І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Жалпы адамзаттық құндылықтар –тәрбие мақсатының негізі



бет42/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94
Байланысты:
² á ë³ì. Ïåäàãîãèêàëû ìàìàíäû à ê³ð³ñïå 1 òà ûðûï. Àç³ðã³ æà

2. Жалпы адамзаттық құндылықтар –тәрбие мақсатының негізі. Қазақстан Республикасы бүкіләлемдік білім кеңестігіне енуді мақсат етуіне орай, үздіксіз білім беру жүйесінде түбегейлі өзгеріске түсуі тұлғаның тәрбиелік мәдени деңгейін әлемдік жетістіктер деңгейіне көтеруді, жаңаша парадигманы қажет етеді. Білім беру жүйесінің әлемдік кеңестігіне кіріктірілуі де тәрбиеге жаңаша көзқарасты – жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қарастыруды көздеп отыр.
Құндылықтар құбылысты қоғамдық сана түрінде сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге оларға баға береді, оларды мақұлдайды немесе айыптайды. Жалпыдамзаттық құндылықтардың арасында философтар мен прогресшіл ойшылдар мен педагогтар әрқашан бірінші орынға адамның құқығын, оның бостандығын және соған сәйкес келетін тәрбие мен білімді бөліп қарастырған.
Жалпыадамзаттық құндылықтар халықтық дәстүрлерде, адамгершілік принциптерде, діни мәдениетте нақты жазылып қойылған және әлкуметтік ойдың озық белгілері, жеке тұлғаның қасиеттері, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді.
Жалпы әлемдік құндылықтар- түрлі халықтың түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратны құбылыс. Сол себепті де жалпыадамзаттық деп аталады. ХХ ғасырдың соңында Халықаралық топ алғаш рет дүниежізілік тарихта адамның құқықтары туралы халықаралық негізде құжаттар жасады. «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы», «Баланың құқықтары туралы конвенция» және т.б., оларда тәрбиенің әдіснамасы мен теориясысы, жаңартылған мақсат пен мүдделер қарастырыоған.
Қазақстан Республикасында аталған құжаттардың басты идеяларын білім саласында негізге алды. Мектептегі тәрбие жұмыстарын жалры әлемдік құндылыұтарға негіздей отырып, жаға құндылықтар жасауға талпыныс жасау көзделуде.
Педагогикалық үдерісте оқушылардың рухани байлығын арттыру үшін әр халықтың жетістігімен бәрге алуан түрлі мәдениетін пайдалану қарастырылады.
3. Тәрбиенің қағидалары. Тәрбиелік мақсатқа сәйкес, тәрбие кешенді мідеттерді шешуді дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары , жеке тұлғалық қасиеттері дамыған адамның негізін қалыптасыту; еңбек, таным,қоғам, отбасы, уақытты тиімді пайдалану тәрізді әлеуметтік қызметтерді өз мәніне қабылдап, оларды пайдалан білуге даярлау, кәсіп таңдау; өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, оқушылардың өзін-өзі тәрбиеленуіне, өз бетімен білім алуына мүмкіндіктер туғызу.
2015 жылы ұсынылған «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» тәрбие қағидасына жан-жақты тоқталады. «Тәрбие қағидасы- тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдастырудың аса маңызды ережелері, бастапқы ережасі дей келе, қағиданың барлық бағыттарын тоқталады: табиғилық қағидасы, этникалық қадиға, гуманистік бағыт қағидасы, тәрбиенің үздіксіздік қағидасы, демократияландыру қағидасы, әлеуметтік барабар қағидасы, демократияландырыу қағидасы, вариативтілік қағидасы. Ал, мақсаттыдық қағидасы мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық сұранысқа нақыт есеп дасауды, тірбие қызметінің бастытүрлерін дүрыс таңдауды қарастырады»,- деп анықтама берілген.
Тәрбие үдерісінің қағидалары: ізгілік бағыттылығы, жалпыадамзаттық құндылықтар, мәдениеттілік, үзддіксіздік, табиғилық, тұтастылық, ұлттық т.б. бірі- бірімен сабақтастықта кешенді түрде үйлескенде тәрбие жетістікке жетеді.
Тәрбиенің ізгілік бағыттылығы – тәрбие мазмұнынынң құндылық, дүниетанымдық бағытын немесе құндылықтар жүйесін және өмірдің мәнін, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу; тұлғалық бағдарын дамыту; тұлғаның денсаулығы мен тән түзілісіне байланысты табиғи бағдарын ескеру.
Жалпыдамзаттық құндылықтар – халықтық дәстүрлерде, адамгершілік үдірістерде , жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде, түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс.
Мәдениеттілік – адамзат игілігі ретінде ұрпақтан – ұрпаққа, материалдық және рухани байлық жасауынан көрінетін, қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі, қазақ халқының мәдени мұраларында мемелекет құраушы ұлттың дүниетанымы, тілі мен діні, болмыс бітімі көрініс тауып, олар ұлттық мәдениетті адамды қоғамға лайық тәрбиелеу, жетілдіру, қызмет істету.
Тәрбиенің негізгі тұғырлары. Тәрбие коп факторлы,күрделілігі оның сан-алуан болуымен қарастырылады. Мектепте тәрбие тұлғаның іс-әрекет, қарым-қатынасы арқылы, барлығы интеграциялы түрде іске асады. Тұлғаның біртұтастығын қамтамасыз ету тәрбие жүйесінің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, әдістері мен формаларын,ұстанымдарын, пайдаланатын құралдарын тығыз байланыста жүргізуді қамтамасыз етеді.
Аксиологиялық тұғыр-адамның әлемге, өзге адамдарға, өз-өзіне және т.б. қарым-қатынасын ұғынумен және тұлғалық мағынасымен ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар. Құндылықтар жүйесі негізінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлы дала елінің мәңгілік ел идеясы негізінде тұлғаның бойындағы ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталады.
Ата-баба дәстүрінен бастау алатын ұлтық мәдениет, руханилық адам бойындағы негізгі құндылықтардың бірі болып табылады.
Рухани адамгершілік құндылықтар халқымыздың бойындағы құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарастыруға болады. Көне түркі заманнан бастау алған рухани-адамгершілік құндылықтар тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді қалыптастырады.
Тәрбиенің әдіснамалық негізі мәдениеттану, аксиологиялық, өркениеттік, жүйелілік, тұлғалық, тұлғаға ықпал ету, тұтастық, әлеуметтік, іс-әрекетік, этнопедагогикалық т.б. тұғырлары тұрғысынан қарастырылып, тұлғаның танымын, санасын, шығармашылық дамуын қалыптастыруға үлкен әсер етеді.
Тәрбиенің әдіснамасы дегеніміз – тәрбиенің тарихилығының айқындалуы, мақсаты, міндетіне, әдіс – тәсілдеріне сәйкес мазмұнын жүйелі құра білу, бірізді, сабақтастықта ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мәдени дәстүрлер тәрбие үрдісіне жаңашыл көзқарастармен теориялық тұрғыда енгізе отырып, тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді оның іс – әрекеті, қарым- қатынас, мінез-құлқында көрініс табуы. Тұлғаның қоғамға бейімделуі, әлеуметтенуі, ұлы дала елінің мәңгілік ел идеясы негізінде еліміз әлемдік деңгейде білім кеңістігіне кіріктірілуі, тұлғаның бойындағы ұлттық құндылықтарды, ұлттық сананы, танымын қалыптастыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет