы елдегі бұл билік түрі мен тұжырымдарын терең қолданысқа енгізе дамытуында болатын. 1615 жылы пайда болған Бас штаттар 1789 жылға дейін шақырылмайды. Француз абсолютизмі өзінің күшті бюрократтық жүйесімен корольдің негізгі арқа сүйері болғанына қарамастан, өзіндік артықшылықтарға ие болған шенеуініктер қатарын ұлғайтып, король билігінің өзіне шектеу қою жағдайында тудырады. XVІІ ғасырдың ІІ жартысында Франция Еуропадағы бір орталыққа бағынған және ірі мемлекеттердің бірі болды. Отыз жылдық жылдық соғыстағы жеңіс Францияның еуропалық құрлықтағы әскери-саяси беделін асқақтата түседі. Мемлекеттің негізгі табыс көзі соғыстарға жұмысалды. Осы соғыстарды жүргізудегі оның бастапқы мақсаты Францияның Еуропадағы құдіреттілігіне қол жеткізу болғанымен, ол жүзеге аспай қалады. XVІІІ ғасырдың соңында Францияда өнеркәсіпшілер, либерал дворяндар мен шаруалардың, жалдамалы жұмысшылардың арасында қоғамдық наразылық орын ала бастайды. Француз буржуазиясы мен халық бұқарасының феодалдық кедергілерге қарсы наразылықтарын сипаттайтын ауқымды идеялық ағым - француз ағартушылығы шарықтай бастады. 1787-1789 жылдардағы орын алған сауда-өнеркәсіп дағдарыс, 1786 жылғы француз рыногына ағылшындардың арзан бұйым тауарларын әкелуге жол берген келісімнің жасалынуынан туындаған болатын. 14-шілденің таңертеңгісін халықтық бүлікшілер тобы қару-жарақ тығылған қойма бар Мүгедектер үйін басып алып, сонда тұрған қару-жарақты иемдене, деспотизммен азғындықтың символына айналған саяси түрме қызметін атқаратын Бастилия қамал түрмесіне лап қояды. Елде Құрылтай жиналысының құзырындағы үкімет орнайды. 1789 жылдың 26-тамызда Жиналыс үлкен революциялық мәні бар құжат «Адам және азамат құқығының декларациясын» қабылдайды. 1791 жылдың қыркүйек айында Құрылтай жиналысы өз Конституциясын жариялайды. Конституция негізінде Францияда Конституциялық монархия бекиді. Франциядағы революциялық ақуал еуропалық державалар монархтары мен дворяндарының мазасын алады. Король және оның жақтастары революция қауіпінен сақтап қалатын күш соғыс деп есептей, оған енуден қашпайды. 1792 жылдың 20-сәуірінде соғысты қалаушылардың үміті басымдық ала, Франция Австрияға қарсы соғыс жариялады. 1791 жылдың 1-қазанында конституцияны қабылдағаннан соң-ақ Заң шығару жиналысы жұмыс істей бастаған еді. 1793 жылдың 17-ақпанында Конвенттегі қызу тартыс шешімімен ХVІ Людовик дарға асылып өлтіріледі. Республиканың ІІ жылындағы 9-термидорда (1794 жылдың 27-шілдесінде) Конвент депутаттарының Робеспьерді «тиран» және «жаңа Кромвель» деп айыптауына, оны тұтқындауға дауыс беруіне қол жеткізеді. Якобин диктатурасының құлауынан кейін термидорианшылар жаңа меншік иелерінің құқығын қорғау саясатын жүргізеді. Конвент 9-термидордағы төңкерістен кейін жаңа конституция әзірлеуге кіріскен еді. 1791 жылғы монархиялық конституция негізінде сілтемелетін оның мазмұны либералды нысаналардың бағытында құрылады. 1795 жылғы Конституция шектеулі сайлау құқығы мен сайлаудың екі сатылы жүйесін қалпына келтірді. Жоғарғы заң шығару билігі екі палатаға ­ Бесжүздік Кеңес және Ақсақалдар Кеңесіне тиесілі болды. Атқарушы билік Бесжүздік Кеңестің ұсынуынан кейін Ақсақалдар Кеңесі мақұлдап тағайындалған бес мүшеден тұратын Директорияға тиесілі болды. Жаңа билік органының құрылуы 1795 жылдың қараша айында аяқталып, өзінің міндетін орындауға кіріскен Директория атымен аталған республика сол жылдан ­ 1799 жылға дейін өмір сүрді. Ішкі және сыртқы сәтсіздіктер Директорияның абыройына нұқсан әкелген еді. Үкімет жарлықтарының орындалмауы, жауынгерлердің әскерден босып кетуі, Вандейде қайтадан жанданған көтерілістер қарқын алады. Отанындағы өткір саяси дағдарыс Бонапартқа Египетті тастап, Францияға оралу мақсатын тудырады, сондай-ақ оны елі де «Отанды құтқарушы» ретінде салтанатты түрде қарсы алады. 1799 жылдың 9-10 қарашасындағы мемлекеттік төңкеріс (Республиканың VІІІ жылының 18-19 брюмері) бейбіт түрде жүзеге асқады. Заң шығару палаталары өздігінен тарайтындықтарын жария етті (шын мәнінде олар Бонапарт тарапынан таратылады). Олар елдегі билікті Бонапарт жетекшілігіндегі үш консулға табыс етеді. Палаталардың орынына заң шығару комиссиялары құрылады да, оларға жаңа конституцияны әзірлеу жүктеледі. Революция Франциядағы «ескі» мен «жаңа тәртіптің» арасын ажыратып қана қойған жоқ, сонымен бірге олардың арасындағы өзара сабақтастықты да реттеп берді. Ол, әсіресе ХVІ-ХVІІ ғасырдардағы француз монархтарына арман болған мемлекеттің әкімшілік орталықтауын революциялық үкіметтердің жүзеге асыруы болатын. 1794-1795 жылдардағы республика әскерінің табысының арқасында Франция шығыста Рейн өзені бойынан, өзінің «табиғи шекараларын» қалпына келтірді де, осылайша Еуропадағы билік етудің шешуші қадамына жол бастады. Бонапарттың нұсқауымен әзірленген жаңа конституцияның жобасы 13-желтоқсанда (республиканың VІІІ жылының 22-фримерінде) жария болады. Конституцияда белгіленген билік бөлінісі ресми түрде болмады. Мемлекеттік басқарудың барлық желісі атқарушы биліктің және тікелей бірінші консулдың бақылауында болады. Бірінші консулдық Наполеон Бонапарттың өзіне бұйырады. Наполеон Бонапарт екінші коалициямен соғыс майдандарында да қажырлы әрекеттер жасайды. Пруссия мен Ресейге бейтараптықты қамтамасыз ете отырып, 1800 жылдың мамырында Альпі таулары арқылы Солтүстік Итальяны басып алады, 17-маусымдағы Мареньго түбіндегі шайқаста австриялық әскерді талқандайды. 1801 жылдың ақпанында Австрия онымен Люневиль бітіміне келіп, Рейн өзені арқылы өтетін Францияның шығыс шекараларын мақұлдайды және француздардың тума республикаларын мойындайды. Ұлыбритания да 1802 жылдың 25-наурызында Амьен келісіміне қол қоюға мәжбүр болады. Осы табыстардың ықпалмен Бонапарт өзінің билігіне жеке және мұрагерлік сипат беруге шешім қабылдайды. 1802 жылдың мамырында ол өзін өмірлік консул деп жариялайды. Қоғамдық пікір басымдылығымен келісудегі желеумен, 1804 жылдың 18-мамырында Бонапарт өзін император Наполеон деп жариялайды. Париждегі Құдай ана соборында 1804 жылдың желтоқсанында тәжілеудің салтанатты рәсімі өтеді. Франциядағы Республика қағаз жүзінде түрде ғана сақталды. 1808 жылы ғана Француз мемлекеті ресми империя болып атала бастады. Наполеон өз қалауынша Еуропаның саяси картасын қайыра, үкіметтерді айырбастап, өзінің жаулап алған аймақтарының ыңғайына қарай монархтарды таққа отырғызуды да шешіп отырады. «Тума» республикалар біртіндеп қысқартылып, Францияға қосылады. Осы аннексиялардың нәтижесінде 1811 жылы тұрғындарының саны 44 миллион адамға жеткен «Ұлы империя» пайда болады. Наполеон империясының 1812 жылы Ресейге басып енуінен кейінгі, оның «Ұлы жасағының» жеңіліске ұшырауы үлкен күйзелістердің бастамасын тудырды. Құрамында Ресей, Ұлыбритания, Пруссия, Швеция және Австрия бар француздарға қарсы алтыншы коалицияның пайда болуына осы жеңіліс белгі болады. Одақтастар әскері 1813 жылдың 16-19 қазанында Лейпциг түбіндегі «халықтар шайқасында» наполеондық әскерді күйрете жеңеді. 1814 жылдың 30-наурызында одақтастар әскері Париж іргесіне тақайды. Келесі күні император І Александр мен прусс королі Фридрих ІІІ Вильгельм өз әскерлерін бастай француз астанасын басып енеді. Ал, 1-сәуірде Талейранның ұсынысымен сенат уақытша үкіметті құрады да, ал 3-сәуірде «халық құқығына қастандық жасағаны мен антын бұзғаны үшін» айыпталған Наполеонның тізе бүккенін жариялайды. 6-сәуірде сенат тәжіні ХVІІІ Людовикке ұсынады. Сол күні Наполеон тақтан бас тартатындығын мәлім етеді. 1814 жылдың 11-сәуірінде одақтастар Фонтенбода, Наполеонға Жерорта теңізіндегі Эльба аралын өмірінше иеленуге беру туралы келісімге келеді. 20-сәуірде Фонтенбо ауласында гвардиясымен қоштаса, Наполеон айдауға аттанып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет