І. Бөлім Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің теориялық негізі



бет11/16
Дата14.11.2022
өлшемі299,5 Kb.
#49910
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дип.-Оқушылардың-кәсіптік-шеберлігін-қалыптастыруда-еңбек-тәрбиесінің-ролі

2.1. Мектепте оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің жүйесі
Еңбек тәрбиесінің маңызы мен мәнін дұрыс шешу оның міндеттері мен мазмұнын және жүзеге асырудың әдісі мен құралдарын айқындай білумен шарттас. Мектептегі еңбек тәрбиесі саласындағы басты міндеттер:

  1. Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.

  2. Оқушыға техниканың қарқынды дамуын, өндірісте қолдануын, оның әлеуметтік-экономикалық мәнін ұқтыру.

  3. Қарапайым станоктар мен құрал-жабдықтарды меңгертіп, олармен жұмыс істей білудегі білік дағдыларын қалыптастыру.

  4. Өнімді еңбекке қатыстыру арқылы оқушының қабілетін, ақыл-ойын, ерік қасиеттері менқызығушылық, т.б. Тағылымдарын арттыру.

  5. Еңбектегі ар, ұжданды сақтап, тиісті істі ыждаһатты атқарып, еңбекке деген ынтымақты жебеп, оған қажеттілік туғызу.

  6. Кәсіби мамандыққа бейімдеу.

Орта оқу орындары жағдайында бұл міндеттердің орындалуы еңбек пәндерін өту арқылы, мектептегі түрлі еңбектерге қатысу және сыныптан тыс еңбектерді атқару, жазғы кездегі еңбек лагерлеріндегі жұмыстарды орындау барысында жүзеге асырылады. Еңбек тәрбиесі саласындағы іс-әрекеттің нәтижелі болуы оны ұйымдастырудың әдістемесі мен формасына байланысты екендігіне зейін қойып, оқушының еңбекке деген ынтасын аударуға бағытталған таңдаулы даңқты еңбеккерлермен кездесу, экскурсиялар ұйымдастыру, еңбек акцияларын өткізу, бәсекелестік туғызу, т.б. Мән беру керек.
Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақатарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар алған өмір тәжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді.
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылардың өндірістік бригада базасында, оқушылардың еңбек және демалыс лагерлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтары туралы жағымды мысалдар аз емес. Оқушылар мектепте алған білімдерін пайдаланып, әр түрлі өсімдіктерді өсіреді, тәжірибелер жасайды, практикалық дағдылар мен іскерлікті игереді, кейбір мамандықтардың түрлерін меңгереді.
Осындай шығармашылық жұмыстың барысында химия, биология және өндіріс негіздері пәндері пәндері бойынша оқушылардың білімі байыйды тереңдейді, ғылыми-зерттеу ісіне қашықтанады, ауыл шаруашылық және өнеркісіп еңбек дағдыларына ие болады, олардың кәсіптік бағдары тәрбиеленеді. Қорыта айтқанда, еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде.
Оқу еңбегі бала үшін ойға толы, ұзақ, инемен құдық қазғандай, ақыл-ойдың кемелденуін талап ететін ең ауыр еңбек екенін к.д.ушинский ескерткен болатын. Оқу еңбегінің күрделілігі, оның нәтижесі бірден айқындалмауында, оқушыларға әрдайым көріне бермеуінде.
Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабақтарында шешіледі. Бастауыш сыныпта балалар қағаз қию, балшық пен пластилиннен бейне құру, өсімдіктерді күту, ағаш, пластмасса, қаңылтыр, сыммен жұмыс істеуді үйреніп, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек етеді.
Ортаңғы сыныптарда арнайы бөлінген оқу-тәжірибелік үлесті жер бөлігіндегі, оқу шеберханасындағы еңбек, жоғары сыньштардағы өнеркәсіп жәнс ауыл шаруашылық практикумдағы| оқушыларды жалпы еңбектің білік, дағдыларымен қаруландырып, политехникалық ой-өрісін кеңейтеді, кәсіптік ниетін және өмір жолын қалыптастыруға икемдейді.
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор.
«жас натуралистер», «жас техниктер», «жас тәжірибешілер» және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттермен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т.б.) Төселеді.
Мектепті өндіріске жақындату мақсатымен техникалиқ үйірмелер саны көбейіп келеді. Мысалы, село мектептерінде “жас механизаторлар», «жас малшылар», «жас өсімдік өсірушілер» т.б: үйірмелср құрылған. Бұл үйірмелер келешек мамандықты таңдап алуда оқушыларға ой салады. «олар әр мамандықтың болымды, болымсыз жақтарымен танысады, зерттейді, сөйтіп, өзімше тиісті шешім қабылдайды. Осыған орай, мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларға үнемі, бірізді педагогикалық пікір айтып, кеңес беріп отырса, олардың мамандықты таңдауда бірте-бірте шабыты, қызығушылығы арта түседі.
Үйірме жұмыстарын- жаппай жұмыстар толықтырады. Оқушылар қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға белсенді қатысады және оларды тікелей ұйымдастырды. Мұндай жаппай жұмыстарға «құстар күйі», «орман күні», «бақ аптасы», «еңбек мерекесі», т. Б. Жатады.
Өзіне-өзі қызмет ету — еңбек тәрбиесінің қажетті элементтерінің бірі. Балалар өзіне-өзі қызмет ете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, бұл менің адамгершілік борышым дейді, сонымен бірге олар үлкендердің еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады.
Мектеп жағдайнда өзіне-өзі қызмет ету – оқу құралдарын, кабинеттерді, жиһазды, сынып бөлмесін, мектеп үйін жөндеу, сыныптарды, дәліздерді, шеберханаларды, спорт алаңдарын, мектеп үйлерін жинау, т.б.
Үйелменде өзінің-өзі қызмет етудің түрлеріне төсек-орынды, пәтерді жинау, киім, аяқ киім және басқа үй мүліктерін тазалау, кір жуу, үтіктеу, киімді жамау, тамақ дайндау, т.б. Жатады.
Мектеп және үйелмен алдындағы басты міндет бұл өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасау, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру қажет. Әсіресе мұндай әртүрлі тұрмыстық еңбекті орындаудың барысында оқушылар арасында байқалатын ақсаусақтыққа, нәуетектікке, жас шонжарларға жол берілмейді. Оларға дұрыс бағыт беру – мұғалімдердің, ата-аналардың және әрбір үйелмен мүшесінің адамгершілік борышы.
Мектепте білім беруді оқушылардың ақыл-оймен еңбек ету мәдениетн қалыптастыру – аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Әрбір бала дер уақытында жақсы бағалар алып, оқуын жақсы нәтижелермен аяқтағанды қалайды. Дегенмен, түрлі себептерге байланысты: дәріс алудың сыртқы салдарларынан мәжбүрлік сипаттарына қарай, баланың өзінің жеке-дара мінез-құлығына байланысты (жалқаулық, мақсатшылдықтың болмауы), тұрмыс жағдайының күрделілігі сияқты, т.б. Себептерге байланысты мұндай тілектеріне барлығы жаппай, әрқашан қолдары жете бермейді. Оқушының оқуының төмен үлгерімде болуына кең таралған себептердің бірі – оқу, тәлім-тәрбие алу қызметінің ішкі түрткілерінің болмауы, сондай-ақ, парасатты қызмет әрекеттерінің әдіс-тәжірибесінің жеткіліксіздігі себеп. Осысебеп салдарға байланысты ақыл-оймен еңбек ету мәдениетін игеріп және оны дамыту қажеттілігі туындайды. Бұл мәселеге л.и.рушинский, в.а.кан-каяик, т.б. Өз еңбектерінде көңіл бөлген.
Оқушының ақыл-оймен еңбек ету қабілетін қалыптастыруда жетекші факторлардың бірі -–оның белсенділігі болып табылады. Белсенділік - жеке тұлғаныңқоршаған ортаға бейімделу қабілеті ғана емес, ол сондай-ақ, оқушының сол қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастық әрекетке түсуі, сол қоршаған ортаны оның өзгерте білуі. Ол жеке тұлғаның өзін қоршаған ортаның жалпы мәдени және кәсіби даму деңгейін көтеруге ұмтылып, талаптанумен, оқушының осындай талабының ішкі қажеттілігінен туындайды. Оқушылар өздерінің не істеп жүргендерін жете ұғынулары, оқуға үйренулері, өздері үшін жаңа білім көздерін өздері аша білулері керек.
Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда ақыл-ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру айрықша орын алады. Оқу еңбегінің мәдениеті оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетінің сапасын сипаттайды. Еңбектену мәдениеті — бұл оқу еңбегін дұрыс жоспарлау жане тиімді ұйымдастыру, оқу гигненасы ережесін, сақтау, жұмыс орнын және қажетті материалдарды реттеу, оқу құралдарын пайдалана білу.
Ақыл-ой жұмысының дұрыс ұйымдастырылған- ырғағы демалыспен еңбек түрлерінің орынды ауысып келіп отыруын қажет етеді. Оқушы осылардың бәрін бірізділік пен жүйелі түрде басшылыққа алып отырса, оқу еңбегінің тиімділігі артады.
Оқу еңбегінің мәдениеті ақыл-ой іс-әрекетінің жалпы ережелерін білуді және оны өз еңбегінде басшылыққа ала білуін талап етеді. Жалпы ережелерді білу оқушының болашақ оқу еңбегіндегі өзіндік еңбек мәәдениетінің тәсілдері мен стилін қалыптастыруға көмектеседі.
Ақыл-ой еңбегінде оқушылардың мәдениеті оқулықтармен ғылыми және әдеби кітаптармен жұмыс істегенде байқалады. Сондықтан оқушыларды жұмыс істей білуге дағдыландыру үшін оларды кітаппен жұмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар: кітап мазмұнын ұтымды пайдалану, текстің түсініксіз жерлерін бөлу, текске сұрақтар қою, оларға жауап қайыру, жұмысты жоспарлау, конспектілеу, қысқаша желісін (тезис) дайындау т.б.
Оқушының, өзіндік жұмысы, одан білімнің әр түрлі саласына байланысты кейбір ерекше қасиеттерді талап етеді. Мысалы: жұмыс барысында жинақты бөлу; қиыншылықты жеңу; ақыл-ой қабілетін дамыту; естің әр түрлі формаларын пайдалану — логикалык, моторлы және көз капері; бақылау, жазып алу т.б. Бұл қасиеттер тұлғаның өзін-өзі ұстай білуіне және жан-жақты сауаттылығына байланысты.
Сонымен еңбек тәрбиесінің нәтижесі оқушының еңбекті тіленіп қажет етуі, еңбекті атқаруға деген ықылас - ынтасы, оған қызығуы мен белсенділік танытып шын пейілімен атқарған ісінен ләззат алып, өнімді еңбекке орай кәсіби мамандық таңдауға деген құлқын айқындай түсу ниетінен көрінеді. Еңбек тәрбиесінің бағыт-бағдарын оқушының санасына сіңіріп, шама мүмкіндігіне үйлесімді еңбек дағдысына қалыптастыру олардың болашағында жалғастық табатын әдетке айналатын өмірмен құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет