І. Бөлім Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің теориялық негізі


ІV – сыныпта еңбек пәнінен сабақ беру арқылы кәсіптік бағдар беру әдістемесі



бет12/16
Дата14.11.2022
өлшемі299,5 Kb.
#49910
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
2.2. ІV – сыныпта еңбек пәнінен сабақ беру арқылы кәсіптік бағдар беру әдістемесі
Еңбекке баулу кәсіптік бағдар міндетін сапалы шешудің міндеті болып саналады. Оқушының еңбек сабағында нақты бір іске араласуы, сол арқылы ол толып жатқан жұмысшы кәсібімен танысуы, кәсіп туралы, өндіріс озаттарының өмірі мен творчествосы туралы мұғалімнің әңгімесі, техникалық үйірмелеріндегі, кластан тыс жұмыстар, мектепте өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету орындары еңбеккерлерінің жетістіктерін көрсететін стенділер, көрмелер ұйымдастыру, оқушының кәсіби мүддесінің қалыптасуына белсенді ықпал етеді.
Еңбекке баулудың әрбір кезеңінде /бастауыш кластарда/ кәсіптік бағдар мүмкіндігі оқушының жас ерекшелігіне, оқыту мазмұнына, қолданылатын жұмыстың ұйымдастыру формалары мен әдістеріне байланысты.
Бастауыш кластардағы еңбекке баулудың кәсіптік бағдарының келесі кееңдері үшін дайындық мәні зор. Төменгі класс оқушылары бастауыш мектептердегі қарапайым құралдар арқылы еңбек пен мамандық әлеміне бірте-бірте аяқ басады.
Оқушылармен әңгімелесу, экскурсияға шығу кезінде, диафильбер диапозитиптер, кинофильмдер көру арқылы олар өзіне таныс заттар мен бұйымдарды жасау туралы, ересектердің жұмысы, еңбек жағдайы т.б. туралы қарапайым түсінік алады. қағаз, картон, пластилин, мата секілді заттарды әр түрлі формада келтіру арқылы өз күшін іс-жұ\үзінде сынап байқайды, мұның өзі мектепке дейінгі алған еңбек іскерлігін қалыптастыруға немесе дамытуға мүмкіндік береді.
Еңбекке баулу пәнінің мұғалімі 1-2 және 4 кластардың оқушыларын еңбекке даярлаудың сабақтастығын қамтамасыз етудің зор маңызы бар. Ол бастауыш кластың мұғалімдерімен жұмыс жоспарын келісуі, оларға тиімді кеңес беруі және сол арқылы еңбекке одан әрі баулудың базасын әзірлеуі тиіс. 4 кластан бастап еңбек сабағында кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүргізіледі.
Алайда еңбек сабағының мүмкіндігі нақты кәсіппен таныстырумен ғана шектелмейді: оқушылар сабаққа басқа да кәсіппен хабардар болуы тиіс. Практикалық тапсырмалары бар еңбек сабақтары, қоғамға пайдалы, өнімді еңбек, еңбекке баулуда ерекше орын алатын өндірістік экскурсиялар мектеп оқушыларының кәсіптік бағдары мен политехникалық даярлығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл даярлықтың өзі кәсіби іске, нақты мамандыққа деген ықыласын қалыптастырумен қоса, техникалық ойлауын, творчестволық қабілетін, жеке басының коллектившілдік сапасын да қалыптастыруды көздейді. Еңбек пәнінің мұғалімі өз жұмысында алуан түрлі әдісті ауызша, көрнекі практиканы пайдаланады, алайда көбірек пайдаланатыны оқушыының еңбек әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін практикалық әдіс. Мұғалім алуан түрлі тәсілдерді қолданады, мәселен дерегі толық емес есептер шығару, еңбекті жоспарлауға және ғылыми ұйымдастыруға байланысты тапсырмалар мен жаттығулар беру, жүргізу т.б. өз жұмысына оң нәтижеге қол жеткізу үшңн еңбек пәнінің мұғалімі оқушылардың творчестволық белсенділігін шақыруы, олардың еңбек тапсырмасын түсініп атқаруына күш салу керек. Еңбек сабағында творчестволық бастаманың болмауы оқушының сабаққа деген көзқарасына қолайсыз әсер етеді, кәсіптік бағаларын тиімділігін кемітеді. Өз еңбегіне творчестволық тұрғыда қарайтын оқушылар алға қойылған техникалық міндеттерді түсінуге даяр екендігін, оны шешудің орнықты тәсілін табуға, материал таңдауға және өз жұмысын жоспарлауға жұмсалатын бұйымның технологиясына жаңалық элементтерін енгізуге, политехникалық ой-өрісін кеңейтуге, еңбек іскерлігі мен дағдысын табандылықпен игеруге, өз жұмысының нәтижесін практикалық бағалауға қабілеттілігін көрсетеді.
Оқушылардың белсенділігін арттырудың тиімді құралы – оқытуына проблемалық тұрғыдан қарау. Белгілі психолог С.Л.Рубинштейн былай деп атап көрсетті: егер адамның алдында шешуге тиісті проблема болмаса, онда, дәлірек айтқанда, ойлаудың да болмағандығы. Оқушының творчестволық ойлау белсенділігін проблемалық жағдай – интеллектік қиыншылық жағдай оятады. Алайда, сабақта ондай жағдай туғызу үшін проблеманы тауып, тұжырымдау, оны оқушының алдына қою, олардың күш-жігерін осы проблеманы шешуге жұмылдыру қажет.
Проблема – бұл мәселе ме, әлде міндет пе ? Алайда кез – келген мәселе немесе міндет проблемалық жағдай туғызбайды. Мысалы, «Кескіш деген не ?», «Ағашты кептірудің қандай жолдарын білесің ?» т.б. сұрақтар проблема бола алмайды. Бұлар оқушыға интеллектік қиыншылық тудырмайды, ол тек бұрын алған білімін еске түсіруді қажет етеді. Ал, проблемалық мәселелер оқушының алған білімдер негізін практикада қолдануға, талдауға, себеп-салдар байланыстарын анықтауға мәжбүр етеді. Мәселен, «Оқушы қол арамен ағашты кесіп тұр. Ол ағашты көлденең немесе ұзыннан кескенде әр түрлі күш жұмсайды. Неге ?», «Ара тісінің формасы әр түрлі: біреуі тең қабырғалы үшбұрышты, ал екіншісі тікбұрышты.тістердің қайралуы да әр түрлі. Неге ?».
Мұндай сұрақтар оқушылардың творчестволық белсенділігін оятып, түптеп келгенде еңбек сабағына деген ынтасын арттырады. Сонымен еңбек сабағында оқушылардың творчестволық белсенділігі және еңбекке баулуда кәсіптік бағдардың табысты етуі көбіне еңбек пәні мұғалімінің оқыту әдісіне, политехникалық және кәсіптік білімді ұштастыра алуына, мамандық және оқылатын материалдың өндірісі туралы мағлұматтарға байланысты.
4 кластағы кіріспе сабақта адам өмірініде еңбектің маңызы туралы, қоғамдық өндірістердегі жұмысшылардың ролі туралы, кадрлардың халық шаруашылығына қажеттілігі туралы, ғылыми техникалық прогрестің өнеркәсіптегі жұмысшы санына, кәсіби құрамына әсері, олардың еңбегінің мазмұны мен шарты туралы айтқан жөн. Оқушыларды еңбек түрлерімен /өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және қызмет көрсету, дене, ой еңбегі қол және механикаландырылған жұмыстар/ қазіргі өндірістің жұмысшы мамандығы және оның даярлығына қойылатын талаптармен таныстырудың ерекше маңызы бар. Мұғалім оқушылардыі назарын еңбек сабағының кәсіп белгілеудегі маңызына аударуы тиіс.
ІV – класта келесі еңбек сабақтарында «Ағаш өңдеу» бөлімі бойынша оқушылар ағаш өңдеу кәсібімен және оның жекеленген салаларымен, халық шаруашылығына ағаштың маңызымен, оны өңдеу, дайындау тәсілдерімен мұқият танысады. Балалар ағаш тілетін заводтардың жұмысы, осы заводтардағы негізгі мамандықтар туралы мағлұмат алады.
Мұғалім «Кесілген ағаш материалдарын өнеркәсіптік жолмен жасау» фильмінен үзінді көрсетіп, онда оқушылар ағашты кептірудің әр түрлі әдісімен, оның ылғалдылығын анықтау әдісімен, ағаш өңдеу өнер кәсібіндегі лаборанттардың, инженерлердің жұмысымен таныстырады.
Металл өңдеу жөніндегі сабақтарда мұғалім қара және түсті металдар, олардың қорытпалары, металдардың негізгі физикалық – механикалық қасиеттері /қаттылығы, беріктігі, серпімділігі, майысқақтығы, морттығы/ туралы айтумен қоса, бұл таныстыруды «Өнеркәсіпте қаңылтыр металл кесу» фильмін көрсетумен толықтыра алады.
Еңбек сабағында қолданылатын аспаптарды, операцияларды, тәсілдерді өндірісте қолданылатын сондай аспаптармен, операцияларымен, тәсілдерімен салыстыру оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейте түседі. Мектеп оқушыларын кәсіптермен таныстыру үшін арнайы әдебиеттерді, мақалаларды очерктерді, әңгімелерді пайдаланған жөн.
Ең бастысы кәсіппен қолөнершілік тұрғыда танысуға жол бермей, білімнің политехникалық негізін қалап, оқушыны болашақ кәсібімен жан-жақты танысуына мүмкіндік жасаудың маңызы зор.
ІV – класта еңбек сабағында негізгі тақырыптар қайталанады. Оқу материалдарын осылайша дүркін-дүркін қайталау оқушының құбылыспен жай танысып қана қоймай, оның мәніне үңілуіне мүмкіндік береді. Еңбектің жекеленген түрлері мен түрлі мамандық туралы алған үзік-үзік, кездейсоқ түсінігі еңбек туралы алған білім жүйесіне жинақталады. Сонымен, кәсіптік бағдар жұмыстары шоғырландыру принципі бойынша, яғни кәсіп пен еңбек адамы, техника мен технология туралы, оқушыға берілген материалды қайталау, тереңдету және ұлғайту тұрғысында құрылады.
Оқушы кәсіптің басым көпшілігімен оқытудың бүкіл курсында мұқият танысады. Ең бастысы, мұғалім материалды тек қайталап қана қоймай, күрделендіре түсуі, сөйтіп әрбір оқу жылында оқушылар білім алуы тиіс. ІV – класта мұғалім балаларға электр тізбегінің элементтерін таныстырады. Оқушының бұған дейін электр туралы ешқандай ғылыми түсінігі болмайды, сондықтан да мұғалім тек энергияның пайдалануы туралы ғана айтып, қалған жайттарды олардың келесі кластарда танысатындығын айтады. Оқушылар қарапайым схеманы құрастыруды үйренеді. ІV – класта кәсіп туралы айту ертерек, тек электр энергиясы туралы бастапқы түсінік бере кетеді.
Басқа да сабақтардан еңбек сабағы ерекше, мұнда оқушы өз еңбегінің нәтижесін айқынырақ көреді. Сондықтан да егер оқушы жасаған бұйым ешқайда пайдаланылмай шеберханалардағы жәшіктерде сақталса, немесе одан да сорақысы лақтырылып тасталса, онда мұндай сабақ оқушыны тәрбиелеуге үлкен олқылыққа ұшыратады.
Тек оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыруға негізделген, дұрыс ұымдастырылған және мақсат қойылған еңбекке баулу жалпы білімдік және тәрбиелік тиімді нәтиже береді.
Сабақ кезінде мұғалім кәсіпке деген ынта туғызады, экскурсияға ықыласын тексереді, өйткені тек экскурсия оқушы санасында терең із қалдырып, жұмысшы еңбегін құрметтеу сезімін нығайтады. Мақсатты тәрбиелік жұмыста экскурсияны толық әрі тиімді пайдалану үшін комплексті экскурсиямен қоса, жұмыс орнында кәсіптік бағдар экскурсиясын да өткізу қажет.
Жұмыс орнындағы кәсіптік бағдар экскурсиясы – бұл әрбір кәсіпті жеке таныстыратын, жұмыс орнында маманның жұмысымен танысуға мүмкіндік беретін және қалаған сұраққа жауап алатын экскурсия. Экскурсиялар кәсіптің психологиялық үйлесімділігін тексеруге мүмкіндік береді. «Сәл аялдап ойлан, мынау сенің жұмыс орның, осында сенің жұмыс күнің, сенің жұмыс жылың, бәлкім, сені ғұмырлық жұмсын ететін болар !».
Экскурсия неғұрлым табысты өту үшін, оны сабақтан кейін іле-шала өткізіп, мектептегі өткен деректерді тұжырымдап, толықтырып отыру қажет. Мұндай экскурсия оқушыға практикалық жұмысқа жақсы әзірленуге өзі қалаған болашақ кәсібімен жақынырақ танысуға, кәсіби ықыласын нығайтуға немесе өзінің ой-ниетін қайта қарауға мүмкіндік береді.
Егер еңбекке баулудың мазмұны кәсіппен терең танысуға бағытталса, онда еңбекке баулудың тәрбиелік мүмкіндігі мен оның саналы түрде кәсіп таңдауға әзірлігінің ролі едәуір артады. Ол үшін оқушы жасаған өнімге, оның мақсатына, құрылысына, оны жасау әдісіне ерекше көңіл бөлу керек.
ІV – класта оқушыларды еңбекке баулудың негізі механикалық дағдыны жетілдіру емес, қоғамға пайдалы затты жасау процесінде әр түрлі технологиялық іскерліктерді қалыптастыру болып табылады, демек мұның өзі оқушының қазіргі өндірісте еңбекке практикалық әзірлігіне ықпал етеді.
Мәселен, оқушыға қойылған белгі бойынша кесу, кесіндіні тегіс таяқшаны, кубикті, дискіні кесу жөнінде тапсыра беруге, сөйтіп олардың әр түрлі заттар жасайтын дайындама ретінде пайдалануға, сондай-ақ оқушыға жауапты тапсырма беруге – картотекаға арналған жәшік, гүлге және фихика мен химия кабинеттеріндегі приборларға арналған тұғырлар, аспаптар мен лаборатория жабдықтарын қойғыштар, мектепті көркемдейтін витриналар т.б. жасатуға болады. Оқушылардың қызмет көрсету саласындағы кәсіпке ықыласын қалыптастыруда қызмет көрсету еңбегіне арналған сабақтың ролі зор.
Оқушыларды қызмет көрсету саласындағы кәсіпке бейімдегенде бірінші кезекке қойылатын мақсат олардың кәсіби жарамдылығын анықау емес, олардың кәсіп таңдаудағы қоғамға құнды дұрыс көзқарасын, кадрлардың халық шаруашылығына қажеттілігіне негізделген белгілі бір бағытын, ал кәсіп таңдаған соң жастардың оған жаттығып, бейімделуін қалыптастыру болып табылады, яғни оқушыларды қызмет көрсететін сала мамандықтарына бейімдеу – негізінен тәрбиелік мәні бар проблема.
Қызмет көрсету еңбегі бойынша жүргізілетін сабақтар IV класс оқушыларын кәсіптік бағдарлауға мол мүмкіндік береді. Программада кулинариялық, тігіншілік және электротехникалық жұмыстармен тамақ өнімдері мен маталарды өңдейтін технологиялық машиналарды басқарумен т.б. теориялық және практикалық тұрғыда таныстыру көзделген. Оқушылар жалпы тамақ өнеркәсібі және оның жеке сапалары туралы мағлұмат алады, қоғамдық тамақтандыру орындары мен азық-түлік магазиндерімен танысады.
Оқушылар әр түрлі маталардан тігуді бұйымдар жасаудың технологиялық процестерімен танысқанда кәсіптік бағдар жұмыстары ойдағыдай жүзеге асырылуы мүмкін. ІV – класта оқушы қыз балалар қазіргі тетік механикаландырылған өндірісті естіп біледі. ІV – класттың оқушылары киімді конструкциялау мен модельдеуді білуге және үйренуге дағдыланады, сән үйінің жұмысымен танысады, көрмеге, өнеркәсіп орындарына /тігін фабрикасына, комбинаттарға, тігін бірлестіктеріне/ барады. Еңбекке баулу пәні мұғалімнің ерекше ескертетіні – оқушылардың қабылдаған жалпы еңбектік іскерлігі мен дағдысы мектеп бітірушілердің басым көпшілігі үшін мектептен кейінгі нақты практикалық ісіне айналуы тиіс.
Бұдан шығатын қорытынды: еңбекке баулу мұғалімі қажетті білім деңгейін анықтағанда біріншіден әрбір оқу класын қоғамдық өндірістегі барлық кәсіп пен еңбек түрлерінің потенциал өкілдерінің жиынтығы ретінде қарастыру, екіншіден кәсіп санының кемдігімен бағдарламада берілген уақыт бойынша барлық кәсіп туралы жалпы мағлұмат берудің мүмкін еместігі, үшіншіден еңбекке жарамды халықты, өнеркәсіп салаларына, еңбек түрлеріне нақты бөлу, осы бөлудің өзгеру тенденциясы ескерілуі тиіс.
Еңбек пәнінен сабақ беру процесінде кәсіптік бағдардың тиімділігін арттырудың қажетті шарты оқытудың басты формасы ретінде сабақты жақсарту болып саналады. Мұны жүзеге асыру үшін еңбек пәнінің мұғалімі, өзінің жалпы білімін, психологиялық және педагогикалық және методикалық даярлығын ұдайы жетілдіріп отыру қажет. Еңбек пәні мұғалімінің өзін-өзі жетілдіріп отыруының маңызды құралы - өзінің және басқа мұғалімдердің сабағына талдау жасау. Талдау жасағанда тақырыпты және сабақ мақсатын дәл айқындап, сабақ типін белгілеп алуы тиіс. Сабақты ұйымдастыруда мұғалім оқушылардың сабаққа әзірлігін, жұмыс орнының жай - күйін, қажетті оқу құралдары мен аспаптардың, формалы киімдердің болуы, т.б. атауы сабақ құрылымын белгілеп, еңбек кезеңдерін айыру, сабақта уақытты тиімді пайдалауға ерекше көңіл бөлуі кезеңдерін айқындығы мен аяқталуын, басты нәрселерді айыруы, сабақ құрылымының, оқу материалдарының мақсаты мен мазмұнына сәйкестігін, сабақтың оқу материалдарымен және практикалық жұмыс түрлерімен байытылған, еңбек қарқынын қадағалауы тиіс.
Сабақ мазмұнын талдағанда теориялық, практикалық және кәсіптік бағдарлау материалдарының көлемі мен арақатынасын бағалауы, олардың программаға және оқушылардың біліміне, іскерлігі мен дағдысына сәйкестігін, материалды баяндаудың ғылымилығын алған білімінің, тәрбиесінің, үлгі өнегесінің политехникалық, практикалық және кәсіптік бағдарлау функцияларының оқу материалдарының мазмұны мен тұтастығын, тірек ететін білім мен кәсіптік білімін айыра білуі қажет.
Пән ішіндегі және пән аралығындағы байланыстың барлығын атап көрсеткен жөн. Мұғалімнің сабақ мазмұнын талдауымен қоса, оқытудың әдістері мен құралдарын және оларды әңгіме өткізуде, түсіндіруде, әңгімелесуде, оқылатын обьектілерде процестерді және олардың бейнесін көрсетуде, нұсқау беруде, жаттықтыруда оқу құралдарымен жұмыс жүргізуде т.б. сабақта қолдануда талдай білудің айрықша маңызы бар.
Сабақты ұйымдастырғанда және талдағанда проблемалық жағдайлардың болуына, оқушылармен жұмыс жүргізудің коллективтік, топтық және жеке-дара формаларының үйлесімділігіне ерекше көңіл бөлінеді. Оқытудың негізгі принциптері ғылымилығы, жүйелілігі, бірізділігі, түсініктілігі, көрнекілігі, белсенділігі мен саналылығы, өмірмен байланысы қалай жүзеге асырылыпжатқандығын қадағалаудың айрықша мәні бар.
Оқушылардың білімін, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, практикалық жұмыстарды атқарғанда еңбек қауіпсіздігін сақтауды, творчестволық ойлауын, дербестілігін, өнертапқыштығын дамыту жөніндегі жұмыстарды талдаған жөн.
Мұғалім атқарған істерін қортындылай келе сабақтың тиімділігін, кәсіптік бағдарлау мақсатындағы жетістікті бағалауы, сондай-ақ сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін дәл анықтауы, оқытудың негізгі формасы ретінде сабақтың мазмұны мен әдісін одан әрі жетілдірудің жолдарын белгілеуі тиіс.
Сабақтарға және бүкіл кәсіптік бағдарлау ісіне өзіне-өзі жүйелі талдау жасау оқушылармен мұғалімдердің творчестволық белсенділігін арттырып, шәкірттердің кәсіптік бағдарлаудың тиімділігін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет