І. Электрстатик а


Кернеулік сызығы. Кернеулік векторының ағыны



бет4/55
Дата14.05.2022
өлшемі1,99 Mb.
#34385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
1.4. Кернеулік сызығы. Кернеулік векторының ағыны

Әрбір нүкте үшін векторының шамасы мен бағытын көрсету арқылы электр өрісін беруге болады. Электр өрісін график түрінде кернеулік сызықтарының жәрдемімен (оларды басқаша күш сызықтары деп те атайды) сипаттауға болады. Өрістің кернеулік сызықтары деп олардың әрбір нүктесіне векторының бағытымен дәл келетіндей етіп жүргізілген жанама сызықтарды атайды. Сызықтардың жиілігі (перпендикуляр бір өлшем бетті тесіп өтетін сызықтар саны) векторының сан мәніне тең болатындай етіп алынады. Сонда кернеулік сызықтарының суретіне қарап кеңістіктің түрлі нүктелеріндегі вектордың бағыты мен шамасы туралы айтуға болады.

Нүктелік зарядтың кернеулік сызықтары, егер ол оң таңбалы болса, зарядтан шығатын, ал теріс болса, зарядқа қарай бағытталған түзулердің жиынтығы болып табылады. Кернеулік сызықтардың бір ұшы зарядтарға тіреледі де екінші ұштары шексіздікке кетеді.

Кернеулік сызықтардың жиілігі -ның сан мәніне тең болатындай етіп таңдап алатындықтан, векторына перпендикуляр элементар ауданын тесіп өтетін сызықтар саны, кернеулік сызықтардың ағыны мынаған тең болады:

(1.8)

Ауданды нормаль бағытында тесіп өтетін күш сызықтарының санын немесе және векторларының скаляр көбейтіндісін кернеулік векторының ағыны деп атайды.





Егер ауданшасы векторына перпендикуляр болмаса, яғни ауданшасына түсірілген нормаль векторымен бұрышын жасайтындай етіп орналасқан болса, онда бұл ауданшаны тесіп өтетін сызықтар саны мынаған тең болады:


(1.9)

мұндағы  - ауданшаға түсірілген нормаль бойындағы векторының құраушысы .

Ал кез-келген беттік ауданды тесіп өтетін кернеулік сызықтарының саны, яғни кернеулік векторының толық ағыны үшін мынадай өрнек шығады:

(1.10)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет