І бөлім Үлес және бөлшек ұғымдарының теориялық негіздері


Бастауыш сыныпта санның үлесін және үлесі бойынша санды



бет4/9
Дата26.05.2022
өлшемі263,48 Kb.
#35702
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Манат Ләйля курсовой 1

2.1. Бастауыш сыныпта санның үлесін және үлесі бойынша санды

табуды үйретудің ерекшеліктері


Бастауыш сыныпта үлес, бөлшек, оларды жазу, салыстыру, санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, санның бөлшегін табу сияқты мәселелер қарастырылады.
Балаларды үлестермен таныстыру практикалық іс-әрекет арқылы

жүзеге асырылады. Бөлшек туралы алғашқы түсінік нақты заттар геометриялық фигуралар , шамаларға пркактикалық амалдар қолдану арқылы беріледі.
Жолақтың ұзындығы 12 см, ол 3 тең бөлікке бөлінген. Бір бөлігінің ұзындығы неше сантиметр? (4см) Қалай білдіңдер?
12÷3 = 4 (см), сонда саны бойынша үлесін табу үшін қандай амал қолданамыз? (бөлу).
Жолақ тең 4 бөлікке бөлінген. Оның бір бөлігінің ұзындығы 3 см. Тұтас жолақтың ұзындығы қанша сантиметр? (12см) Қалай білдіңдер?
4·3 = 12 (см) сонда үлесі бойынша санын табу үшін қандай амал қолданамыз? (көбейту).
Бөлік, үлес туралы түсінік фигураларды тең бөлікке бөлу, бөлігін табу арқылы қалыптастырылады. Мысалы, геометриялық фигураларды бөліктерге бөлу арқылы үлес ұғымын таныстыру. Слайд бойынша салыстыру кестесін талдап, есеп құрастыр.
Үлесті алғашқы рет көбейту мен бөлуді оқытумен байланысты 3сыныпта оқытады. Үлесті оқыту шаманы оқытумен тығыз байланысты, сондықтан оқушылар математиканың өмірмен байланысын аңғарады. Оны бүтінді бөліктерге бөлуге проблемалық жағдай туғызудан бастауға болады: «Алманы ағасы мен қарындасына тең бөліп бер» және т.б. Бүтін санды бірнеше тең бөліктерге бөлуді және үлестің көлемі әр түрлі болатындығын түрлі фигураларды (геометриялық) қолданып көрсеткен тиімді. Мысалы: «Дөңгелек, шаршыны, тікбұрышты, жолақты кесіндіні тең екі бөлкке бөл». Әрқашан «тең» бөлікке көрсетіледі, бүгуді қолдануға болады.
Шаманың үлесі сөзбен айтылады, қарапайым үлес түрінде жазылмайды, бірақ 4-сыныпта бастауыш мектеп математикасының курсын жалпылау барысында мүмкін деңгейде үлестің жазылуы беріледі.
Үлестің алудың бірінші сабағында оқушылар бірден шаманың үлесін табуды шешуге үйренеді. Мысалы: «Көк кесіндінің ұзындығы қанша сантиметр? Көк кесіндінің жартысының (екіден бір бөлік) ұзындығы қанша сантиметр?» (4см).
Бірден әртүрлі шамалар қарастырылады: «Тәуліктің жартысы неше сағатты құрайды? Ал тәуліктің төрттен бір бөлігі? Ал үштен бір бөлігі ше? Сағаттың жартысы неше минут? Ал сағаттың үштен бір бөлігі ше? Ал алтыдан бірі ше?» «Ұзындығы 20м жолақтың жартысы қанша метр? Ал төрттен бірі ше? Ал бестен бір бөлігі ше?», «Қорапта 18 кг шай бар. Қораптың жартысы қанша килограмм? Ал он сегізден бір бөлігі ше?», «Ыдыста 24 литр сүт бар. Ыдыстың үштен бір бөлігінде қанша литр сут бар? Ал жиырма төрттен бір бөлігі ше?» есептерді салыстыру және оларды шешу арқылы оқушылар әр түрл шамаларға үлесті қолдануға және шаманың үлесін табуға үйренеді.
Мысалы, бір кесінді алайық. Кесіндінің ұзындығы қаншаа сантиметр? Кесіндіні неше тең бөлікке бөлуге болады? Ұзындығы 1см болатын 5 бөліктен тұратын кесінді сыз. Қосудың көмегімен оның ұзындығын қалай табуға болады? Ал көбейту ше?»
Оқушылар шаманы үлесі бойынша табуға берілген есепті шешуге дайындалады: «Сымның бестен бір бөлігінің ұзындығы 20см. Сымның ұзындығын тап». Оқушылар «бестен бір бөлікті» қалай түсінеді, оны қалай алады? Бүтін сымда қанша бестен бір бөлік бар? Кесіндінің барлық ұзындығын қалай табуға болады?
4-сыныпта оқушылар санның үлесін табуға есептер шығарады, үлесі бойынша санды табуға кері есептер құрастырады. Ал одан соң километрдің, метрдің, т.б. мыңнан , миллионнан бір бөліктерін табады. Өлшеу жүйесі мен ондық санау жүйесінің арасындағы байланыс туралы түсіндірем беріледі. «Милли-, санти-, деци-, кило-» сөздерінің мағынасын ашады. «Деци- оныншы бөлік, «санти-» мыңнан бір бөлік. Ал «кило-» 1000 есе артық.
Үлестер туралы дұрыс түсінік қалыптастыру үшін геометриялық фигуралардың, кесінділердің үлгісі, жолақшалар, ленталар, т.б. заттарды алуға болады. Мысалы: кесіндінің жартысын алу үшін, оны екіге бөліп, бір бөлігін алу керек, ал оның төрттен бір бөлігін алу үшін не істеу керек? – төртке бөліп, І бөлігін алу керек. Жолақты әуелі екі бүкте, оның бір бөлігін көрсет, енді тағы екі бүкте, сонда барлығы неше бөлік. Оның бір бөлігін көрсет. Екі дөңгелек ал. Оның біреуін бірдей екі бөлікке бөл, мынау бір дөңгелек немесе тұтас дөңгелек, ал мынау оның жартысы, немесе І бөлігі. Бүтін дөңгелекте осындай неше дөңгелек бар. 2 немесе неше жартыдан тұрады? Шаршының екіден бір үлесін қалай шығарып алуға болады? Оқушылар бүктеу арқылы көрсетеді.
Үлестерді екі санның көмегімен жазады. Мысалы: ½; ¼; ( екіден бір; төрттен бір деп оқылады). 2,4 сандары фигураның немесе заттың 2,4 бөлікке бөлгендігін, ал 1 саны сондай бір бөлігі алынғандығын көрсетеді.
Алманың төрттен бір бөлігін көрсет. Ол үшін бөліп бір бөлігін көрсет. Ол үшін төртке бөліп бір үлесін жазамыз, оны былайша жазады: ¼ . Кесіндінің 1/8 бөлігін көрсет. Кесіндіні 8-ге бөліп, бір үлесін аламыз. Тұтас кесіндіде осындай 8 үлес бар. Алынған білім мен дағдыны бекіту үшін түрлі жаттығулар ұсынуға болады.
І. Суретте жолақшаның қандай үлестері көрсетілген? Атаңдар және жазыңдар.
ІІ. Кез келген тік төртбұрыш, шаршы, кесінді алып, оны бөліктерге бөліп, үлестерін көрсет және жаз.
ІІІ. Суреттегі жолақтарды пайдаланып, үлестерді салыстыр. Көз мөлшерімен салыстырсақ, ең үлкен ½ үлес екенін, ал бірдей 5 кесінді алып, оның 1/2; 1/3; 1/5; 1/7; 1/9 үлестерін бүктеу арқылы салыстырып алған білімдерін бекітуге және қайталауға болады.
Бөлшек туралы түсінік осы үлес туралы түсніктің табиғ жалағсы болып табылады. Бөлшек туралы ұығым дұрыс қалыптасу үшін:

  1. Кез келген бірнеше бөліктерге бөледі;

  2. Сол бөліктен (нақты санның) бірнешеуін бөледі.

Мысалы: кесіндіні үшке бөл, оның бөлігін ата және жаз. 1/3 үлес (үштен бір). Енді екі бөлігін көрсет немесе үштік үлесті көрсет. Осы кесіндіні 6-ға бөл. 5 бөлігін көрсет. Ол қалай аталады? 2/3; 5/6. Бұл бөлшек, ол да үлес сияқты жазылады және оқылады, мұндағы 3,6 қанша бөлікке бөлгенді, ал 2,5 – қанша бөлікті алғанды көрсетеді.
Бұл тақырыпты оқып үйрену нәтижесінде балалар:

  1. Бөлімі оннан кіші үлестерді жасап, жаза білуі керек. Тұрмыстағы1/3; 1/4; 1/2; атауларын білу керек;

  2. Бөлімі оннан кіші жай бөлшектерді оқи, жаза біліп бөлшектіңалымы мен бөліміндегі сандар нені көрсететінің жақсы білу керек;

  3. Алымы бірге тең бөлшектерді ғана салыстыра білу керек;

Үлестің, бөлшектің нақты мәні, санның үлесін, үлесі бойынша санды, санның бөлшегін табуға берілген есептерді шығару көрнекі құралдардың көмегімен беріледі.
Әуелі санның үлесін табуға берілген есептер енгізіледі. Көрнекілік үшін жолақ лента, жіп, бу, сым, т.б. үлесін оңай табуға болатын заттарды алған тиімді. Жолақтың кесіліп алынған бөлігінің ұзындығы неше см?
Оқушылардың алдында 8 см. жолақ жатады. Олар оны тең 2 бөлікке бүктеу арқылы бөледі, шыққан бөлікті өлшейді, немесе бірден ауызша жауабын айтады. Шешуі былай жазылады: 8/2=4 (см) Жауабы: 4см.
Білімді мынадай жаттығулар арқылы тиянақтай түсу керек:
1.1/4 м; 1/4; 1/5 метрде қанша сантиметр болады?
2. сағ.; 1/3 сағ; 1/5 сағатта қанша минут болады?
Және т.с.с. үлесі бойынша санды табуға арналған есептер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет