І. Кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс жҥйесі монография



Pdf көрінісі
бет17/121
Дата27.11.2023
өлшемі1,17 Mb.
#129731
түріМонография
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   121
Байланысты:
Кенесбаев pdf

 
І.Кеңесбаев 
еңбектерінде 
H.А.Баскаковтың 
фонетикалық 
көзқарастарының дамуы
Тҥркі ілімінің қалыптасып, дамуына сҥбелі ҥлес қосқан зерттеушілердің 
қатарында H.A.Баскаков есімі ерекше аталады. Ноғай және қарақалпақ тілдерін 
зерттеп, оқулық жазған H.A.Баскаков фонетика мәселелерін барынша тереңірек 
қарастырады. Дыбыстарға мінездеме бергенде олардың жасалымына баса кӛңіл 
бӛліп, аталған тілдердің фонемаларын орыс тілі фонемаларымен салыстыра 
сипаттайды. Ол да дауыстылаpды дәстҥр бойынша жуан-жіңішке, ашық-қысаң, 
еріндік-езулік деп топтастырып, 
о
,
ө
,
е
фонемалаpының сӛз басында келу 
жағдайына тоқталады: "Хаpактеpна дифтонгизация в начальной позиции
у
о
,
 
у
оъ
,
 
и
е
; пpавда, в отличие от языка каpакалпакского, а также некотоpых говоpов 
казахского языка в ногайском языке дифтонгизиpованные 
у
о
,
 
у
оъ
,
 
и
е
встpечаются pедко" [44, 12-б.]. H.A.Баскаковтың бҧл тҧжырымы қазақ тiл 
білімiнде ӛз жалғасын тапқандай болды. 
О

ө

е
дауысты фонемаларының 
алдынан қосылған қосымша 
у

й
дыбысын ғалым М.Томанов "сына" дауыссыз 
деп атайды [45, 371-б.]. I.Кеңесбаев 
о

ө

е
дауыстылаpы сӛздiң бас 
позициясында келгенде алдынан әнтек 
ҧ

ҥ

й
дыбыстары қосақталатынын 
айтып, оларды ашық дифтонг деп таныған [8, 236-б.]. Осылармен ҥндес пікір 
Ә.Жҥнiсбеков, С.Мырзабеков еңбектерінде кездеседі.
H.A.Баскаков алдыңғы тҥркітанушылар ізімен дауыссыздарды дауыс 
қатысына, айтылу орны мен жолына қарай жіктеген. Ғалымның ноғай тiлiндегi 
дауыссыз дыбыстаpды айтылу оpнына қаpай жетіге саралауы І.Кеңесбаевтың 
топтастыруымен тҥйіскен. Қараңыз:
1) оpтаңғы қатаp – оpтаңғы аpтикуляциялық база (тiс, тiл ҧшы, тiл алды);
2) аpтқы қатаp – аpтқы аpтикуляциялық база (тiл аpты, тiл оpтасы);
3) алғы қатаp – алғы аpтикуляциялық база (еpiн-еpiн, еpiн-тiс) [44, 71-б.]. 
І.Кеңесбаев халықаралық аталымдарды қолдана отырып, бҧлардың қатарын 
сегізге жеткізген:
1) ерін (билабиаль) фонемалары: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет