Білім берудің мазмұны –дидактиканың негізгі нысаны; ғылыми білік пен білік, оқу дағдыларының қалыптасу жүйесі; өзіндік шығармашылық, ізденушілік әрекет тәжірибесі; жеке тұлғаның жан-жақты дамуының сапалық мазмұны мен сипаты.
4. Білім мазмұнын ізгілендіру, гуманитарландыру, этнопедагогикаландыру. Білім мазмұнын ізгілендіру, гуманитарландыру, этнопедагогикаландыру Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан басталды. Бұл үрдістер педагогика ғылымы аясында алдымен теориялық-әдіснамалық деңгейде зерделеніп, тұжырымдамалар дайындалып,білім беру мазмұнын жаңа ұстанымдарға негіздеп жасауды талап етті.Сондықтан ғалымдар осы кезге дейінгі жасалған педагогиканың әдіснамалық қорын қайта қарастырып,әлемдік педагогикадағы жетістіктерді саралады. Білім мазмұнын ізгілендіру және гуманитарландыру мақсатында барлық педагогикалық мәселелерді шешу әлеуметтік, этикалық нұсқауларға байланысты екендігі ескерілді.Демек,білім мазмұнын зерттеушілер мен құрастырушылар гуманитарлық әдіснаманы басшылыққа алды.
Гуманитарлық әдіснамапедагогикалық нысандардың қызметінің құндылық-бағдарлы мәнін түсіну модельдерін құрады.Гуманитарлық әдіснамаға ерекше педаогикалық құбылыстар мен үзілістердің сапалық жақтарын зерделеу тән,өйткені педагогикалық зерттеу барысында алынған тұжырымдар мен нәтижелердің құндылық сипаты педагог әрекетімен шартты байланыста деп түсініледі. Гуманистік тәрбие-рухани құндылықтардың әдіснамалық негізі.Мектеп педагогикасы бүгінгі күні көптеген жалпы ғылымилық,әлеуметтік-философиялық;әлеуметтік-мәдени және адамгершілік-эстетикалық үдерістердің тоғысуына тап келіп отыр,өйткені қоғамдық өмірдің күрделі талаптарына сәйкес тәрбиенің құндылық сипаттарын қайта анықтау өзекті мәселе ретінде қарастырылуда.Ал оның алғышарты ретінде басты гуманистік құндылықтарды дамыту, яғни жеке тұлға бойында қайырымдылықты, шыншылдықты, әділдікті, еркіндікті қалыптастыру педагогика ғылымының прогрессивті ұстанымдарының бірі болып табылады. Олар әсіресе,білім беру мен тәрбие практикасында бүгінгі күні жалпыадамзаттық негізгі құндылықтарды анықтау,бекіту үшін аса қажет.Болашақ ұрпақты даярлау барысында негізгі мақсат-шығармашылықпен жұмыс істей алатын,гуманистік көзқарасы мен сенімдері қалыптасқан тұлғаны дамыту және қалыптастыру.Өйткені дүниежүзілік экономикалық форум XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Олар: командадағы жұмыс дағдылары; көшбасшылық қасиет; бастамашылық; ІТ-құзыреттілік (айти-құзыреттілік); қаржылық және азаматтық сауаттылық және т.б.; озық экономика білім беру мақсаттарын «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын,әрекет ететін,өзін-өзі дамытатын адамға»ауыстыруды талап етеді.
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегінде, яғни 1974 жылы профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Ресей білім академиясының академигі Г.Н.Волковтың «Этнопедагогика» атты оқу құралыныңдүниеге келуі,педагогтардың ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін шұғыл іздестіріп,оның ғылыми негіздерін дәлелді теориялар мен тұжырымдардан табуға, өз ұлтының бай тәлімдік тәжірибесін зерттеуге бірден бір себепші болды.Жалпы адамзаттық білім беру мен тәрбиенің мақсаты,мазмұны,әдістері анықталып,оқушылар тәрбиесінің үлгілі мазмұны толығымен іске асырылып жатқан уақыт еді.
Жаңа ғылыми білім, яғни этнопедагогиканың пайда болуы бірқатар әдіснамалық мәселелерді туындатады. Ғылымтанудағы, әсіресе педагогикалық ғылымтанудағы қағидаларға сүйенсек, зерттеушілер этнопедагогика ғылымының негіздерінің, әдіснамасымен теорияларының, ұстанымдарының, әдістерінің қай уақытта, кімнің еңбегінде, қай түрде бастау алғанын қазақ тілінде жете танысуға мүмкіндік алып отыр. Осы материалдардың жинақталуымен тұспа-тұс жүйелі ғылымдардың жетік меңгергендігінің арқасында этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері зерделене бастады. Этнопедагогиканы педагогикалық ғылымдар жүйесінде қарастырады, этнопедагогиканы этнография, педагогика, фольклор ғылымдарының түйіскен саласы екендігін нақтылай түсті. Жаңа ғылыми білім ретінде этнопедагогиканың пайда болуы,оның жеке ғылыми пән ретінде қарастырылуының заңды екендігі, этнопедагогиканың пәні, құрылымы және қызметтері, оның педагогикалық ғылыми білім жүйесіндегі орны туралы мәселелерді шешуді қажет етеді.