І бөлім: Оқушылардың жаратылыстану пәнін окытудың әдіснамалық теориялық негіздерін анықтау


Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің технологиясы



бет10/31
Дата15.06.2023
өлшемі303,36 Kb.
#101686
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
Алифатты косылыстар 1111111

2.3. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің технологиясы.
Орта және жоғары білім беретін оқу орындарының аса маңызды міндеттерінің бірі – болашақ жас ұрпақтарға экологиялық ғылыми негіздерін тереңдете, тиянақты түрде беру, оларды практикада қолдан білуге дағдыландыру, экологиялық жауапкершілік сезімін қалыптастыру болып табылады.
Білімді игерудің жан-жақты тәрбиелік астарын жоғары бағалаған орыстың атақты педагогы Н.И.Пирогов: «Ғылым мен мәліметтер – игеру үшін ғана емес, онда аса маңызды элемент – тәрбиеленушілік жасырынып жатады, кім оны өз мақсатына пайдалана алмаса, онда ол ғылымның барлық қасиетін білмегені және үлкен жүктерді көтере алатын тұтқаны өз қолынан түсіріп алғаны», - дейді. Сондықтан әрбір ұстаз өз пәнінің экологиялық тәрбие берудегі осы тұтасқан дәл тауып, оны қоғам қажетіне сай пайдалана алуы тиіс.
Экологиялық тәрбие беру мақсаты тәжірибелік – педагогикалық жұмыс тәрбие теориясы мен дидактикасының соңғы жетістіктеріне сүйене отырып жүргізіледі.
Дидактика мәселесін зерттеушілер Ю.Н.Бабанский, Р.Г.Лемберг, И.Ф.Харламов, И.П.Подласый, А.И.Ильина, А.Д.Хмель, Б.Р. Айтмамбетова, А.А. Бейсенбаева, Ж.Б.Қоянбаев және т.б. оқытудың тәрбиелік рөлін күшейту және сабақтың ерекше кең тәрбиелеушілік, дамытушылық өрістермен астасып, және адамды қалыптастыруды кешенді тұрғыдан шешуі тиіс деген теориялық пікірлерін басшылыққа алдық.
Оқу орындарында студенттердің оқушыларға экологиялық тәрбие мен білім берудегі пәндердің ішінен бастапқы курс жаратылыстану екеніне көз жеткіздік.
Жаратылыстану пәнінің экологиялық тәрбие берудегі мүмкіншіліктеріне тоқтала кетеміз.
1.Студенттердің оқушыларға экологиялық проблемаларға байланысты сұрақтарды, табиғи ресурстарды қорғау, қоршаған ортаны танып білуі, оны жақсарту, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру,оның мәнін ашып көрсету.
2.Оқу материалдарының экологиялық мазмұнға, экологиялық талапқа сай келуі.
3.Оқу материалдарының оқып үйренуге оқушы жастардың практикалық іс-әрекеттердің ұйымдастырылуы.
Жаратылыстану курсының экологиялық білім беруі мынадай ерекшеліктермен сипатталады.
1.Экологиялық түсініктерді тереңірек оқып үйрену.
2.Оны қолданудың тәсілдері және оларды сипаттау.
3.Экологиялық түсініктерді қалыптастыруда күнделікті өмірмен байланысты қолдану.
Жаратылыстану курсы арқылы экологиялық тәрбие берудің түрлі жолдары бар.
Олар: 1. Оқу үрдісінде пән аралық байланыстар арқылы тәрбие беру әдістері. 2. Сыныптан тыс жұмыстарда студенттердің оқушыларға экологиялық тәрбие беру жүйесі.
Біз № 172 қазақ орта мектебінде жүргізген “Тіршілік тыныс өсімдік” атты сыныптан тыс (7 сынып оқушыларынан жинақталған ) топ оқушыларымен факультативті сабақ жүргізілді. Сабақтың қысқаша көрінісін ұсынып отырмыз: “Тіршілік тынысы өсімдік” - атты факультативтік сабақ модулі. Сабақты өткізу барысында жалпы білімділігі: Өсімдіктің тіршілік тынысы екенін дәлелдеу, өсімдік мүшелері, өсімдікке қажетті орта жағдайлары мен олардың түрлерін анықтау туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың өсімдіктер әлемі туралы білімін тереңдету.
Тәрбиелілігі: “Өсімдіксіз тіршілік жоқ” өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу мақсатында қолданылған бұл сабақтардың бірі. 5- сабақ –“Өз бетіммен ізденемін” ойыны арқылы жүзеге асады.
Сабақтың тақырыбы: “Өсімдік - өндіруші”
Сабақтың мақсаты: өсімдіктің табиғатқа О2 өндіретінін дәлелдеу, оның да онтогенез процесінен өтетінін түсіндіру. Өсімдік мүшелері мен олардың атқаратын қызметімен таныстыру. Өсімдік көп түрлілігімен таныстыру. Оқушылардың өсімдіктер туралы білімін дамыта отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер. Оқушылардың өзіндік эмблемалары, және парталарға қойылаьын нөмірлері. Оқушылардың өздері даярлаған гербарийлері, тірек-сызбалары, жұмбақтары. 4 топқа берілетін ойлан тап сұрақтары.
Сабақтың әдіс – тәсілі “Өз бетіммен ізденемін” оқыта-үйрету ойыны, топтармен жұмыс жүргізу.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Кіріспе
2.Өткен сабақпен байланыс
3.Жаңа сабақ сыныпты 5 топқа бөлу. Ойын шартымен таныстыру. Әр топ тапсырмалар қойылған парталарға отырады. Әр топ өз тапсырмаларына 5-10 минут дайындалады. Топтар парталарын ауыстырады. Мұғалім, және әр топтан сайланған комиссия тапсырмаларды тексереді.
Ойынның 1-ші нәтижесі жарияланады.
Жаңа партада әр топ ретімен өз тақырыбын әңгімелейді. Ал қалған топтар сыншы, талдаушы рөлін атқарады.
ІІ айналым.
Оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралады. Әр топтан бір оқушы шығып, тақтада өз тақырыптарын әңгімелейді. Әр топтың тірек-сызбалары, суреттер тақтада ілініп тұрады.А тобының тірек-сызбасы.
Тұқымынан өнеді.




Өсімдіктер





Ағаштар
Емен
Қарағай
Қайың
Тал
Терек
Шырша

Бұталар
Тобылғы
Итмұрын
Жыңғыл
Қарағай

Шөптер
Жусан
Селеу
Бидайық
Жоңышқа
Шоңайна
Бақбақ
Бетеге



жеміс

тамыр

тұқым





Өсімдік мүшелері



сабақ

гүл





жапырақ

Б тобының тірек-сызбасы






Өсімдікті көтеріп ұстап тұрады



Тыныс алуға көмектеседі

Өрмелегіш сабақ







Сабақ

Өткізгіш

Төсемелі





Өсімдік мүшелерін байланыстырады



Өсімдік мүшелері орналасады

Г тобының тірек-сызбасы



Өсімдік сәні

Хлорофилл бар



Д тобының тірек сызбасы

Құрғақ



Жеміс

Дәрі-дәрмек, витаминдер

Шырынды




Өсімдік сыйы



Жемісте болады





Тұқым

Өсімдікті таратады

Қорек, тамақ


Әр топ жетекшілері сөйлеген кезде, мұғалімнің, сыншы, талдаушы топтарының сұрағына жауап беріп қорытындылайды.


ІІІ. 1. Ойын “Мен сұраймын, сен ізден”
Екі топ бір-біріне кезек сұрақ береді, жауап қайтарады.
А-Б, Б-В,В-Г, Г-Д, А-Д, А-В,А-Г, А-Д.
2. Мақал – мәтелдер айту. “Өсімдік туралы”
Сабақты қорытындылау.
1.Сұрақ-жауап.
2.Жұмбақтарды шешу.
3.Мақал-мәтелдер айту.
Оқушыларды оқытушы басшылығымен әр топ бірін-бірі өздерін өздері бағалайды.
Модульдік сабақты толығымен жүргізу барысында табиғатты қорғауға арналған класс сағаттарын, экскурсиялар, әңгімелер өткіздік. Бірақ эксперимент жүргізбей тұрып оқушылар өсімдіктердің оттегі лабороториясы екенін біле тұра, өсімдіктерді мақсатсыз жұла беретінін мойындап, енді оларды қорғайтындарын айтты.
Біз № 172 қазақ орта мектебінде 7 Б сынып оқушыларына жүргізген “Табиғатым - тағдырым” атты сыныптан тыс топ оқушыларымен Көңілді тапқырлар клубы өткізілді. Сабақтың қысқаша көрінісін ұсынып отырмыз:
Көңілді тапқырлар клубының тақырыбы: “Табиғатым - тағдырым”
Жер басып жүрген пенденің өмірінде еш нәрсемен алмастыруға болмайтын мәңгілік тірегі бар. Ол - Табиғат!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет