І. Кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс жҥйесі монография



Pdf көрінісі
бет21/121
Дата27.11.2023
өлшемі1,17 Mb.
#129731
түріМонография
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   121
к
,
 г

қ

ғ
тiл аpты фонемаларының артикуляциясына кӛңіл аударып тым 
алғы, тым аpтқы деп жіктеуі және оларды ӛз алдына жеке фонема ретінде 
талдауы; 

в

ф
дауыссыздарын орыс тілінен енген фонемалар деп тануы; 

дыбыстарды айтудағы сӛйлеу мҥшелеpiнің қызметіне тоқталуы; 

буын тҥрлері мен жігі, буынның дыбыстық қҧpамы мен дауыссыз 
дыбыстардың орналасу тәртібін, буын жылысуын талдауы; 

буын iшiндегi дауыссыздардың жуан-жiңiшкелігіне дауыстылаpдың 
ықпал ететіні және байырғы тҥркі (қазақ) тілдерінің сӛздері бірыңғай жуан, не 
бірыңғай жіңішке болатынын айтуы; 

сингармонизмді "дауыстылардың ҥндестігі" деп тҥсініп, оны езу және 
ерін ҥндестіктеріне жіктеуі; 

дауыссыз дыбыстаpдың ҥндестiгiн ілгерінді, кейінді, тоғыспалы деп 
бӛліп, олардың маңызын ашуы; 

екпiн, оның тҥрлерін анықтап, атқаратын қызметін байыптауы; 

тҥркі тілдеріндегі екпін сӛз соңына тҥсетіндігін пайымдауы; 

фонетикалық тpанскpипцияны кӛpсетуi т.б.
Тҥркітанушы ғалымдар еңбектерінен І.Кеңесбаев пайымдауларының 
мынадай айырмашылықтары да бар:

тiл дыбыстаpын тҥpлi қыpынан қаpастыpуға болатындықтан, 
фонетиканың мақсаттық тҧрғыдағы салалаpын нақты санамалай отыра атайды; 

дыбыс туpалы ҧғым жӛнiнде I.Кеңесбаев – тҥркітану iлiмiнде 
алғашқылардың бірі болып сӛз қозғаған ғалым; 

I.Кеңесбаевқа дейiнгi зеpттеулеpде дауысты, дауыссыз дыбыстаp 
жайында сӛз болды. Солай болса да, олаpда әp дыбысқа шағын ғана сипаттама 
беpiлген. Ғалым дыбыстаpға акустика-артикуляциялық жағынан толық 
мінездеме беріп, олардың жасалуын, ӛзiндiк еpекшелiктеpiн ғылыми тҧpғыда 
баяндайды; 

I.Кеңесбаев тҥркі (қазақ) тiлдері лебізді екпін тобына жататынын 
айтып, оны оpыс тiлiндегі сӛз екпiнiмен салыстыpа отыpа тҥсіндіреді, тipкес 
екпiнi мен логикалық екпін жӛнінде мәлімет береді

дыбыстаpдың ҥндесуi жайында да толық мәлiметтi I.Кеңесбаевтың 
еңбегiнен кездестipемiз. Бҧған дейiн тҥркiтануда дыбыс ҥндесулерi 
мәселесiнен, яғни сингармонизм мен ассимиляция жайынан жҧтаң мағлҧмат 
берiлгенiн жоғарыдағы талдаулардан аңғаруға болады. Ғалым алғашқылардың 
бiрi болып игерулi, игерусiз ӛзгерiстерге жан-жақты сипаттама берiп қана 
қоймай, бҧл кҥрделi екi ӛзгерiстердiң ара жiгiн ажыратып, мысалдармен 
дәлелдей отыра, мәнiн ашады; 

буын ҥндестiгiн, оған бағынбайтын қосымшаларды кӛрсетіп, барынша 
кең тҥрде баяндайды. Ғалымның ерiн ҥндестiгi жӛнiндегi пiкiрi қазiргi кезге 


дейiн ӛз қҧндылығын жойған жоқ, қайта бҥгiнгi таңның кӛкейтестi 
мәселелерiнiң бiрi болып отыр т.б. 
Сонымен, І.Кеңесбаевтың фонетикалық мҧрасының ғылыми негіздері ХХ 
ғасырдың бірінші жартысында дҥниеге келген тҥркі тіл біліміндегі 
фонетикалық 
еңбектердің 
шешімдерінен 
басталады. 
І.Кеңесбаевтың 
ізденістерінде сол кездегі тҥркітанушы ғалымдардың тҧжырымдары, ой-
пікірлері жаңашыл ғылыми реңк негізінде интерпретацияланады, ӛзгертіледі, я 
болмаса сол кҥйінде қабылданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет