І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз


Дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері



бет56/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
33.Дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері

Дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері:

- жаңа білім материалын хабарлау;

- білімді бекіту;

- ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту;

- қорытындылау;

- білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы.

Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері:

- оқу саяхаттары;

- кино-теле-сабақтар;

- өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б.

Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ

Типтері:

- жаңа материалды игеру;

- бекіту;

- қайталау;

- білімді бақылау, тексеру.

Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не

Олардың элементтері бір дəрісте тоғысатын болса, ондай сабақты

Аралас сабақ деп атау қабылданған.


34.Қысқа мерзімді,орта мерзімді,ұзақ мерзімді сабақ жоспарының ерекшеліктерін көрсете отырып,Сөз тіркесі тақырыбына ҚМЖ жасаңыз.
Елімізде білім саласындағы жаңа инновациялық технологиялардың енуі, мұғалімдерді ізденіске жетелеп отыр. Жас ұрпаққа сапалы білім беру әр ұстаздың міндеті саналады. Менің ойымша, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгеру үшін, оны түсініп алу қажет. Сабақты толық мақсатына жетуде ұстаздың шеберлігі мен қатар қысқа мерзімді жоспарды тиімді құрастырудың маңызы зор. Интернет желісінде және әдістемелік журналдарда жарияланып жүрген қмж жасаудың әдістеріне шолу жасап, ой бөліскім келеді.

Жаңаша білім беру бағдарламасы маңызды үш құжаттан тұрады: бағдарлама, ұзақ мерзімді жоспар, орта және қысқа мерзімді жоспар. Осы күнге дейінгі біздің жасап келе жатқан «Күнтізбелік — тақырыптық» жоспарымыз – ұзақ мерзімді жоспар негізгі оқу мазмұнын қамтиды. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде пән бойынша оқу бағдарламасы құрылады. Оқу бағдарламасының мазмұны: Жалпы ережелер; Пәннің мазмұнын ұйымдастыру; оқу мақсаттарының жүйесі; қосымша ұзақ мерзімді жоспар. Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Ұзақ мерзімді жоспар – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәннің негізгі мазмұны нақтыланады. Орта мерзімді жоспар – ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы. Бұл жоспарды мұғалім жеке сынып үшін пайдаланады. Орта мерзімді жоспардың тиімділігі қажетті әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны күнделікті қмж жасауда қолдануға болады. Ұзақ мерзімді жоспардағы кодтың оқылуы мыс: 8-сынып дүниежүзі тарихы «8», 3-бөлім, 1-тақырып мазмұны, 1-оқу мақсаты. 8.3.1.1. сандарының мазмұны оқылады.

Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады. Сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. «Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Бұл туралы әр пәннің оқу бағдарламаларында былайша жазылған: «Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады». Мұндағы берілген ақпарат бойынша оқу мақсаттарынан ауытқымай жүру керек деген қорытынды жасаймыз.

Оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдыру. Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде (45 минуттан кейін) үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта (45 минут барысында) не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды. Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді. Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарының негізінде жасалады. Мұнда мұғалім ҰМЖ-да оқу мақсатын қанша сағатқа жоспарланғанына сәйкес негізгі сұрақтарды (оқу мақсатын толығымен немесе бір бөлігін) таңдайды. Әр сабақта 2-3 оқу мақсатын таңдаған дұрыс (алайда барлығы да мұнда КТЖ-ға байланысты: күнтізбелік-тақырыптық жоспарда қанша мақсат көрсетілсе, бір сабақта да сонша мақсат болады). Оқу мақсаттары алдымен сабақ мақсаттарына айналдырылады. Мұнда негізінен оқу мақсаттары өзгерілмейді, оларды тек ықшамдауға немесе түсіндіруге болады. «Оқушылардың басым бөлігі» мен «кейбір оқушылардың» сабақта қандай нәтижеге жететіндігін көрсету-көрсетпеуді әрбір мектеп өздігімен шешу керек деп ойлаймын. Ол үшін мектепте ҚМЖ құрастыру мәселесі жан-жақты талқыланып, содан кейін «ҚМЖ құрастыру ережесі» қабылданып, ереже педагогикалық кеңесте бекітілсе, бүкіл мектептің бір сарын мен ыңғайда жұмыс жасауы үшін жағдай жасалынатындығы хақ.

Жоспарды құрып отырғанда мұғалімнің алдында төменгі сұрақтарға жауап болу керек:

Оқушылар нені білу керек?


Қандай түйінді идеяларды түсінуі керек?
Қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Ал, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттеріне келсек:

сабақтың тақырыбын анықтау;


әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;
уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;
жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.
сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;
оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;
тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.
Міне, сабақтың жоспарын осы сұрақтарға жауап беретіндей етіп және сабақ құрудың жоғарыдағы міндеттерін ескере отырып жоспарласақ, нәтижеге жетеміз.

Ал. нәтиже:

оқушыға бағытталуы керек;

белгілі бір бағытты сипаттайтын етістіктер арқылы кұрылуы керек;

оқушының жас ерекшелігі мен оқу үлгеріміне сай болуы қажет.

Ал, сабақ барысында қолданылатын педагогикалық әдіс –тәсілдерге келсек:

оқушының қатесін табу үшін емес, қайта қателерін түзету үшін оқыту;
оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;
оқушыларға дебат тақырыбын таңдауға, зерттеуге және «жақтаушы, даттаушы» топтарын құруға мүмкіндік беру;
дәлелдер мен айғақтарды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
өз ойын жеткізуге, таңдауға және келісімге келуге, өнім жасауға мүмкіндік беру;
тапсырмалар (белсенді іс-әрекеттер) арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру.
Жаңаша оқытудағы оқу үдерісінде мұғалім емес оқушы неғұрлым белсенді болады, мұғалім оқу материалын дайын күйінде бермейді, ашық сұрақ қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттап отырса, сабақ жемісті болады. Осындай жемісті сабақтың әр кезеңде белгілі бір оқыту мақсатын қоя отырып, мұғалім оқушыларға мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға, жауаптарды іздеуге, мәселені талқылауға, қорытынды жасай отырып, өз ойын білдіруге үйрете отырып, ашық қоғамның бәсекеге қабілетті азаматы етіп тәрбиелейді. Мысалға әр түрлі оқытудағы әдістердің мүкіндіктеріне тоқталып кетсек:

Қандай әдіс – тәсілді қолданып өткізсек те әрбір сабақтың соңында сабаққа талдау жасап, жақсы жақтары мен кемшік тұстарын анықтап отырудың маңызы зор. Ол мұғалім әр сабақтан кейін мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

Сабақ мақсаты орындалды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Тапсырмалар, жаттығулар сабақтың мақсатына сәйкес болды ма?

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Егер мұғалім осы сұрақтарға жауап бересе, ол алдағы сабақтарда нені ескеруі керек, қандай мәселелерге ерекше көңіл бөлуі керек, т.с.с. екенін біледі, осы жағдайда әр мұғалімнің сабақтарында жоғары нәтижелерге қол жеткізетіні сөзсіз.Мұғалімнің міндеттері:

— оқушылардың жаңа мағлұмат бойынша алған білімдерін айқындап, оны бағалап, ол жөнінде өзара пікір алмасу мен талқылау жұмысын ұйымдастырады.


Оқушылардың міндеттері:
— осы сабақта білгендері мен үйренгенін дәлелдейді, үйренгендерін тұжырымдайды;
— олардың қолданысы туралы ойланады, пікірлеседі;
— өзінің жаңа біліміне баға береді;
— сабақта не нәрсеге үйренгендігі және қалайша жұмыс жасағандығы туралы есеп береді,
— жаңа білімді нақты бір проблема шешуде қалай қолданатындығын айтады;
— «Не білдім/үйрендім? Менің қандай жетістіктерім болды? Нені сәтті жасай алдым? Оның себебі қандай? Қандай кедергілер болды? Нені сәтті жасай алмадым? Оның себебі қандай? Бұл білім маған не үшін керек? Бұл білімнің қолданысы қандай? Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын/ жалғастырамын? Тағы да не білгім келеді?» деген секілді сұрақтарға жауап беруге ізденеді.

Тапсырманы орындау барысында мұғалім қалыптастырушы бағалау жасайды: сыныпты аралайды, оқушылардың қалай үйреніп отырғандығын бақылайды, сұрақ қояды, әңгімелеседі, кері байланыс ұсынады, көмектеседі, консультация береді, бағыт-бағдар сілтейді, ынталандырады, мақтайды, оқушылардың үйрену деңгейлері бойынша өзі үшін қорытындылар жасайды, сынып/топ/жұп жұмысын үйлестіреді. Тапсырманы орындаудың нәтижелерін жариялау, тексеру және орындалу сапасын бағалау (критерийлер не дұрыс жауаптар бойынша өзін-өзі немесе бірін-бірі, мұғалімнің кері байланысы) — 2-5 мин.

Рефлексия: «жетістік – кедергі – шешу жолдары» тұрғысында талқылау, қорытындылау – 1-3 мин. — мұнда «Тапсырманы қалай орындадық? Не үйрендік? Не білдік? Тапсырманы орындау не берді? Мақсатқа жеттік пе? Табысты жерлеріміз қандай болды? Қай жерде қиналдық? Енді не істеу керек? Қалай жақсарту керек? Ол не беруі мүмкін? Қандай қорытынды жасаймыз?» деген секілді сұрақтарға жауап іздеу керек: — алдымен жұп не топпен, — содан кейін сыныппен. Бұл рефлексияны сабақ соңындағы рефлексиямен біріктіріп жіберсе де болады. Сабақ бойынша рефлексия: сабақ нәтижелерін талқылау, қорытындылау

(2-5 мин.): — «Сабақта не үйрендік? Не білдік? Тапсырманы орындау не берді? Қалай орындадық? Сабақ мақсатына жеттік пе? Оның дәлелі қандай? Табысты жерлеріміз қандай болды? Қай жерде қиналдық? Енді не істеу керек? Қалай жақсарту керек? Ол не беруі мүмкін? Қандай қорытынды жасаймыз?» деген секілді сұрақтарды талқылау («жетістік – кедергі – шешу жолдары» тұрғысында): — алдымен жұп не топпен, — содан кейін сыныппен. Үйге берілген тапсырманы талқылауды сабақтың мақсатын, дескрипторларын не критерийлері мен орындалу жолдарын оқушылар түсінбейінше тоқтатпау керек.


Пәні: қазақ тілі Уақыты: 6. 11.17ж. Сыныбы: 4 Мұғалім:
Сабақтың атауы Сөз тіркесі
Мақсаты
Оқушыларға сөйлемдегі сөздердің мағыналық тұлғалық жағынан өзара байланысты болатынын түсіндіру. Сөз тіркесіне сұрақ қоя білуге дағдыландыру. Бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып, сауатты жазуға баулу
Күтілетін нәтиже Сөз тіркестерін ажырата біледі. Сөздік қоры молаяды, қызығушылығы артады. Сөз мағынасын түсіне біледі, әдеби тілде сөйлей білуге машықтанады.
Сабақтың әдіс-
тәсілдері Сұрақ – жауап, әңгімелеу, талдау, ажырату, дәлелдеу, ізденушілік
Ресурстар кесте, суреттер, қималы карточкалар.
Психологиялық
ахуал
3 минут Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім, Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым бақытым дара тілім Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту (5минут) үй тапсырмасын тексеремін. Сұрақтарға жауап береді.
«Нақты сұрақ,дәл жауап»
Мәтін дегеніміз не?
Мәтін құрамындағы сөйлемдердің орнын ауыстырып айтуға бола ма?
Мәтін бөліктері қалай жазылады?
Мәтіннің қандай түрлері бар
Сергіту сәті
2 минут Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр. Жаттығу жасаймын. Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ Жаттығу оңай-ақ. Ой сергітеді, шаршағандары басылады
Мағынаны тану
20минут
2 жаттығу. Бағанның оң жағындағы сөздердің байланысын сұрақ қойып анықтау. Бағанның сол жағындағы сөздерден өзгешелігі неде? Тау,биік,семіз,қой,оқушы, биік тау,семіз қой,жеті оқушы, жеті,тез,кел,директор,мектеп тез кел,мектептің директоры. Ой түйеміз. Бұл сөз тіркесі,өйткені ,толық мағыналы сөз тобы,сөздер бір біріне бағына байланысқан,сөйлем құрамына дайын күйінде кіре алады. Жұптық жұмыс. 3- жаттығу. Сөз тіркестерін оқып, мағынасын түсіндір. Жібек орамал,өзеннің жағасы,жуас ат,сөздің мағынасы,қалың қарағай,кең сарай,оқушының құралы,Жәнияның әжесі,ауыр жүк. Зат есім+Зат есім Сын есім+Зат есім.. Дәптермен жұмыс. Өзің қалаған тіркестерді қатыстырып үш сөйлем құрап жаз. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет. Үлгі. Асқардың әкесі ауыр жүк тасиды. Жеке жұмыс. 4- жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жазады. Өтірік сөз өрге баспас. Сөз тіркестерін сызбамен көрсетеді. Сөз тіркестері екенін дәлелдейді. Сәйкестендіреміз. Топпен жұмыс. 5 жаттығу. Сәйкестендіреміз.бес сөйлеу үш жинау жылдам сағат тез жаңғақ ақырын ай он алты келу Топтарға жұмыс Алауыз – бірлігі жоқ. Ала көзімен атты – жек көрді. Арасынан қыл өтпейтін – тату, дос. Бес аспап – өнерлі.
Төсек тарту – сырқаттану. Көзі ашық, көкірегі ояу – білімді, көргені бар. Көз бояушылық – алдау, арбау. Ағынан жарылды – ештеңені жасырмай. Ақ саусақ – еріншек. Екі иығына екі кісі мінгендей – денелі. қолы ашық – жомарт. Көз шырымын алу - ұйықтау .
Ой толғаныс
10минут Тестпен жұмыс. 1. Сөз тіркестерін тап. А) ауырды тісі. Б) ауыр тіс. Ә) тіс ауыр. В) тісі ауырды 2. «Жақсы көреді» тіркесі қай сөйлемде сөз тіркесі болады? А) Ол кітап оқуды жақсы көреді. Ә) Оның көзі алыстағыны жақсы көреді. 3. Сөз тіркестерін белгіле. А) қоңыр ала сиыр Ә) қоңыр ала 4.Қайсысы сөз тіркесі? А) қып-қызыл Б) қоңыр қызыл көйлек. Ә) қызылды-жасылды. В) алқызыл.
Үйгетапсырма 5минут 7- жаттығу. «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбына әңгіме құрау Күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалау парақшасын толтырады.
Керібайланыс Балалар,бүгін біз не үйрендік? Сөз тіркесі дегеніміз не? Оларды бір-бірінен қалай ажыратамыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет