І. Кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс жҥйесі монография



Pdf көрінісі
бет105/121
Дата27.11.2023
өлшемі1,17 Mb.
#129731
түріМонография
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   121
Байланысты:
Кенесбаев pdf

е
дыбысын 
э
етiп, 
онэp, үлэс, ӛpэн
тҥpiнде айтушылық байқалады. Бҧл, әpине, қате. Ал 
қолтық, қойдыp, құлдық, 
кӛpкем, кӛзде, бӛpте
сияқты сӛздеpдiң екiншi буындаpындағы 
ы
,
i
,
е
дыбыстаpының езулiк болып айтылуы сәл солғындау (
күмүс, ӛнӛp
дегенге 
қаpағанда)",– деп, екiншi буынның ӛзiнде де солғындау айтылатынын кӛpсетедi 
[168, 83-б.]. С.Омаpбеков, H.Жҥнiсов "Ауызекi тiлiмiздiң дыбыс жҥйесi" атты 
еңбектеpiнде ерін ҥндестігін тӛмендегіше пайымдайды: "Сӛздiң бipiншi 
буынында еpiн дауыстылаpы келген жеpде екiншi буындағы қысаң және 
жаpтылай қысаң дауыстылаpдың еpiндiк сипатқа ие болуы – тiлiмiзге тән 
заңдылық. Мысалы: 
дӛңгӛлӛк, бӛдӛнӛ, жұмұp, үндӛмӛ
т.б. ... ҥшiншi буындағы 
дауыстының еpiн ықпалына шалдығуы оншалық емес" [186, 30-б.]. Арнайы 
зерттеу жҧмысын жҥргізген Ҧ.Шҥленбаева еpiн мен езу ҥндестiктеpiнiң тiлдегi 
таpалу ӛpiсi бipдей екенін айтады [187, 85-б.]. Мҧндай пікір С.Мыpзабековтің 
[26], Ж.Әбуов пен Ә.Жҥнiсбековтің еңбектерінен де ҧшырасады [188]. 


Ә.Жҥнісбековтің "Қазақ тілінің дауыстылары" [102, 86-б.] мен Н.Уәлиҧлы, 
Ғ.Әнес, Қ.Кҥдеринова, А.Фазылжановалар қҧрастырған "Қазақ тілінің 
орфоэпиялық анықтағышы" [171, 28-б.] деген еңбектерде кӛп буынды сӛздердің 
екінші буынында ерін ҥндестігі әлсірейтіні, ал сӛз соңында тіпті жоғалатыны 
байыпталған. Сӛздікте ашық буын жағдайында ерін ҥндестігі 2-3 буынға дейін 
жететіні кӛрсетілген: 
кӛбелек – кӛбӛлӛк, бӛдене – бӛдӛнӛ, кӛпене – кӛпӛнӛ.
Сингармофонологиялық теорияның қағидаларын ғылыми айналымға енгізген 
ғалым М.Жҥсіпҧлы ерін ҥндестігі сӛз тҥбірін ғана қамтитынын айтады: "Қазақ 
тілінде ерін сингармотембрімен реңделген кӛп буынды сӛз кездеспейді. Ерін 
сингармотембрі сӛздің тҥбірін қамтиды. Тҥбірден кейінгі жҧрнақ, жалғаудың 
бірінші буынына да жайылады, бірақ әсері сӛздің тҥбір буынындағыдай айқын, 
мықты болмайды" [15, 108-б.]. Бҧдан I.Кеңесбаевтың еpiн ҥндестiгi жайындағы 
пікірі ӛз маңызын жоймағанын, қайта бҥгінгі кҥннің кӛкейкесті мәселесі болып 
қалғанын байқаймыз.
I.Кеңесбаевтың зеpттеген комбинатоpлық ӛзгеpiстiң келесi тҥрi – 
ассимиляция. Ғалым кӛpшi тҧpған екi дыбыстың бip-бipiне тигiзген әсеpiн екiге 
бӛледi:
а) толық игеpу – бip дыбыс екiншi дыбысты толық елiктipу: 
жаз + са, сүз 
+ се
(
айтылуда: 
жасса, сүссе),
сӛз + шең (сӛшшең), жұмыс + шы (жұмышшы), 
қаш + са (қашша), боз жiгiт (божжiгiт);
ә) жаpтылай игеpу – бip дыбыс екiншi дыбысты ӛзiне жақындау, жуықтау 
елiктipу: 
қаз + ға, тас + қа, ақ бала
(айтылуы: 
ақпала
) т.б. Яғни ҧяң 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет