7. Қатерлі ісіктерге қарсы әсер ететін ферменттер.
L – Аспарагиназа (лейназа және т.б.) 3000 және 10000 ХБ флакондағы ұнтағы егуге арналған. Жедел лимфобластомалық лейкозға, қайталанған жедел миебластомалық лейкозға, лимфосаркомаға, ретикулосаркомаға, Т-клеткалық лимфомаға қарсы қолданылады. 6000 – 10000 ХБ/м күніне 1 рет қан тамырға немесе бұлшық етке немесе күнара 1 рет беріледі, емі көпке созылады, жалпы емге арналған мөлшері 300000 – 400000 ХБ болады. Жанама әсерлері: қызба, лоқсу, құсу, бас ауыру, аллергиялық өзгерістер, бауыр, бүйрек және ұйқы безінің жұмысының бұзылуы байқалады. Бауыр, бүйрек, ұйқы бездің және орталық жүйке жүйесінің жұмысы бұзылғанда, жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.
8. Қатерлі ісіктерге қарсы қолданылатын белсенділігі үлкен ішкі - иммуномодуляторлық және вирусқа қарсы әсері бар заттар (цитокиндер – интерферондар мен интерлейкиндер).