І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз


Оқытудың аффектілік теориясын түсіндіріңіз.Есімдік тақырыбында ҚМЖ жасаңыз



бет57/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
35.Оқытудың аффектілік теориясын түсіндіріңіз.Есімдік тақырыбында ҚМЖ жасаңыз.
Аффектілік. Бағалауыштық категориясымен аффектілік категориясы да байланысты. Аффектілік дегеніміз ерекше айқындылық дегенді білдіреді. Ол бағалауыштықтың бойынан көрініс табады.Аффектілік субьектінің қызығушылық деңгейімен айқындалады.
Тақырыбы: Есімдік
Күні:
Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 4
Барлығы: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты Есімдік туралы алғашқы түсінігін қалыптастыру; Есімдіктердің есім сөздердің орнына жұмсалатынын ұғындыру, есімдіктің тілімізде атқаратын қызметін анықтау; оқушыларды есімдікті сөйлеу тілдерін-де қолдана білуге үйрету.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Есімдіктің есім сөздердің орнына жұмсалатынын, олардың жеті түрі болатынын біледі; Сөйлем ішінен есімдіктерді табады. Оқушылардың басым бөлігі: Есімдіктерді қолданып, сөйлемдер құрастырады. Кейбір оқушылар: Есімдік туралы қорытынды жасап, өз ойын еркін жеткізеді.
Тілдік мақсат Оқушылар істей алады: Сөйлемнен есімдіктерді табады. Есімдіктерді қолданып, сөйлемдер құрастырады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Есімдік, жіктеу есімдіктері, сілтеу есімдіктері, сұрау есімдіктері, өздік есімдіктері, белгісіздік есімдіктері, болымсыздық есімдіктері, жалпылау есімдіктері.
Талқылауға арналған тармақтар:
Есімдік деген не?
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Неліктен есімдік деп аталған?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Бағалау критерийлері:
1. Сөйлем ішінен есімдіктерді
табады.
2.Есімдіктерді қoлданып,
сөйлeмдер құрастырады.
3.Eсімдік туралы қoрытынды
жасап, өз oйын еркін жеткізеді. Oқулықтан берілген жаттығулар мен шығарма-шылық тапсырмаларды oрындау. (әр кезеңді бағалап отыру: мадақтау, смайлик, басбармақ, т.б.)
Алдыңғы оқу Дара және күрделі сан есім.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт: 40 мин. Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспар-ланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы І.Ұйымдастыру кезеңі:
(Кіріспе бөлім) 3 мин. 3 мин. 3 мин. 3 мин. а) оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру. ә) жағымды ынтымақтастық орта қалыптастыру: «Геoметриялық фигуралар» ойыны. а) Сынып оқушыларын 4 тoпқа бөлу (Жыл мезгілдеріне байланысты: қыс, көктем, жаз, күз). Тoп басшыларын сайлау. б) Тoптық жұмыстарды oрындауда басшылыққа алынатын ережені еске түсіреміз. в) Тoп аттарын қорғау: Әр тoп өз атына лайықты әңгіме құрастырады. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Кoнверттегі сұрақтар» әдісі бoйынша сан есім туралы білімдерін тексеру (Тoптық жұмыс): 1-топ: Сан есім құрамына қарай қалай бөлінеді? 2-топ: Сан есімдерді тап. Мағынасына қарай ажырат: 1.Жеті рет өлшеп, бір рет кес. 2.Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – oн саулық. 3.Пеш үстінде бес мысық, Бес күзетші – бес пысық. 4. Айнұр төртінші сыныпта oқиды. 3-топ: Сан есім мағынасына қарай қалай бөлінеді? 4-топ: Сан есімдерді тап. Құрамына қарай ажырат: 1.Менің әжем жетпіс төрт жаста. 2.Түйеқұс сағатына бір жүз жиырма километр жүгіреді. 3.Айдың көлемі Жерден елу есеге жуық кіші. 4.Медет анасына бес раушан гүлін сыйлады. ІІІ. Қызығушылығын ояту. Сөзжұмбақ шешу.
к ө к т е м с у к е м п і р қ o с а қ м ұ з д а у ы л к е м п і р қ o с а қ к ү з -Балалар, жұмбақтардың шешуін таптық. Сөзжұмбақтан қандай сөз шықты? Суреттер
- Демек, балалар, бүгін біз қандай тақырыппен танысады екенбіз?
Ортасы
(Негізгі бөлім)
10 мин.
Мультфильм
3 мин.
Сергіту сәті
1 мин.
ІV. Мағынаны тану. Есімдік туралы түсінік беру: -Демек, балалар, есімдіктер - зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздер. Есімдіктер: мен, сен, ол, біз, сіз, өзі, бұл, сол, анау, мына, кім, не, қанша, бірнеше, бәрі, ешкім, ешбір, ешқашан, кейбір, әркім, әрқашан. Oқулықпен жұмыс: 1-тoп: 2-жаттығу (Мәтінді көшіріп жаз. Есімдіктерді тауып, астын сыз. Оның қай сөзбен байланысып тұрғанын айт. Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған есімдіктерді ата.) 2-тoп: 3-жаттығу (Сөйлемдерді оқы. Есімдіктердің орнына кісі атын қойып, сөйлем-дерді өзгерт. Өзгертілген сөйлемдерді дәптеріңе жаз. Қай есімдікті кісі атымен ауыстыруға болмайды? Қай есімдіктің орнына қойылған кісі аты қаратпа сөз болады?) 3-тoп: 4-жаттығу (Мақал-мәтелдерді түсініп оқы және көшіріп жаз. Есімдіктердің астын сыз. Олардың түбірін тап.Соны, оны, бұны есімдікте-рінің қасына сызықша арқылы түбірін жаз.) 4-тoп: 5-жаттығу (Бұл мәтіннің кейіпкері кім? Кейіпкердің не туралы армандағанын анықтауға бола ма? Мәтін түсінікті болу үшін қай сөзді өзгерту керек? Өзіңнің нені армандайтының ту-ралы жаз. Қажет жерінде есімдіктерді пайда-лан.) Интербелсенді тақтадан «Біздiң жaнұя» мультфильмiн көрсету. Тапсырма: Есімдіктерді тауып жазып отыру, oқыту. Мен, сен, ол, олар, Бәріміз де бір ұжым. 2 рет қайталау Мынау сынып, бұл ұстаз, Қуанышты күн бүгін. Оқулық Интербелсен-ді тақта
Аяқталуы (Қорытынды) 9 мин. Үй тапсырмасы 1 мин. Бағалау 2 мин. Кері байланыс 2 мин. VІІІ. Сабақты қорытындылау. Тoптық жұмыс: 1-топ: Дайын сурет бойынша «Көктем» тақырыбына шағын әңгіме құрастыр, постер қорға. 2-топ: Есімдіктер қатысымен рөлдік ойын құрастыр және оны сахналастыр. 3-топ: «Ана» тақырыбына бес жолды өлең құрастыр. Есім сөздерді есімдіктермен ауыстыр. 4-топ: Есімдіктері бар мақал-мәтелдер айт. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір. 6-жаттығу. Ереже жаттау (51-бет). Есімдіктері бар үш мақал-мәтел жаттап келу. 1. Топтық бағалау (Топ басшылары). 2. Критерийлер б/ша оқушыларды бағалау. «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін толтыру. Сурет Кесте Кесте
Қосымша ақпарат :
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз қабілеті
жоғары оқушылар-ға
тапсырманы күрделендіруді
қалай жоспарлайсыз? Бағалау – оқушылардың үй-ренгенін тексеруді қалай жоспарлай-сыз? Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
Қабілеті жоғары оқушыларға
күрделіленген тапсырмалар
беру.
Қалыптастырушы бағалау: мадақтау, смайликтер, топтық бағалау, критерий арқылы бағалау. Математика, дүниетану, өзін-өзі тану. Мультфильм көрсету. Өтірік айту, ұрлық жасау - жаман әдет екенін ұғындыру.
Рефлекция. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін
оқу-шылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай
болды? Мен жос-парлаған
саралау шаралары тиімді
болды ма? Мен берілген
уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай
түзетулер енгіздім және
неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікі-ріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің саба-ғыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұ-рақтарға жауап беріңіз. Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар есімдіктер-дің өмірде қолданылатынын білді, түсінді. Сынып-та балалар ұйымшылдықпен, белсенділікпен жұ-мыс жасады. Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды. Берілген уақыт ішінде сабақ кезеңде-рін түгелдей өтіп үлгердім. Жоспарыма ешқандай түзетулер енгізбедім.
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.Топтық жұмыс арқылы ауызбіршілікке жеттік. Есімдіктерді өмірде қолданатынымызды білдік. 2. АКТ көмегімен көрсетілген мультфильм арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артты. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.«Геометриялық пішіндер» ойыны арқылы жағымды орта қалыптастырдым. 2. Постер қорғау арқылы оқушылар тақырыпты қалай меңгергендерін көрсетті. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? 1.Жекелеген оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, сөз саптауына мән беру қажеттігіне көз жеткіздім.
36. Қысқа мерзімді,орта мерзімді,ұзақ мерзімді сабақ жоспарының ерекшеліктері.Омоним тақырыбына ҚМЖ жасаңыз.
Елімізде білім саласындағы жаңа инновациялық технологиялардың енуі, мұғалімдерді ізденіске жетелеп отыр. Жас ұрпаққа сапалы білім беру әр ұстаздың міндеті саналады. Менің ойымша, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгеру үшін, оны түсініп алу қажет. Сабақты толық мақсатына жетуде ұстаздың шеберлігі мен қатар қысқа мерзімді жоспарды тиімді құрастырудың маңызы зор. Интернет желісінде және әдістемелік журналдарда жарияланып жүрген қмж жасаудың әдістеріне шолу жасап, ой бөліскім келеді.
Жаңаша білім беру бағдарламасы маңызды үш құжаттан тұрады: бағдарлама, ұзақ мерзімді жоспар, орта және қысқа мерзімді жоспар. Осы күнге дейінгі біздің жасап келе жатқан «Күнтізбелік — тақырыптық» жоспарымыз – ұзақ мерзімді жоспар негізгі оқу мазмұнын қамтиды. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде пән бойынша оқу бағдарламасы құрылады. Оқу бағдарламасының мазмұны: Жалпы ережелер; Пәннің мазмұнын ұйымдастыру; оқу мақсаттарының жүйесі; қосымша ұзақ мерзімді жоспар. Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Ұзақ мерзімді жоспар – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәннің негізгі мазмұны нақтыланады. Орта мерзімді жоспар – ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы. Бұл жоспарды мұғалім жеке сынып үшін пайдаланады. Орта мерзімді жоспардың тиімділігі қажетті әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны күнделікті қмж жасауда қолдануға болады. Ұзақ мерзімді жоспардағы кодтың оқылуы мыс: 8-сынып дүниежүзі тарихы «8», 3-бөлім, 1-тақырып мазмұны, 1-оқу мақсаты. 8.3.1.1. сандарының мазмұны оқылады.
Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады. Сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. «Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Бұл туралы әр пәннің оқу бағдарламаларында былайша жазылған: «Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады». Мұндағы берілген ақпарат бойынша оқу мақсаттарынан ауытқымай жүру керек деген қорытынды жасаймыз.
Оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдыру. Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде (45 минуттан кейін) үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта (45 минут барысында) не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды. Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді. Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарының негізінде жасалады. Мұнда мұғалім ҰМЖ-да оқу мақсатын қанша сағатқа жоспарланғанына сәйкес негізгі сұрақтарды (оқу мақсатын толығымен немесе бір бөлігін) таңдайды. Әр сабақта 2-3 оқу мақсатын таңдаған дұрыс (алайда барлығы да мұнда КТЖ-ға байланысты: күнтізбелік-тақырыптық жоспарда қанша мақсат көрсетілсе, бір сабақта да сонша мақсат болады). Оқу мақсаттары алдымен сабақ мақсаттарына айналдырылады. Мұнда негізінен оқу мақсаттары өзгерілмейді, оларды тек ықшамдауға немесе түсіндіруге болады. «Оқушылардың басым бөлігі» мен «кейбір оқушылардың» сабақта қандай нәтижеге жететіндігін көрсету-көрсетпеуді әрбір мектеп өздігімен шешу керек деп ойлаймын. Ол үшін мектепте ҚМЖ құрастыру мәселесі жан-жақты талқыланып, содан кейін «ҚМЖ құрастыру ережесі» қабылданып, ереже педагогикалық кеңесте бекітілсе, бүкіл мектептің бір сарын мен ыңғайда жұмыс жасауы үшін жағдай жасалынатындығы хақ.
Жоспарды құрып отырғанда мұғалімнің алдында төменгі сұрақтарға жауап болу керек:
Оқушылар нені білу керек?
Қандай түйінді идеяларды түсінуі керек?
Қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Ал, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттеріне келсек:

сабақтың тақырыбын анықтау;


әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;
уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;
жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.
сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;
оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;
тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.
Міне, сабақтың жоспарын осы сұрақтарға жауап беретіндей етіп және сабақ құрудың жоғарыдағы міндеттерін ескере отырып жоспарласақ, нәтижеге жетеміз.

Ал. нәтиже:


оқушыға бағытталуы керек;
белгілі бір бағытты сипаттайтын етістіктер арқылы кұрылуы керек;
оқушының жас ерекшелігі мен оқу үлгеріміне сай болуы қажет.
Ал, сабақ барысында қолданылатын педагогикалық әдіс –тәсілдерге келсек:
оқушының қатесін табу үшін емес, қайта қателерін түзету үшін оқыту;
оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;
оқушыларға дебат тақырыбын таңдауға, зерттеуге және «жақтаушы, даттаушы» топтарын құруға мүмкіндік беру;
дәлелдер мен айғақтарды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
өз ойын жеткізуге, таңдауға және келісімге келуге, өнім жасауға мүмкіндік беру;
тапсырмалар (белсенді іс-әрекеттер) арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру.
Жаңаша оқытудағы оқу үдерісінде мұғалім емес оқушы неғұрлым белсенді болады, мұғалім оқу материалын дайын күйінде бермейді, ашық сұрақ қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттап отырса, сабақ жемісті болады. Осындай жемісті сабақтың әр кезеңде белгілі бір оқыту мақсатын қоя отырып, мұғалім оқушыларға мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға, жауаптарды іздеуге, мәселені талқылауға, қорытынды жасай отырып, өз ойын білдіруге үйрете отырып, ашық қоғамның бәсекеге қабілетті азаматы етіп тәрбиелейді. Мысалға әр түрлі оқытудағы әдістердің мүкіндіктеріне тоқталып кетсек:
Қандай әдіс – тәсілді қолданып өткізсек те әрбір сабақтың соңында сабаққа талдау жасап, жақсы жақтары мен кемшік тұстарын анықтап отырудың маңызы зор. Ол мұғалім әр сабақтан кейін мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:
Сабақ мақсаты орындалды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Тапсырмалар, жаттығулар сабақтың мақсатына сәйкес болды ма?
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?
Егер мұғалім осы сұрақтарға жауап бересе, ол алдағы сабақтарда нені ескеруі керек, қандай мәселелерге ерекше көңіл бөлуі керек, т.с.с. екенін біледі, осы жағдайда әр мұғалімнің сабақтарында жоғары нәтижелерге қол жеткізетіні сөзсіз.Мұғалімнің міндеттері:
— оқушылардың жаңа мағлұмат бойынша алған білімдерін айқындап, оны бағалап, ол жөнінде өзара пікір алмасу мен талқылау жұмысын ұйымдастырады.
Оқушылардың міндеттері:
— осы сабақта білгендері мен үйренгенін дәлелдейді, үйренгендерін тұжырымдайды;
— олардың қолданысы туралы ойланады, пікірлеседі;
— өзінің жаңа біліміне баға береді;
— сабақта не нәрсеге үйренгендігі және қалайша жұмыс жасағандығы туралы есеп береді,
— жаңа білімді нақты бір проблема шешуде қалай қолданатындығын айтады;
— «Не білдім/үйрендім? Менің қандай жетістіктерім болды? Нені сәтті жасай алдым? Оның себебі қандай? Қандай кедергілер болды? Нені сәтті жасай алмадым? Оның себебі қандай? Бұл білім маған не үшін керек? Бұл білімнің қолданысы қандай? Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын/ жалғастырамын? Тағы да не білгім келеді?» деген секілді сұрақтарға жауап беруге ізденеді.
Тапсырманы орындау барысында мұғалім қалыптастырушы бағалау жасайды: сыныпты аралайды, оқушылардың қалай үйреніп отырғандығын бақылайды, сұрақ қояды, әңгімелеседі, кері байланыс ұсынады, көмектеседі, консультация береді, бағыт-бағдар сілтейді, ынталандырады, мақтайды, оқушылардың үйрену деңгейлері бойынша өзі үшін қорытындылар жасайды, сынып/топ/жұп жұмысын үйлестіреді. Тапсырманы орындаудың нәтижелерін жариялау, тексеру және орындалу сапасын бағалау (критерийлер не дұрыс жауаптар бойынша өзін-өзі немесе бірін-бірі, мұғалімнің кері байланысы) — 2-5 мин.
Рефлексия: «жетістік – кедергі – шешу жолдары» тұрғысында талқылау, қорытындылау – 1-3 мин. — мұнда «Тапсырманы қалай орындадық? Не үйрендік? Не білдік? Тапсырманы орындау не берді? Мақсатқа жеттік пе? Табысты жерлеріміз қандай болды? Қай жерде қиналдық? Енді не істеу керек? Қалай жақсарту керек? Ол не беруі мүмкін? Қандай қорытынды жасаймыз?» деген секілді сұрақтарға жауап іздеу керек: — алдымен жұп не топпен, — содан кейін сыныппен. Бұл рефлексияны сабақ соңындағы рефлексиямен біріктіріп жіберсе де болады. Сабақ бойынша рефлексия: сабақ нәтижелерін талқылау, қорытындылау
(2-5 мин.): — «Сабақта не үйрендік? Не білдік? Тапсырманы орындау не берді? Қалай орындадық? Сабақ мақсатына жеттік пе? Оның дәлелі қандай? Табысты жерлеріміз қандай болды? Қай жерде қиналдық? Енді не істеу керек? Қалай жақсарту керек? Ол не беруі мүмкін? Қандай қорытынды жасаймыз?» деген секілді сұрақтарды талқылау («жетістік – кедергі – шешу жолдары» тұрғысында): — алдымен жұп не топпен, — содан кейін сыныппен. Үйге берілген тапсырманы талқылауды сабақтың мақсатын, дескрипторларын не критерийлері мен орындалу жолдарын оқушылар түсінбейінше тоқтатпау керек.
Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың-жаны сау Мектеп: Тобыл орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Хайрат Айнагул
Сынып: 2
Сабақ тақырыбы: Сөз және оның мағынасы. Омоним дегеніміз не?
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтеме) 2.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру 2.2.2.1* - синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану 2.3.5.1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету 2.4.2.2 – көптік жалғауларын дұрыс қолдану
Сабақ
мақсаттары Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау
критерийлері Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ойлау
дағдыларының
деңгейі Қолдану, білу, түсіну,талқылау, анықтау, құрау, жазу.
Тілдік мақсат Пәнге тән лексика мен терминология: Омоним сөздер, жүз саны, адамның жүзі, соңымнан ер, аттың ері. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: · Омоним сөздер деген не? · Түріп жең, Күресте жең. · Талып қар, Күре қар.
Құндылықтар-
ды дарыту Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Пәнаралық
байланыстар Музыка, қазақ тілі.
Бастапқы білім Дыбысталуы бірдей мағынасы әр басқа сөздердің мағынасын біледі. сөздер туралы түсініктері бар.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы 1.Жағымды көңіл күй туғызу. 2.Тақырыпқа кіріспе. 3. Мақсатты тұжырымдау. 4. Үй тапсырмасын тексеру. 5. Негізгі бөлім бойынша жұмыс. Сабақтың ортасы (МК) Жүректен жүрекке Оқушыларды сыпайылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Бір –біріне допты лақтыру арқылы жылы лебіздерін білдіреді. -Әрқашан көңілді бол! -Ешқашан ауырма! -Денің сау болсын, т.б. Оқушының сыни ойлау дағдыларын дамыту, сабақтың тақырыбын анықтау. -Мына сөз тіркестерінің мағынасын айтыңдаршы! Жүз саны, пышақтың жүзі, адамның жүзі, аяғыңмен бас, басыңды көтер, жуас қой, затыңды жерге қой. 17-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, бір-біріне сұрақ қою. Әділеттің әкесі Әділ күн сайын ерте тұрып, денесін шынықтырады. – Әділет, кел, бірге шынығайық, – деді Әділ баласын шақырып. – Мақұл, әке! – деп, Әділет әкесіне ілесе жүгіріп, жаттығу жасады. – «Шынықсаң, шымыр боласың!» – деді әкесі. – Әке! Сіз қандай күштісіз?! – деп, Әділеттің қарақаттай көзі жайнап кетті. Жүзі нұрланып қуанып тұр. Дескриптор: · Мәтіннің спортқа байланысты екенін түсінеді. · Мәтінге ат қояды. · Бір-біріне сұрақ қояды. · «Жүз» сөзінің әр мағынасына сөйлем құрастырады. Ереже: Дыбысталуы бірдей, білдіретін мағыналары әр басқа сөздер омоним сөздер деп аталады. Мысалы. Алма-жеміс, алма- қимыл атауы: сен оны алма. Т. 19-жаттығу. «Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді. Сөйлемдер құрастырады. 1. Көкем аттан түсті. 2. Мен мектептен түсте келдім. Дескриптор: · Берілген сөздердің екі түрлі мағынасына сөйлемдер құрайды. Ө. 20-жаттығу. Көшіріп жазып, мағынасын түсіндіру. Досың болса ер, Соңынан қалма, ер. 21-жаттығу. Жұмбақты өлеңді оқып, шешуін табу. Мұзайдында жеті бала Асыр сап жүр сырғанап. Сырғанамай екі бала, Жағалауда тұр қарап. Енді осы бар баланың, Санын айтсаң, жарадың.
Сабақтың соңы Үй жұмысы Дескриптор: · Өлеңді мәнерлеп оқып, шешуін табады. · Таза ауада демалу денсаулықтың негізі деп біледі. Қ. «Шапалақ» әдісі (МК) Кері байланыс. Жұмысты орындауда не қиын, не жеңіл болды? Неліктен? + Мен ................ үйрендім. -Маған .............. қиын. Өз-өзін бағалау Оқушылар өз жетістіктерін «Жетістік баспалдағына» стикерді таңдап, жапсыру арқылы бағалайды. 12 бет,18-жаттығу
Саралау – оқушыларға
қалай көбірек қолдау
көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары
оқушыларға қандай
міндет қоюды жоспарлап
отырсыз?
Оқушыларға омоним
сөздермен денсаулыққа
спортпен шұғылдану
пайдалы екендігін
түсіндіремін. Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Бүгінгі сабақтан алған әсерін, жетістігін айтып, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беру. Денсаулық және қауіпсіздік техника-сының сақталуы Қауіпсіздік шаралары ескертіліп отырады.
Сабақ бойынша
рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу
мақсаттары дұрыс
қойылған ба?
Оқушылардың барлығы
ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс
жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық
кезеңдері сақталды ма? Сабақ мақсаттары мен оқу міндеттері орындалды. Сабақ өз дәрежесінде өтті. Жоспарланған саралау сабақ барысында өз нәтижесін берді. Омоним сөздердің мағынасын түсінді. Жаттығулардан дұрыс таба білді. Спорт денсаулыққа пайдалы екендігін түсінді. Уақытты тиімді пайдаландым. Жоспарға өзгерту енгізбедім.
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздер омоним сөздер деп аталатынын білді.
2: Спорт денсаулық негізі екендігі жөнінде қосымша мағлұматтар алды.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Мысалдар келтіру, сөйлемдерден омоним сөздерді табу.
2: Топтық жұмыстарда жаңа сабақты талдау жақсы нәтиже береді.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары
туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
*Антоним, синоним, омоним сөздерді шатастырмау үшін тапсырмаларды түрлендіріп отыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет