Саусақ театрында– саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады.
Үстел үстіндегі театры -Сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады.
Суреттер (картиналар) театры -Декорация мен кейіпкердің – суреттері. Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады.
Стенд-кітапша театры - Бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі. Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсеттеді (оқиғалар, кездесулер ).
Фланелеграф театры - Суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек.
Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады.
Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.
Ал, театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды.
Қысқа ертегі, әңгіме, өлеңдердің мәтінін тәрбиешінің айтылуымен қойылатын ойын - әрекеті.
Ертегі кейіпкерлерімен рөлдік диалог.
Жануарлар ертегілерінің бөліктерін саханалау.
Халық ертегілеріндегі бірнеше кейіпкерлерді драматизациялық ойындармен әрекеттеу.
Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін- еркін жүріп, өздеріне сабақ уақытында керекті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды.
Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде театр ойындар түрі тиімді нәтиже береді.
Достарыңызбен бөлісу: |