I және II түрдегі мектепте оқыту бағдарламалары. Түзету пәндері (курстар)


Балалардың көру қабілетінің бұзылу дәрежесіне байланысты инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыру



бет5/45
Дата14.09.2023
өлшемі165,24 Kb.
#107940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
7.Балалардың көру қабілетінің бұзылу дәрежесіне байланысты инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыру.
Дамуында басқа бұзылуы жоқ зағип және нашар көретін балалар МЖБС талаптарына сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жалпы білім беретін мектептерде білім алады. Көру қабілеті бұзылған балалар жалпы білім беретін мектептердің арнайы немесе жалпы сыныптарында оқи алады(психологтік-педагогикалық мамандардың түзету қолдауымен және қамқор педагогикалық тәртіптемеде). Ақыл-ой кемістігі бар зағип және нашар көретін балаларды оқыту арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады,алайда, көруінде кемістігі бар балаларға арналған қосымша түзету бөліктеріқарастырылуы қажет. Психикалық дамуы тежелген зағип және нашар көретін балаларды оқыту психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту талаптарына сәйкес жүргізіледі алайда, көруінде кемістігі бар балаларға арналған қосымша түзету сабақтары қарастырылуы қажет. Ауыр ауру түрлерімен ауыратын зағип балаларды дәргерлердің ұсынымдамасын есеріп ПМПК бекітуі
бойынша дербес бағдарламамен оқушылар ұжымымен ішінара кіріктіріліп үйде оқыту ұйымдастырылады. Кіріктірілу деңгейі және оның формасы оқушының денсаулығына қарай анықталады.Дербес үйде оқыту мектеп жағдайында арнайы мамандардың, техникалық және отбасылық жағдайға байланысты жүзеге асады.
Көру қабілеті бұзылған оқушылардың арнайы сынып жағдайындағы мектептегі білім беру ұзақтығы:
а) зағип оқушылар:
- бастауыш білім беру деңгейі – 0 (дайындық), 1-4 сыныптар;
- негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар;
- жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.
б) нашар көретін балалар:
- бастауыш білім беру деңгейі – 0 (дайындық), 1-4 сыныптар;
- негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар;
- жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.
Әрбір білім беру деңгейінде білім алушыларды жалпы сыныптарға
ауыстыру мүмкіндігі бар.
в) Күрделі бұзылуы бар зағип және нашар көретін балаларды (Психикалық дамуы тежелген, ақыл-ой кемістігі) арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет