I деңгей «Артпедагогика» ұғымының сипаттамасы


Жануарлар туралы ертегілер бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру құралы ретінде



бет26/54
Дата24.12.2022
өлшемі125,41 Kb.
#59376
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54
Байланысты:
арт сессия жауап Айша

8. Жануарлар туралы ертегілер бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру құралы ретінде
Бұл ертегілер де ескі заманнан келе жатқан ең бір көне түрдің бірі. Адамның өзінен өзге, жанды жансыз дүниенің ішінде, ерте күннен ең көп араласатын ортасы осы жан-жануар, неше алуан дос-қас хайуанат ортасы. Ол сан алуан, сан сырлы, санап бітіргісіз жұмбағы көп, ерекшелігі, ерсілігі көп иен дүние. Жан-жануар мінезінен адамның қоғамында болатын қастық-достық, қомағайлық-қорқаулық, аңғалдық-аярлық, долылық-кекшілдік, момындық-сотқарлық сияқты көп-көп күйлердің елесін көрген. Хайуанат тірлігімен, мінез тартыстарымен адам тірлігі, адам мінез тартысы арасында ерекше ұқсастық барын тауып таныған. Сол мінездерді ұлғайтып адам санасындай санаға, есепке, ақыл тәсілге жеткізіп, тіл орамға келтіріп әңгімелейтін болған.Хайуанат жайындағы әңгіме-аңыздардың бір алуаны осындай болса бұның екі түрі бар еді. Бірінде хайуан мінез-құлықтарын дәл хайуанның өзін суреттеу үшін айтпай, адамдағы мінез құлыққа бейне, тұспал, мысқыл есебінде қолданған. Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып жиренішті етіп көрсету үшін, сондай сын арқылы жаманшылықпен алысу үшін мысал етіп алу болған. Ол, хайуанды анық хайуан етіп суреттейді. Оның жанды-жансыз дүние арасындағы өз қалпы, кейпімен жүрген шындығын, болмысын адам өз түсінігі арқылы анықтап, айқындап, жетілте өткірлеп көрсетеді. Бұл соңғы түрге де әсірелеп ұлғайту қосылатын кездер бар. Бірақ дәл бұл түрдегі ұлғайту адамға айна қып көрсету емес, мысқыл емес. Хайуандардың ерекше сырына, жұмбақ бітім жайына, өзгеше өмір тәсіліне, ерен жат сырына таңдану болады. Ғайып күшіне, құдіретіне қатты сенгендік, иланып, табынғандық та болады.
9. Халық ауыз әдебиеті шығармалары оқушылардың ой-өрісін байыту құралы ретінде
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу – сызу өнері болмаған кезде – ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмір, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік – идеялық нәрімен, эстетикалық қуат – тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық – әлеуметтік және тәрбиелік терең мән – мазмұнымен ерекшеленеді.Халық ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Қазақтың мақал – мәтелдері болсын, жұмбақ – жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүйюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі. Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады. Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, мақал – мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәріде балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер. Қазақ халқының тұрмыс – салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу – сызу болмаған кздің өзінде – ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келді.Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілерде адам баласының еңбекке, тұрмыс – тіршілік жағдайына байланысты туған. Қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларыжас бөбектердің ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:
1. Имандылық пен адамгершілік
2. Патриоттық
3. Эстетикалық
4. Табиғатқа деген сүйіспеншілік
5. Өнер
Ауыз әдебиетінің түрлері:
1. Ертегілер
2. Жұмбақтар
3. Жаңылтпаштар
4. Мақал–мәтелдер
5. Тыйым сөздер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет