І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Студенттерге берілетін тапсырма



бет5/39
Дата15.10.2022
өлшемі155,4 Kb.
#43320
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
І б лім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту дістемесі

Студенттерге берілетін тапсырма:

  1. Ресейдегі тіл дамыту әдістемесінің дамуы.

  2. Тіл дамытуға үлес қосқан ғалымдар, олардың еңбектері.

  3. Ресей ғалымдарының тіл дамытуға байланысты еңбектерін талдау.

ІІ. Студенттердің оқытушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары.
Тапсырма сұрақтары бойынша пікір алмасу. Студенттердің жауабын толықтыру, қорыту.
Ш. Өзіндік тапсырмалар. К.Д.Ушинскийдің “Балалар әлемі және хрестоматиясы” және “Ана тілі” еңбектерін оқып, талдау.
1.4. Балабақшадағы тіл дамыту жұмысының жүйесі
Мақсаты: Балабақшадағы тіл дамыту жұмысының жүйесі туралы түсінік беру. Тіл дамыту жұмысының жүйесінің ерекшеліктерін ажыратып, мазмұнын анықтауға бағыттау. “Балбөбек”, “Алғашқы қадам”, “Зерек бала”, “Біз мектепке барамыз” бағдарламаларының ерекшелігін меңгерту.
Жоспар:

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ана тілінің маңызы.

  2. Тіл дамыту жұмысының жүйесі

Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Қазақстан Республикасының Білім беру Заңының Жалпы және кәсіптік білім беру“ деген 21-бабында: Іске асырылатын білім беру бағдарламасының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінетінін және осы Жалпы білім беруге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды бірінші орынға қойған. Сонымен қатар осы Заңда 23-бапта көрсетілгендей мектепке дейінгі тәрбие отбасында немесе мектепке дейінгі ұйымдарда, 1-6 жасқа дейінгілерді тәрбиелеу мен оқыту және мектепке даярлау міндеті білім беру бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылады. Демек, мектепке дейінгі ұйымды халық ағарту жүйесіндегі бірінші баспалдақ деуге болады. Жас бүлдіршіндерді сауатты да, мәдениетті сөйлеуге үйрету балабақшадан басталады. Сондықтан білім мен тәрбие жұмысының негізгі мазмұны балаларды ауызша дұрыс сөйлеуге үйрету болып табылады. Егер бала тілді, оның грамматикалық құрылысын жете меңгерсе, көргендерінен қорытынды жасап, пікір айтуға, зат пен оның бөліктерінің арасындағы байланысты ажырата білуге үйренеді. Баланы дұрыс, мәдениетті сөйлеуге деген ынтасын оята білу қажет. Осы мақсаттарды көздейтін тіл дамыту әдістемесі мектеп жасына дейінгі балаларды сауатты сөйлеуге үйрету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады және осы міндеттер тіл дамыту жұмысының жүйесін құрайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет