І. «Жайлауға бардым» 5 сағат


Сапалық сын есім Қатыстық сын есім



бет4/18
Дата31.03.2023
өлшемі1,36 Mb.
#78106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Сапалық сын есім Қатыстық сын есім
3. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз, сын есімін табыңыз.
Кітап-білім бұлағы, білімнің қайнар көзі. Кітап қана мәнді білім бере алады, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын әлемнің тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарын үйренеді.Кітап дегеніміз алдынғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.

Кітап адамға не үшін керек?
4. Сын тұрғысынан ойлаңыз.
5. Кітапты күту ережесін жалғастырыңыз.
1. Мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.
2. Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұста.
3. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.
4. Кітап бетін және бұрыштарын бүктеме.
5. Кітапқа сурет салма.
VІ. «Маған спорт киімі керек»– 5 сағат.
Саулық –байлық негізі. Спорт киімі. Жолға шыққанда киетін киім. Жастардың киімі. Салауатты өмір салты. Сын есім оның түрлері.
1. Киімге байланысты мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз, сын есімді табыңыз.
1. Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар.
2. Ескі киімді баптағаның
Жаңа киімді сақтағаның.
3. Сыпайы, киімді киіп тоздырады,
Сараң, киімді жиып тоздырады.
4.Ескі киім-жаңа киімнің қорғаушысы.

2. «Жастардың киімі қандай болу керек?» деген сауалға өз пікірінді айтыңыз.
3. Сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырыңыз.
1. Жолға шыққанда киетін киім ..., ..., ... болуға тиіс.
2. Желді жерде жұмыс істегенде киім ... тігілуі тиіс.
3. Ер кісі саяхатқа ... шыға береді.
4. Аяқкиім ... болу керек.
5. Суық кезде ... , күртеше киген дұрыс.
Керекті сөздер: пальто, ыңғайлы, арнаулы костюмімен, қолайлы,қарапайым, жинақы, қалың матадан.
4. Сын есімдерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырыңыз.
Үлкен, биік, қолайлы, жақсы, ұзын, қысқа, қымбат, арзан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет