Доксорубицин гидрохлориді (адриамицин, адрибластин және т.б.) - 0,01 және 0,05 г ұнтақ флаконда шығарылады. Мұны қан тамырға егуге 50 -75 мг/м2 мөлшерде 3 аптада 1 рет, немесе 25-30 мг/м2 мөлшерде 1 аптада 1 рет беріледі.
Доксорубицин сүт безі, өкпе, асқазан, қалқанша безі, қуық, жедел лейкоз, лимфогрануломатоз және тағы басқа мүшелер қатерлі ісіктері кезінде қолданылады. Ісіктен басқа қосымша аурулар болса, ол препараттың негізі кардиотоксикалық әсерімен байланысты - миокардит, жүрек жетіспеушілігі, аритмиялар және миокард инфаркты. Қан кету, туберкулез, асқазан және он екі елі ішек жарасы, жүкті әйелдерге, бауыр мен бүйрек жетіспеушілігі, лейкопения мен тромбоцитопения кезінде қолдануға болмайды. Осыған сәйкес жанама әсерлері де байқалады.
Оливомицин - 0,02 г қоймалжың ерітіндісі флакон түрінде шығарылады. Мұны тек қан тамыр арқылы егеді (тері астына және бұлшық етке егуге болмайды, өйткені некроз пайда болады). Ересектерге 5 мг-нан бастап, 10 және 15 мг-ға дейін қан тамыр арқылы тамшылатып 2-3 минут ішінде енгізу керек. Екі күн ішінде 1 рет, 10 мг-нан 20 мг дейін беріледі. Дәрінің емдік шипасы болса 1-1,5 айдан соң қайталаған жөн.
Оливомицинді аталық ұрық безінің ісіктеріне (семинома, эмбрионалды ісік, тератобластома), тонзиллярлық ісіктеріне (лимфоэпителиома, ретикулосаркома және т.б.), жатырдың хорионэпителиомасына, жатыр мойнының ісігіне және т.б. осындай ісіктерге қарсы қолданады. Кардиотоксикалық қатерлі әсерлері болуы мүмкін, сондықтан жүрек-тамыр аурулары кезінде сақ болған жөн, науқастың жағдайы өте нашарлағанда қолданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |