I және II түрдегі мектепте оқыту бағдарламалары. Түзету пәндері (курстар)


Ақыл-ой кемістігі бар балалардың психофизикалық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру қызметін ұйымдастыру



бет3/45
Дата14.09.2023
өлшемі165,24 Kb.
#107940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
3. Ақыл-ой кемістігі бар балалардың психофизикалық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру қызметін ұйымдастыру.
Ақыл-ой кемістігі бар балалардың санатына бас ми қабығының диффузды органикалық зақымдануы салдарынан танымдық іс-әрекетінің және эмоционалдық-ерік өрісінің тұрақты бұзылуы бар балалар жатады. Бұзылыс белгілерінің көрініс беру дәрежесі зақымдалудың ауырлығына, оны таратпау ерекшелігіне, сондай-ақ зақымдалу уақытына байланысты. Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың ерекшелігі – жоғары психикалық функцияларынының, мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін реттеуінің бұзылуы болып табылады. Ең алдымен, танымдық процестер зардап шегеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу, зейін. Эмоционалдық-ерік өрісінің, моторикасының және жалпы адамның бұзылуы байқалады.1994 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (АХЖ-10 ДДҰ) қабылдаған жіктеуге сәйкес, ақыл-ой кемістігі зерденің төмендеуінің төрт (негізгі) деңгейін қамтиды: жеңіл (F70), орташа (F71), ауыр (F72) және терең (F73). Мектепте оқыту жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін ұйымдастырылады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балалар санатына танымдық қызметі мен ойлауының күрделі формаларының жетілмеуі жекелеген талдамалардың өрескел бұзылмаған және эмоционалдық-ерік өрісінің салыстырмалы түрде бастапқы сақталған дебильдіктің жеңіл және орташа дәрежелі олигофрениясы бар балалар жатады.
Ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқытудың негізгі міндеттері оқушылардың танымдық қызметіндегі және эмоциялық-ерік өрісіндегі кемшіліктерді барынша еңсеру, оларды өздігінше өмір сүруге, өндірістік еңбекке қатысуға, қазіргі заманғы қоғам жағдайында әлеуметтік бейімделуге дайындау болып табылады. Жалпы білім беретін мектепте ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқытудың анағұрлым дәл келетін жағдайлары арнайы сынып жағдайы болып табылады. Арнайы сыныптар жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін жеке сынып және орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін бөлек сынып құрылуы мүмкін. Бұл оқушыларды бір сыныпта біріктіріп оқытуға да болады. Арнайы сыныпта «Олигофренопедагогика» мамандығы бар жоғары білімді дефектолог мұғалім жұмыс істеуі қажет. Арнайы сынып жағдайында ақыл-ой кемістігі бар балаларды мектепте оқытудың ұзақтығы: - бірінші сатысы – 0 (даярлық), 1-4-сыныптар; - екінші сатысы – 5-9-сыныптар. Егер мектепте бастауыш кәсіптік еңбекке дайындау үшін жағдай болса, онда 10-кәсіптік сынып ұйымдастырылуы мүмкін.
Даярлық сыныбына ұйымдастырылған мектепке дейінгі даярлықтан өтпеген 7-9 жастағы балалар қабылданады. Даярлық сынып белгілері жағынан ақыл-ой кемістігіне ұқсас басқа да бұзылыстары бар (психикалық дамуының тежелуі, әлеуметтік-педагогикалық қараусыз қалған, сөйлеудің ауыр бұзылыстары) балаларды қате қабылдаудың алдын алу мақсатындағы диагностикалық сынып ретінде де қызмет етеді. Едәуір даярланған оқушылардың оқуды 1-сыныптан бастауына болады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған сыныптардың бірінші сатысында ақыл-ой кем оқушының тұлғасын жан-жақты психологиялықмедициналық-педагогикалық зерттеу, білім беру процесін ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін әзірлеу мақсатында оның мүмкіндіктері мен жеке ерекшеліктерін анықтау жүзеге асырылады. Екінші сатысында балалар жалпы білім беретін практикалық бағыты бар пәндер бойынша білім, әр түрлі бейіндегі еңбек дағдыларын алады. Әлеуметтік бейімдеуге және кәсіптік еңбекке даярлауға назар аударылады
4.Ақыл-ойы бұзылған балаларды инклюзивті оқыту жағдайында жұмыс істейтін мұғалімнің қызметін ұйымдастыру (даму деңгейінің диагностикасы; баланың жеке білім беру бағытын диагностикалық деректер негізінде құру, баланың даму динамикасын қадағалау, мамандармен және ата-аналармен өзара іс-қимыл жасау).

Интеллектісі бұзылған балалар дені сау қатарластарына қарағанда Физикалық дамуы төмен болады. Бұл бойы, салмағы, көкірек көлемінің төмендеу болуында көрініске ие болады. Олардың көбінде жүріс-тұрысы, икемділігі, эмоциональды қимылдарының мәнері бұзылған, олар жинақталған. Олардың жылдамдылығы, күштілігі және шыдымдылығы төмен болады (А.А.Дмитриев, Н.П.Вайзман, В.М.Мозговой). Интеллект дамуы бұзылған балалар мектепке жиі өз-өзіне қызмет жасай алмай келеді, ол олардың мектепке үйренуіне кедергі жасайды. Интеллекті бұзылған оқушыларға сабақ барысында жұмыс қабілеттілігін ұстап тұру қиын, себебі олар тез шаршап қалады. Балаларда сабаққа жұмыс қабілеттілігі төмен болады.


Ақыл-ойында ауытқуы бар балалардың қабылдауы бірнеше ерекшеліктермен сипатталады. Олардың қабылдау жылдамдылығы әлдеқайда төмен болады. Оларға белгілі бір затты тану үшін дамуы бір қалыпты балаларға қарағанда, оларға көбірек уақыт керек қажет болады. Бұл әсіресе оқу процесінде ескерілуі қажет, оқушыларға түсіну үшін мұғалімнің әңгімесі анық және ақырын айтылуы қажет. Сонымен қатар заттарды, суреттерді қарастыруға көбірек уақыт берілуі қажет. Ой-өрісі төмен оқушыларда қабылдау көлемі төмен, яғни топ заттарды бір уақытта қабылдауы қиын болады. Бұл балаларда кеңістікте өзін-өзі ұстау және кеңістікке икемделуі төмен болады, ол мынадай оқу пәндерін математика, тарих, және т.б. меңгеруді қиындатады. Олар үшін суреттерді қабылдау үлкен қиындықтар тудырады (К.И.Вересотская, И.М.Соловьев, Н.М.Стадненко). Олар, әдеттегідей, персонаж арасында байланысты көрмейді, бейнеленген персонаждардың эмоциональдық жағдайын түсінбейді, сюжетті көрмейді, бейнеленген қимылдарды түсінбейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет