І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Студенттерге берілетін тапсырмалар



бет30/39
Дата15.10.2022
өлшемі155,4 Kb.
#43320
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39
Студенттерге берілетін тапсырмалар:

  • Дыбыстардың айтылу үлгісін беру.

  • Балаларға шығармашылық тапсырма орындату.

  • Көрнекіліктер

  1. Дидактикалық ойындар.

  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыстық мәдениетін қалыптастыру балалардың жас ерекшелігіне қарай жүргізілуі

ІІ. Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары.

Бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың әдістері

  1. 3 жасқа дейінгі балалармен жүргізілетін жұмыс

  2. 5 жасқа дейінгі балалармен жүргізілетін жұмыс

  3. 7 жасқа дейінгі балалармен жүргізілетін жұмыс

ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.
Ересектер мен мектепке даярлық топтарына технологиялық карта құру, өткізу, талдау.
ҮІ .КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
6.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстырудың маңызы.
Мақсаты: Студенттерге мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстырудың мазмұны мен міндеттерін, әдіс-тәсілдерін түсіндіріп, меңгерту. Күнделікті іс-тәжірибеде пайдалануға бағыттау.
Жоспар

  • Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстырудың маңызы мен міндеттері.

  • Көркем әдебиетпен таныстырудың әдіс-тәсілдері.

Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Көркем әдебиет мектеп жасына дейінгі бала тілін қалыптастыруда, дамып жетілуіне үлкен әсер етеді. Көркем әдебиет арқылы бала айнала қоршаған орта, табиғат туралы түсінік алып, адамдар арасындағы қарым-қатынас жайлы түсініктері дамиды. Өлеңдерді, ертегілерді тындаған кезде бала сол кейіпкерлердің жақсы іс әрекетіне үйрене бастайды. Сөйтіп көркем әдебиет арқылы бала адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық тәрбие алады.
Балабақшаға арналған білім беру бағдарламасында әр топта оқытылатын көркем шығарманың тізімі берілген. Осыған орай:
1.Сол шығарманың мазмұнын меңгертіп дұрыс түсініктерін қалыптастыру тәрбиешінің ең басты міндеті болып саналады.

  1. Әңгімені не ертегіні тыңдаған бала сол шығарма оқиғасымен кейіпкерлердің іс-әрекетімен бірге шығармадағы көңіл-күйді өзі бастан кешіргендей сезімде болуы тиіс.

  2. Шығармада не туралы айтылғанын, сол шығарманың кейіпкерлері не себепті ұнады, ұнамаса қандай мәселелері бар және шығарма тіліндегі бейнелі сөздерді ажырата алатындай дәрежеге жетуі тиіс.

  3. Шығарма мәтіні ролдерге бөлініп беріліп, балалар сол ролдер бойынша жауап береді.

  4. Тәрбиеші өз тобындағы балалардың өткен жылы қандай шығармамен танысқанын еске түсіріп отыруы қажет.

  5. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем шығармамен таныстыруда ең жиі қолданылатын әдіс тәрбиешінің оқып беруі. Көлемі шағын мәтіндер ауызша жатқа оқылады. Бұл кезде басты көңіл бөлетін жәй балаларды басқаның сөзін тыңдай білуге үйрету, сол арқылы есте сақтау қабілетін арттыру.

  6. Баяндау әдісі. Бұл әдістің алдыңғыдан айырмашылығы тәрбиеші оқылатын шығарманы сөзбе-сөз емес еркін түрде айтып береді. Яғни мәтінді тәрбиеші қысқартуына да, балаларға қиындық келтіретін бөліміне түсінік беруге болады. Баяндаған, әңгімелеген кезде сол топтағы балалардың сөздерімен шектелмей әдеби тілде сөйлеу қажет.

  7. Жаттау әдісі. Бұл әдіс көбінесе өлеңдерде, мақал-мәтелдерде, оқыған кезде пайдаланылады.

  8. Дидактикалық ойындар. Балаларға таныс шығармалар арқылы жүргізіледі.

  9. Сөздік жұмыс. Әрбір оқылған шығармадағы балаға таныс емес оқиғалар суреттер, көрнекіліктер арқылы түсіндірілуі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет