6. Қатерлі ісіктер кезінде қолданылатын гормондық дәрілер мен олардың антагонистері. Олар ісік торшаларының көбеюін тоқтатып, толық емделуіне жағдай жасайды.
Медротестрон пропионаты (дростанолон және т.б.) - 5% - 1 мл майлы ерітіндісі. Бұны күн сайын 0,1 г бұлшық етке, ремиссия кезінде күніне 0,05 г-нан ұзақ уақытқа беріледі.
Медротестеронды сүт безінің қатерлі ісігінің асқыну сатысының өте күрделі кезінде қолданады. Жанама әсерлері: гиперкальциемия, жедел гепатит (паренхиматоздық сарғаю), жүрек жұмысының бұзылуы. Жүрек-тамыр жүйесі, бауыр және бүйрек ауруларында, гиперкальциемияда қолдануға болмайды.
Фосфэстрол (хонван және т.б.) - 6% - 5 мл ампуласы және 0,1 және 0,2 г № 30 түймедағы. Бұны қуық түбі безі ісігіне қан тамыр арқылы 0,5 -1,5 г-нан тамшылатып (5% глюкозамен) 10-15 күндей беріледі, содан соң 0,25 г 10-20 күнге дейін қолданылады. Қан тамыр арқылы бере алмаған жағдайда түймедағы 0,2 г-нан күніне 3 реттен беріледі. Кейбір жанама әсерлері болуы мүмкін, ал қанның ұюы күшейгенде, бауыр ауруында, сүт безігінің ісігінде, тромбофлебитте және тромбоэмболияда қолдануға болмайды.
Эстрамустин (эстрацит және т.б.) - қаптамасы 0,14 г №100 және флакондағы ұнтақ 0,3 г егуге арналған. Бұны да қуық түбі безінің ісігіне, гормондық емнің әсері болмағанда қолданады. Күніне 4-5 қаптамадан 2 рет береді. Лейкопения, тромбоцитопения, анемия, лоқсу, құсу, ұйқы қашу, ісіну, аллергиялық және т.б. өзгерістер болуы мүмкін. Бауыр, жүрек, асқазан ауруларында қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |