І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз


Білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұны



бет53/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
25.Білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұны

Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек [5]. Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс. Бұл деген мектептегі білім берудегі жаңа моделінің құрылымы әдеттегі дәстүрлі «Мектепте нені оқу керек?» емес, «Мектепте не үшін оқу керек?» деген мән мәтін аясында өрістелуі тиіс.

Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес, педогогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құндылықтары да жатады. ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға үн тастады десек те болады. Білім мазмұнын

Жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. [2] Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Білім алушылардың күтілетін оқу нәтижелері жетістігін бағалау жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Жаңартылған орта білім беруді енгізу кезінде білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Критериалды бағалау жүйесі бұрыңғы дәстүрлі бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалау болып ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалауда білім алушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын жəне оқыту мақсаттарына қол жеткізгенін түсінуге мүмкіндік беретін бағалау. Жиынтық бағалау оқу тоқсанының соңында оқу бағдарламасының бөлімдерін оқып аяқтағаннан кейін білім алушылардың меңгерген білімі мен қалыптасқан дағдылары деңгейін айқындайтын бағалау. Критериалды бағалау мұғалімдер мен оқушылар және ата-аналарға да өте тиімді бағалау түрі, өйткені мұғалім үшін — сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға, өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға т.б., оқушылар үшін — табысқа жетелейтін бағалау арқылы кері байланысқа түсіп, түсінбегенін түзетуге мүмкіндік алады, сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге т.б., ата-аналар үшін — оның оқуындағы табыстылықты бақылауға, оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады [1].

26 топтық және жұптық жұмыс нәтижелері

Топтық, жұптық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек. Топтық және жұптық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.

Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық және жұптық жұмыста оқушылар:

• Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен немесе жұбымен өз пікірін бөліседі, алмасады;

• Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады;

• Өз мүмкіндігін біледі;

• Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады;

• Назарын бақылай алады және алаңдамайды;

• Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады;

• Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады;

• Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады;

• Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады;

• Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді;

Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері:

1.Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.

4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.

5.Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.

6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады.

Сабақтарға қатысқан мұғалімдер топтық, жұптық жұмыс оқушының ұжымда бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беретіні, соның негізінде көшбасшылық қасиеті дамитыны, оқушының өзіне сенімді болуына, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты өтетіндігін баяндайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет