І. Бөлім Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің теориялық негізі



бет15/16
Дата14.11.2022
өлшемі299,5 Kb.
#49910
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
ҚОРЫТЫНДЫ
Еңбек – адам дамуының негізі. Еңбек ету процесінде бастауыш класс оқушыларында пайда болатын қарым-қатынастар баланың болашақ әлеуметтік мәнін анықтайды, оның қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуының ең маңызды да шешуші шарты болып табылады.
Баланың әлеуметтік тұлға ретінде, еңбек етудің және осыдан туынды әлеуметтік қатынастардың субьектісі ретінде қалыптасуы, бүкіл адамзат тарихының заңды қорытындысы. Қоғамға пайдалы еңбек ету процесінде адамның барлық қабілеттері қалыптасады, ал еңбектің қарапайым түрлерінен күрделі түрлеріне көшу жолында баланың қабілеттері дамып, жетіле түседі. Сондықтан да бастауыш мектептегі еңбек сабағын дұрыс ұйымдастыру әдістемесін мұғалімдердің тыңғылықты меңгеруі ол атқарар педагогикалық процестің негізгі көзі екендігіне дау жоқ.
Кіші мектеп жасындағы оқушылар еңбек сабағынан алған мәліметтері негізінде табиғаттағы заттарды өзгерте бастайды, түсінеді, олардың ерекшеліктерін тереңірек ажырата бастайды, табиғат заңдарын онан әрі түсіне беретін болады, осы заңдылықтарды өзінің материалдық тұрмысын жақсартуға пайдаланады.
Сөйтіп, баланың бастауыш мектепке бару кезеңінен –ақ баламен табиғаттың арасындағы тұрақты процесс – еңбек, табиғатқа шынайы қарым-қатынас, міне бұл факторлар жастардың нақты проблемасын құрайды. «Адам өмір сүруінің қажетті шарты – нақты болмыс адамның дамуының да шешуші шарты болып табылатыны сияқты, бұл мұғалімдер үшін қатаң қағида болуы қажет демекпіз.»
Еңбек сабағындағы ұғымдарды оқушылардың меңгеруі, олардың сол заңдарды орынды да тиімді қолданып, жаңа еңбек құралдарын жасай алатын болады, сол еңбек құралдарына деген ұқыптылық, күтіп ұстау, орынды пайдалану сияқты қасиеттері қалыптасады. Олардың бұл қасиеті оқушылардағы дүние таяудағы тәжірибелері мен білімдері молайта тсүеді, ақырында толыққан бұл білім мен тәжірибе бұрынғыдан да күрделі құралдар жасап шығаруға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, нәтижелі ұйымдастырылған еңбек пәнінің арқасында өндіріс құралдарының жетілуі мен оқушының ой-өрісінің жетілуі арасында диалектикалық қарым қатынастар мәңгі болып тұратын болады демекпіз. өндіріс адамзат қоғамының бүкіл өмір сүру кезеңінде дами береді, ал адамның жетілуін мұғалімдер ешқандай мерзіммен шектеуге болмайтынын үнемі есте ұстаулары керек.
Қорыта келгенде, мына жайды болашақ мұғалімдер мен педагогикалық мамандық иелері ескерулері қажет демекпіз:
1. Материалдық өндіріс қоғам өмірінің бірден-бір негізі бола тұра, адамдардың өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді жасап шығарып, нақты тұрмыстың барлық салаларының ірге тасын қалайтындығы туралы дұрыс ой-пікір.
2. Өндіріс дамуының барысында оның техникалық құрал-саймандары үнемі өзгеріп, күрделене береді, сондай-ақ адамдардың ой-еңбегі жаңа қасиеттерге ие болады да, олар табиғаттың заңдарын игереді, оларды өз қажеттіліктерін өтеу үшін тиімдірек пайдаланады. Бұл адамдардың дүниетану қабілеттерін арттыра түседі, оның ой-өрісін кеңейтеді. Сонымен бірге өндіріс – адамдардың ғылыми жағынан жетлуінің негізі екендігін қоғам өмірі көрсетіп отыр.
Материалдық өндірісте адамдар бірімен –бірі өндірістік қарым - қатынаста болады, бұл қатынастардың барысында олардың саналылығы, моральдық қасиеттері қалыптаса береді.
3. Табиғаттағы заттарды өзгерту, өңдеу барысында адамдардың эстетикалық сезімдері пайда болады, жоғары сезімге айналады. Сөйтіп өндіріс сферасында, еңбек процесінде адамның барлық қабілеттері жетіледі, болашақтың ең жақсы игіліктері оған қызмет ететіндей болады. Сондықтан да еңбек сабағы оқушылардың мектеп өміріндегі ең бір есте қалар күрделі педагогикалық процесс, олай болса, еңбек пәнінің мұғалімі кіші жастағы оқушылардың еңбек процесін меңгерулеріне көмектесуі үшін оларды сабақ үстінде зерттеудің қарапайым әдістерін білу, мұғалімдер мен мектептің ата-аналармен, базалық кәсіпорынмен бірлесіп жүргізетін оқушылардың кәсіптік ой ниетін қалыптастыру жөніндегі жұмысына белсене қатысуы, жан-жақты жетілген адам қалыптастыруда жақсы нәтижелерге жетуі үшін еңбек тәрбиесіндегі комплекстік көзқарасты меңгеру, еңбекке баулудың осы күнгі диалектикасын, әдістемесін, проблемалық жағдайларын туғыза біледі, кіші мектеп жасындағы оқушылардың ізденіс қызметін ұйымдастыра білуді меңгеруді талап етеді. Еңбекке тәрбиелеу және оған баулу ісіне мұндай көзқарас оқушылардың еңбекке деген ойлануын дамытуда тиімді нәтижелерге жету үшін маңызды шарт болып табылады деп тұжырымдаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет