І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Сөздің грамматикалық құрылысын меңгерту



бет7/39
Дата15.10.2022
өлшемі155,4 Kb.
#43320
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
І б лім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту дістемесі

Сөздің грамматикалық құрылысын меңгерту. Әрбір тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағынасын білу аз. Сонымен бірге осы сөздердің грамматикалық мағынасын да балаларға түсіндіру қажет. Мысалы: алма – зат есім (лек. м).

Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз — сөздердің байланысқөа түскендегі мағынасы. Мысалы: ағаш-тар (қосымша арқылы жүзеге асырылады). Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің грамматикалық формасын меңгерту дидактикалық ойындар және грамматикалық жаттығулар арқылы жүзеге асырылады. Мектепке барғанға дейін балаларға ереже айтылмайды.

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру.

Бұл міндет бойынша мектеп жасына дейінгі бала жеке құбылыстарды, буындарды, сөздерді дұрыс айтуға үйренеді және сондай-ақ орфоэпиялық ережелерге сәйкес үндестік заңын сақтап сөйлеуге, сөйлеген кезде айтылатын ойдың мазмұнына қарай сөз әуенін, нақышын, қарқынын, екпінін құбылтып айтуға дағдыланады. Және дыбыстық мәдениетті қалыптастыруда тәрбиешінің өзінің сөзді анық, қатесіз айтуы басты роль атқарады.

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстыру.

Бұл міндет тәрбиешінің баяндауы немесе мәнерлеп оқуы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар мектепке барғанға дейін бала оқылған әрбір шығарма бойынша толық баяндап айтуға, сол шығарманың оқиғасына деген пікірін айта білуге дағдылану қажет. Жалпы баланың көркем әдебиетпен таныстығы тақпақтар, шағын ертегілермен танысудан басталады. Сонымен қатар көркем әдебиет балаларға педагогикалық әсер берудің де ең тиімді құралы болып табылады. Көркем шығармаларды оқу арқылы бала жалқаулық, қорқақтық, өзімшілдік секілді жағымсыз әдеттерден жиіркеніп, жақсы мінез-құлыққа тәрбиеленеді.

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларды сауат ашуға даярлау.

Балабақшада жүргізілетін жұмыстардың барлығы баланы мектепке даярлау мақсатын көздейді. Сондықтан ересектер тобынан бастап тіл дамытуда сауат ашу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Тіл дамыту әдістерін талдау, жинақтау әдісіне сәйкес балалар сөздерді буындарға, жеке дыбыстарға бөліп және керісінше сөйлем құрауға үйренеді.
Осы аталған міндеттер бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы: сөздің дыбыстық мәдениетін балаларға үйреткен кезде грамматикалық формаларға көңіл бөлмеуге болмайды, яғни жеке сөздер арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыланған кезде белгілі бір морфологиялық тұлғаны да меңгертуді де естен шығармау керек. Сол сияқты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты байланыстырып сөйлеуге үйрету болса, бала тілінің сөздік қорын дамыту жағы да ескерілуі қажет (әңгімелесетін тақырыпта жаңа сөз болу керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет