І бөлім: Оқушылардың жаратылыстану пәнін окытудың әдіснамалық теориялық негіздерін анықтау



бет4/31
Дата15.06.2023
өлшемі303,36 Kb.
#101686
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Алифатты косылыстар 1111111

Зерттеудiң ғылыми болжамы. егер, оқушылардың жаратылыстану пәнінің мазмұны теориялық -әдіснамалық тұрғыдан дәлелденіп, арнайы тұжырымдама негізінде жасалған тиімді әдістеме арқылы жүзеге асырылса және оқу - әдістемелік кешенмен қамтамасыздандырылса, оқушылардың жаратылыстану пәнінен білімі артып, практикалық іскерлігі мен дағдысы шыңдалады, дүниетанымдық, адами - эстетикалық көзқарасы қалыптасады, өйткені, бірегей табиғатты сақтау әр оқушының тікелей табиғатты қорғаудағы сауатты көзқарасына байланысты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

  • Орта білім беретін оқу орындарында сыныптарда және сабақтан тыс жұмыстарында оқушыларға табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие берудің ерекшелігі, мәні ашылды.

  • Оқушыларға сыныптан тыс факультативті сабақ арқылы жүйелі табиғатты қорғау үлгісі жасалды.

  • Оқушыларға жаратылстану пәнін оқытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану әдістемесінің мазмұны айқындалды.

  • Жаратылстану пәнін оқытуда сабақ және сабақтан тыс жұмыс формалары тәжірибе – эксперимент жүзінде тексеріліп, дәлелденді және олардың негізінде әдістемелік нұсқаулар жасалды.

Зерттеудiң практикалық құндылығы:

  • Табиғатты сүю – барлық халықтың, соның ішінде оқушылардың дүниетанымы мен көзқарасына, мәдениетіне терең бойлауды қажет ететін адамгершілік құндылықтарының проблемасы. Бұл құндылықтарға табиғатқа және тіршіліктегі барлық көріністерге деген аялы сезім, табиғатты қорғау қажеттілігіне деген ішкі сенім жатады.

  • Оқушылардың жаратылыстану пәнін окытуда табиғатты сүю көзқарасына әсерінің мазмұны нақты шарттар арқылы (мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік), жүзеге асырылады: мазмұндық – тұжырымдама негізінде жасалған бағдарламалар, оқулықтар мен құралдар жасаумен айқындалады; Ұйымдастырушылық - оқу–тәрбие процесінде әртүрлі жүмыс формаларын, әдіс–тәсілдерді, амал– жолдарды пайдаланумен айқындалады; әдістемелік – ғылыми тұрғыда негізделген жұмыстарды практикада қолданумен анықталды.

  • Оқушыларға жаратылыстану пәнін окытуда табиғатты сүю көзқарасына әсерін тұжырымдамасы табиғатты сүюге дұрыс жүзеге асыруға бағдарлайды.

  • Жаратылыстану пәнінің мазмұнын жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі оқушылардың табиғатты сүюге деген білім, іскерлік, дағды, әдеп деңгейін арттырады, табиғатқа деген мәдениетін жетілдіріп, қоршаған ортаны қорғауға бағыттайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет