I және II түрдегі мектепте оқыту бағдарламалары. Түзету пәндері (курстар)


Түзету-дамыту және арнайы дидактикалық сабақтар өткізу тәсілдері



бет44/45
Дата14.09.2023
өлшемі165,24 Kb.
#107940
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
63. Түзету-дамыту және арнайы дидактикалық сабақтар өткізу тәсілдері.
Психологиялық түзету-дамыту жұмысының бағдарламасы
А) Оқушыларға дер кезінде психологиялық көмек беру.
Б)Оқушылардың өз ішкі әлемдерін тануға мүмкіндік беру.
В) Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін түзету және дамыту
Жұмыс түрі
Әдістер
А) Сыныпта психологиялық жағымды қарым- қатынас орнату. 
Б)Оқушылардың топ ішіндегі анықталған қарым-қатынасын әрі қарай дамыту.
В)Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және тексеру
Дамыту - түзету жаттығулары.
№ 1-сабақ
Мақсат: Балалардың мимика, қол – қимылын дамыту, эмоциямен таныстыру, қуаныш эмоциясының түсінігін беру, балаларды бір-бірімен жақындату.
Жоспар: 1. Сабақты бастау рәсімі: «Сүйкімді жануар»
2. Көзіңді жұм да, допты ал!
3. «Менің артымнан қайтала» жаттығуы
4. Эмоциялар
5. Рефлексия
1. «Сүйкімді жануар» Балалар қол ұстасып, шеңбер құрып тұрады. - Балалар, біз үлкен сүйкімді жануармыз,- деп жүргізуші бастайды. Балалар жүргізушінің артынан қайталайды. - Жануардың дем алғанын тыңдайықшы, - деп бір-бірінің дем алғанын тыңдап, терең демалады. - Ал, енді жүрегінің соққанын тыңдайық: бір қадам алға - тук-тук, бір қадам артқа – тук-тук. Біздің жануарымыз өте мейірімді, сүйкімді. Ол күннің сәулесінен алған жылулылықты бойына жинап, жақсы көңіл-күймен жүреді. Жарайсыңдар, балалар!
2. Көзіңді жұмда, допты ал! жаттығуы Балалар шеңбер құрып отырады. Кезек – кезекпен бір – біріне тез-тез допты беріп отырады. Ойын сайыс түрінде өтеді. Жаттығып болған соң, жаттығуды күрделендіруге болады: балалар көздерін жұмып ойнайды.
3. «Менің артымнан қайтала» жаттығуы. Балалар шеңбер құрып отырады. Балалар жүргізушінің сөзін, қол - қимылымен, мимикасын қайталау керек. Екі аю отырды, Балалар отырады Жұқа – жұқа бұтақта. Біреуі газет оқыды, Қолдарын алға созып, газет оқыған болады
Екіншісі нан жазды. Нанды жазады Бір,екі; бір, екі; бір, екі, Екеуі ұнға құлап түсті. Құлап түседі. «Төмен», «биік», «мен», «ол», «осы жерде», «сен» деген сөздерді, балалар сөзбен айтпай, қол-қимылмен көрсету керек
4. Эмоциялармен танысу. Балалар, сендер бір күнде әртүрлі көңіл - күйде бола аласыңдар ма? Кейде қуанасыңдар, ренжеп қаласыңдар, солай ма? Осы әртүрлі көңіл – күйімізді эмоция дейміз. Қуанғанда қуаныш эмоциясына бөленеміз, ашуланғанда – ашу эмоциясына, эмоцияның көптеген түрі бар: ашу, реніш, қайғы, қуаныш... Ал, енді балалар айтыңдаршы сендер қай кезде қуанасыңдар? (Балалардың жауабы). 5. Рефлексия. - Балалар, біз бүгін қандай жаттығулар орындадық, қандай жаттығу ұнады? Қандай эмоцияларды үйрендіңдер?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет