І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз


Lesson Study үдерісінде бекітілген қадамдар туралы



бет28/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58
Байланысты:
І де гей аза тілі мен аза дебиетін о ыту дістемесі туралы

14 Lesson Study үдерісінде бекітілген қадамдар туралы
Уақыт өткен сайын Lesson Study үдерісінде қалыптасып, бекітілген бірқатар қадамдар бар:
• Lesson Study тобы оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесін келіседі, үдеріс барысында барлық мүшелер бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болады.
• Топ зерттеудің сұрақ түрінде ресімделген түйінді идеяларын келіседі және нені, кімді оқытуды анықтайды, мәселен, «Олардың оқуын жақсарту үшін Х-ті Ү-тің мүмкіндіктерін анағұрлым тиімді пайдалануға қалай үйрете аламыз».
• Топ мүшелері зерттеудің түйінді идеяларына қатысты жауап табу үшін әдебиеттерді зерделейді және жоспарлау кезінде оларды пайдалану үшін нәтижелерін қорытады.
• Топ зерттеу сабағының ортасында қандай сыныптың және қандай үш «зерттелетін оқушының» болатынын шешеді және оқу үлгерімі жоғары, орта және төменгі деңгейдегі сынып топтарын ұсынады.
• Топ зерттеу сабағын «зерттелетін оқушылардың» меңгеруіне ерекше назар аудара отырып, оны жоспарлайды.
• Бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізеді, осы уақытта басқалары – «зерттелетін үш оқушыға» ерекше көңіл бөлу арқылы қадағалайды және ескертпелерді жазып отырады.
• Мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше оқушылармен сұхбат жүргізеді.
• Топ зерттеу сабағы аяқталсымен бірден талқылау жүргізеді. Талқылау белгіленген құрылым бойынша жүреді:
• жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамдармен салыстыра отырып, «зерттелетін оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін анықтау;
• тұтас сыныпты оқыту;
• зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі;
• белгіленген және зерделенгендердің негізінде және соларға сәйкес келесі зерттеу сабағының мақсатын қою.
• келесі Lesson Study-ді топпен бірлесе жоспарлау.
15 Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемалары туралы-
ХХ ғасырдың 20-жылдарында белгілі педагог-ғалымдар Б.Е. Райков, К.П. Ягодовский, М.М. Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасады.
30-жылдары М.М. Пистрак, П.Н. Шимбирев, И.Т. Огородников оқытудың жаңа әдістерін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңгімелеу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады.
50-жылдардан бастап оқыту әдістерінің жіктеу проблемасына айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д.О. Лордкипанидзе оқыту әдістерін топтастыруға әрекет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін білім көзін негізге алды. Д.О. Лордкипанидзе оқыту әдістерін үшке бөлді: сөздік әдістер, кітаппен жұмыс істеу әдістері, оқыту-практикалық сабақтар әдістері.
50-жылдардың аяғы, 60-жылдардың басында орыс ғалымдары Е.Я. Голант, С.Г. Шаполенко, Н.М. Верзилин білім көзін негізге ала отырып оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бөлді.

  1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс.

  2. Көрнекілік әдістер тобына демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері жатады.

  3. Практикалық әдістер тобы: лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар.

М.Н. Скаткин мен И.Я. Лернер жасаған оқыту әдістері жіктеуінен кейбір ерекшеліктерін байқауға болады. Олар студенттердің танымдық немесе логикалық ойлағыштық іс-әрекетін, әдістерді топтастырудың негізгісі деп қарастырады. И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин оқытудың мынадай әдістерін ұсынады

  1. Түсіндірме – иллюстративті әдіс;

  2. Репродуктивті әдіс;

  3. Проблемалы баяндау әдісі;

  4. Ішінара баяндау немесе эвристикалық әдіс;

  5. Зерттеу әдісі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет