І. Кіріспе бөлім Балабақша тәрбиенің алтын бесігі


Тәрбиешіге қойылатын талаптар



бет3/8
Дата18.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#57969
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
«Балабақшадағы бала тәрбиесі – тікелей отбасы мен тәрбиешінің құзырлығында»

Тәрбиешіге қойылатын талаптар:


  1. Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек;

  2. Арнаулы білім, білік пен іскерлік- дағдыны менгеруі керек;

  3. Баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі керек;

  4. Ол өзінің көзқарасымен, ым-ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп, түсіндіре алуы керек;

  5. Жұмысты ұйымдастыра біледі, тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы, кейде әзілдесіп, тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт;

  6. Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім –тәрбие берерліктей болуы тиіс.

Жаңашыл педогог Ш.А.Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей талап қояды: педогог- тәрбиеші әріптестеріне мейірімді, жылы шырайлы, ықыласты болуы керек, әріптестерімен қарым қатынас жасаудың әдебін, дауыс сарынын, жылы үнін игеру керек, әріптестерінін табысына қызғанышпен, күншілдікпен қарауға құқы жоқ, әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті, әріптестерінен үйренуге ұялмауы керек, әріптестеріне жоғарыдан менсінбей қарауға құқы жоқ, әріптестерінің ар-намысын, атақ-даңқын сақтауы керек, балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білу керек, бірақ оны ешкімге шашпауы тиіс.
Тәрбиеші –педогогтың бейнесі:
1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мазмұны, әдіс-тәсілдерін жетік білуі.

  • Материалды түсінікті жеткізе білу.

2. Сабақты өткізу әдістемесі.

  • Балалардың оқу тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуі және баланың іс-әрекетін дұрыс бағалай білуі;

  • Тәжірибелік білім-білік дағдыларды қалыптастыра білуі.

Өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалай білу қабілеті:


  • Кәсіби біліктілікті жетілдіре білу қабілеттілігі;

  • Балалармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра білу;

  • Ата-аналармен тіл табыса білу;

  • Сөйлеу мәдениеттілігі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет