П. Студенттердің оқытушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары Семинар жоспары бойынша пікір алысу Студенттердің жауабын толықтыру, қорыту.
“Балбөбек”, “Біз мектепке барамыз”, “Зерек”, “Алғашқы қадам” және т.б. бағдарламаларының құрылымы:
—
Ш. Студенттердің өзіндік жұмыстарыБағдарламаларға талдау
1.5. Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері. Мақсаты: Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері туралы түсінік беру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптарды үйрету, оны іс-тәжірибе барысында қолдана білуге дағдыландыру.
Жоспар
Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын жалпы талаптар.
Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретушінің іс-әрекетін оқыту әдісі деп атайды. Әрбір пәннің өзіне тән оқыту әдістері болады. Сол сияқты тіл дамыту әдістемесінің де төмендегідей әдіс-тәсілдері бар:
Көрнекілік әдіс – егер оқылатын объектімен балалар тікелей танысатын болса, онда сол нәрсені, затты есінде жақсы сақтайды. Егер таныстырылатын нәрсемен бетпе-бет кездесуге мүмкіндік болмаса, онда тәрбиеші ол заттардың ойыншық түрін немесе суретін көрсетуі қажет.
Сөздік әдіс.
а) Әңгімелеу әдісі – көркем әдеби шығармалармен таныстырған кезде жиі қолданылады. Әңгімелеу әдісі тәрбиешінің сұрағынан және балалардың жауабынан тұрады. Яғни бұл әдіс бойынша тәрбиеші де балада сөйлейді. Әңгімелесу әдісі кезінде де көрнекілікті пайдалануға болады. Дидактикалық ойынның бір ерекшелігі бала әрі ойынға қызығады және байланыстырып сөйлеуге үйренеді.