Мұғалімнің хабарлау (информациялық) әскерліктерін өздігінен тәрбиелеуі. Бар ақпаратты оқушыға жеткізудің түрлі тәсілдері болады, бірақ мұғалімнің хабарлау іскерлігінің ерекшелігі – осы ақпараттарды хабарлауда әр сынып үшін ең тиімдіәдістерді ұштастыра алуы.
Мысалы, ақпаратты жеткізудегі сөйлеу жылдамдығын, кейбір дыбыстардың анық айтылуын, дикциясын жақсартуды, сөздің эмоциялық әсерін дамытуды өздігінен үйрену үшін арнайы жаттығулар болады: дауыстап өлең оқу, ән айту, жаңылтпаштар айту, тыныс алу жаттығуларын жасап отыруы қажет. Информациялық іскерлікті өздігінен тәрбиелеуде мұғалімнің мимика, жест, кинесика тәсілдерін дұрыс меңгеруі аудитория алдында сөйлеу өнерінде өте маңызды рөл атқарады. Ең бастысы мұғалім оқытып тұрған сабағымен қатар өз бойында қандай информациялық іскерлікті немесе нақты бір қасиетті дамытуы көздеп тұрғанын үйлесімді ұштастыра білуін маңызды.
Мұғалімнің ұйымдастырушылық іскерліктерін өздігінен тәрбиелеуі. Мұғалім өз іс-әрекеттерімен қатар оқушылардың да іс-әрекеттерін ұйымдастыратын тұлға.
Мұғалімнің ұйымдастырушылық іскерлігінің мәні – оқушыларға жасататын іс-әрекеттердің олар үшін қашалықты маңызды екендігін түсіндіре алу, сол іс-әрекет түріне ынталандыра білу. Оқушыларды ынталандыра білу үшін мұғалімнің өзінің ынтасы жоғары болуы керек. Ынтаны оятудан кейін сол іс-әрекет мазмұнын қызықты етіп көрсете алу, күрделілігін бағалау, оқушылар үшін жақын арадағы даму аймағын аша білу маңызды. Сонымен қатар іс-әрекет нәтижесі бойынша кері байланыс жүргізу, барлық оқушыларды ортақ мақсатқа жұмылдыруға үйрену арнайы дайындықты қажет етеді. Бұл іскерлікті өздігінен дамыту үшін әріптестерінің өткізетін іс-шараларына қатысу, өткізуге көмектесу, тренингтер мен коучингтерге қатысу, оқушылардың арасында қызықты ойындар мен жарыстар, көрмелер, дебаттар ұйымдастыру жоспарлап, соларды өткізу арқылы мұғалім ұйымдастырушылық іскерліктерін дамыта алады.
4.3. Педагогикалық рефлексия – өзін-өзі тәрбиелеу негізі. Адамның «мен қандаймын?», «Мені басқалары қалай қабылдайды?», «Мен өз қабілеттерімді толық аша алдым ба?» деген сұрақтарға жауап іздеуі рефлексиялық үрдіс болып табылады. Рефлексия (лат.сөзінен аударғанда reflexio – өткенге сүйену, артқа көз жүгірту) – толғану, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау. Сондықтан адамның өзін-өзі түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтыны жайлы өзін талдап бағалауы рефлексия деп аталады.
Рефлексия – адамды, оның шеберлігін, ішкі қабілеттерін дамытудың маңызды шарттарының бірі. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, біліктілігін, қабілеттерін, қарым - қатынас дағдыларын анықтап, бағалай алуы. Әр болашақ маманның саналы түрде өзінің кәсіби маңызды қасиеттерін, білім, біліктерін қорытындылаы рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Рефлексияның мәдениеті қалыптасқан маман өзінің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін шығармашылықпен өзгерте алады. Рефлексия өзіндік сана, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады. Рефлексияық дағдылар адамның өзіндік басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (танымдық, білімдік, қарым-қатынастық) нәтижелі болуына, олардың өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |