Байланысты: kur -bilim-beru-aleumettik-institut-retinde (1)
Білім берудегі модернизация XX ғасырдың 70-ші жылдардағы Еуропа елдерінде байқалған экономикалық және институционалды дағдарыстан шығу еркін нарыққа қайта келумен, бәсекелестік индивидуализмге негізделген жеке мүдде мен бастаманың қайта өрлеуімен байланыстырылды. Ең ақырында бәсекелестіктің өсуіне қол жеткізу, демек өндіріс шығындарын азайтуға қол жеткізу мүмкін еді. Бұл елдердің жаңа әлемдік еңбек бөлінісіне және әлемдік нарықтағы бәсекелестің жаңа шарттарына ьейімделу үрдістерін күшейтер еді.
Қарқынды техникалық прогреспен үйлесе отырып, экономиканы және қаржыларды либералдау экономика, қаржылар, нарықтар саласында білыңғай кеңістікті қалыптастырудың алғышарттарын құрды. Олардың заңдары қазіргі кезде жеке елдердің, өндірушілердің және азаматтардың орнын анықтайды.
Ақпарттық-коммуникацялық желілердің дамуы ақпараттық және интеллектуалды кеңістіктің қалыптасуына әкелді. Осылайша, батыс қоғамдарының дамуындағы көп нәрсе қазіргі таңда әлемдік нарықтарда өсіп келе жатқан бәсекелестік және нарықтар ұсынатын идеялармен және құндылықтармен анықталады.
Жалпыға бірдей коммерциялизациялау және бәсекелестік күрес пен нарық логикасын енгізудің әлемдік үрдісіне мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер сияқты сфералар түсті, бұл сфералар бұрында «қоғамдық игілік» ретінде қарастырылатын.
Аталған өзгерістерді бәрі бірдей қабылдамайды, себебі:
Біріншіден, кейбіреулер онда Еуропалық елдерге тән, демократиялық құндылықтарға төнетін қауіп бар деп ойлайды;
Екіншіден, және бұл бастысы, бүгінгі таңдағы білім беру – бұл стратегиялық ресурс және оны тиімді пайдалану жеке елдердің өндірушілердің және тұлғалардың жетістігін қамтамасыз етеді;
Үшіншіден, осының салдары ретінде білім беруді дамыту проблемаларын талқылауға білім беру саласындағы мамандар, басқарушылар мен ата-аналар ғана емес, сонымен қатар іскер топтар, халықаралық ұйымдар – ЮНЕСКО, ОЭСР, Әлемдік банк, ХВҚ (МВФ) және ХСҰ (ВТО) қатысады;
Төртіншіден, білім беру елдердің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің факторына айналып отыр.
Білім берудің жаңа тұжырымдамасы мен моделі қажет пе?, - деген сұраққа жауап беруден бұрын, алдымен білімнің өсуі мен оның қолданылуының экономикаға әсерін анықтайық. Бұл үшін кейбір мәліметтерді келтірейік.
Әлемдік банктың бағалауы бойынша, білім ел дамуының негізгі факторына айналып отыр. Адам капиталы елдегі жалпы байлық көлемінің 64%-ға жуығын құрайды. АҚШ-та ЖІӨ-нің 45%-ы ғылыми зерттеулер, білім беру, бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісі сферасында жасалады [10;50б].
Ақпараттық технологияларды пайдалану Нью-Йорк биржасына өз тиімділігін 400%-ға жоспарлатуға мүмкіндік береді. «Қоғамның білімін» бір академиалық жылға арттыру ЕО экономикасын қысқа мерзімдік преспективада 5%-ға өсуін қамтамазыз етті [10;51б].
Білім өз мәні жағынан демократиалық болғанымен, білім беру сферасында жаһанда бәсекелестік болып отыр: қаржыландыру көлемі мен студенттер үшін жоғарғы оқу орындары арасында; еңбек нарығындағы мамандар арасында; еңбек ресурстары үшін елдер арасында.
Осындай жағдайда елдің экономикалық өсуі мен әлеуметтік бірлігіне қалай қол жеткізуге болады? Әр елдер мәселесінің шешімін әрқалай табады. Алайда, Әлемдік банк мынандай ұсыныс беріп: білім беруге салынатын инвестицияның жалпы деңгейі ЖІӨ–нің 5% - ын, АҚШ ЖІӨ–ның 6,6-%, Жапония 3,5%-ын,Ресей 0,62%-ын, ҚР ЖІӨ-нің 1%-дан аз ғылымға жұмсайды.
Білім беру сферасындағы 10 жылдық нарық реформалары білімді дамытуға деген кәсіпкерлік көзқарастың кері жақтарын айқындады. Ең алдымен ,бұл:
білімге практикалық және тұтынушылық көзқарастарын нығайту, оның руханилығы мен ағартушылығының маңызын жою ТҰК-мен монополиялар жағынан ұлттық жүйелерге қауіп төндіреді, азаматтардың құқықтарына, еркін білім алуға кедергі жасау;
білім берудегі нарықтық бастамалар әр түрлі елдердегі элиталар үшін мүмкіндіктердің жоғарғы теңдігіне, ал ел ішінде қоғамның күрт әлеуметтік поляризациясына әкелед;
білім беру саласындағы мамандар мен саясаткерлер мемлекетті білім беру саласынан шығару тенденциясына қарсы, өйткені мемлекет өзінің қоғамдық маңыздылығынан айырылады: білім беруге «таңдау», «бәсекелестік», «стандарттар», «еркіндік» сияқты түсініктер маңызды бола бастады;
білім берудің нарық сұранысына бағытталуы сынға түсіп отыр: мәселен, мектептік білім беру сферасындағы басымдылықтар жұмыс табуға мүмкіндік беретін мәселелерге, білімге және ептілікке шоғырлануға фундаменталды білімі бар ерекше тұлғаны қалыптастырудан жылжып отыр;
нарық жоғарғы білімді әлемдік нарықтарда қысқа мерзімдік бизнес қажеттіліктеріне сәикес кадрларды және зерттеулерді жүргізуге бағыттайды және де экономика мен қоғамның әрі қарай дамуы үшін фундаментін жоя отырып, табиғи және қоғамдық ғылымдар саласындағы фундаментальды зерттеулерге зиян келтіреді;
мамандарды сонымен бірге білім беру бағдарламаларында әлеуметтік негіздің болмауы, білім беру жалпы гуманитаризациясыздандыру да алаңдатып отыр, бұл болашақта қоғамның, экономиканың мәселелерін ұзақ мерзімде көруіне зиян әкелед.
Сонымен, бүгінгі таңда жаһандану жағдайындағы қоғам дамуының ұлттық ерекшеліктерінескере отырып , жоғарғы технологияның қажеттіліктеріне сәйкес білім берудің жаңа тұжырымдамасы мен үлгісін құру қажет.
Моделдің негізі – бұл үздіксіз білім беру немесе өмір бойы оқыту. Осыған байланысты білім берудің дәстүрлі ұйымдастырылуы мен институционалдық құрылымын, мектептік, жоғары оқу орнындағы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруден және ересектерге білім беруден және ересектерге білім беруден бастап қайта құру керек.
Тұжырымдаманың жарияланған жобасында ([11]) үздіксіз білім беру жүйесі деп білім берудің барлық деңгейіедегі өзара іс-әрекет ететін оқу орындары жүйесіндегі бірізді, келісілген оқу бағдарламаларын, педагог қызметін, тұлғаны дамыту, сондай-ақ педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау жүйесін дамыту жолдарының, тәсілдерінің және құралдарының жиынтығын айтады. Тұжырымдамада, сонымен бірге, үздіксіз педагогикалық білім берудің қағидалары анықталған, сондай-ақ буындарының жүйелілігі негізінде білім берудің барлық 5 сатысының мазмұнын талау клтірілген. Тұжырымдаманы жүзеге асыру сатылары мен күтілетін нәтижелері табылады.
Білім беру жүйесіне қоғамдық жоба дәрежесін қайтару қажет, онда барлығы үшін мүмкіндіктер теңдігі қамтамассыз етілер еді.
Жаңа әлеуметтік келісім-шарт жасау керек, мұнда мемлекет білім беру қызметтерін алуға тұтынушылар құқұғының, сондай-ақ азаматтардың өмір бойы білім алуға құқұғының кепілі ретінде шығады. Ал білім беру жүйесі азаматтардың жекелеген және әр түрлі қажеттіліктеріне сай келуі тиіс.
Білім беру сапасын бақылауды мемлекет жүзеге асыруы қажет.
Осылайша білім беру қазіргі жаңа әлемде қоғамдық игілік қызметін өзіне қайтаруы тиіс, ал оның дамуына ұлттың әл-ауқаты байланысты. [3;4-8б]
Бизнес-білім беру жалпы білім беру жүйесінің шағын жүйесін білдіреді; ол 100жыл бұрын АҚШ-та пайда болды, кейіе Еуропаға өтті. Ресей Федерациясында және Қазақстан Республикасында бизнес-білім беру әзірге білім беру жүйесінің органикалық бөлігіне айналған жоқ.
Бизнес-білім берудің туындауы мен дамуына бірнеше жағдай әсер етті.
Жоғарыда айтылып өткендей, ақпараттық жүйелер саласындағы ғылыми және техникалық білімдерінің жылдам таралуы, олардың өндіріске және әлеуметтік сфераға жаппай енуі байқалып отыр. Осылайша, дамыған елдердің білім, ақпарат, коммуникация сияқты материалдық емес ресурстарды пайдалануға негізделген өндірістің жаңа моделіне өтуі жүзеге асырылып жатыр. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің параметрі адам ресурсы болып табылады.
Қазіргі уақытта көптеген өнеркәсіптік корпорациялар білім беру мен кадрларды даярлауды өзінің даму болашағына стратегиялық инвестиция ретінде қарастырады. Мемлекет істің мұндай жағдайының маңыздылығын әзірге жете түсінбей отыр және білім беруді әрбір адамның ішкі ісі ғана деп қарастырады. Дистанциялық білім беру, білім беру сферасына компьютерлік технологиялары енгізу жолымен өнеркәсіп пен білім беру мекемелері арасындағы байланысты күшейту қажет.
Жаһанданудың өсуі және онымен байланысты бәсекелестік жағдайында бизнес білім беру процесіне белсенді араласа бастады және білім беру жүйесіне өз талаптарын қоя бастады.
Жеке алғанда, мектеп бітірушісіне кәсіпкерлік салада дағдарыстық жағдайды шашу және т.б. саладағы біліммен кең білім алу қажеттігі тағайындалады, себебі ол осы білімдерін іс жүзінде қолдана алуы тиіс. Ол еңбек нарығында қандай өзгерістер болып жатқандығынан үнемі хабардар болуы тиіс. Осыған байланысты көптеген елдерде жастарды кәсіптік даярлау жүйесін дамытуға күш салып отыр. Қазақстан Републикасында жастар ұйымы да мемлекет алдына кәсіптік техникалық оқу мекемелерін қайта ашылу, лицейлер мен гимназыялар санының артуы және т.б. туралы мәселелерді қойып отыр.
Жоғарғы білім беру саласында бизнес жоғарғы оқу орындарының нарық сұранысына жәй әсер етуін белгілейді. Жоғары білікті кадрларға, олардың үнемі қайта даярлануына деген помтиндустриалды еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бизнес жоғары оқу орындарының оқу жұмысын қайта құруды ұсынады.
Жеделдетілген және моделді курстар, кешкі білім беру және демалыс уақытында сабақ жүргізу, дистанциялық оқыту техникасын пайдалану сияқты жаңа оқыту жүйесін енгізу керек.[12;29б]
Соңғысына белгілі бір деңгейде жоғарғы оқу орынды фундаменталды білімдермен айналысатынт ғылыми мекеме ретінде қалыптасқан түсінік стереотипі кедергі болып отыр.
Компаниялардың өздері де жеке оқу мекемелерін – «корпоративті университеттерді» құра бастағанын айта кету керект. Мәселен, ТҰК шетелдік филиалдарда жұмыс істеу үшін бірыңғай корпоративті нормалар мен ережелерге сәйкес жеке персоналын даярлай бастады. Сонымен қатар, кадрларды даярлаудың өзі корпоративті басқару жүйесінің бір бөлігіне айналады. Корпоративті университет қызметшілеріне бүкіл өмір бойына үздіксіз білім беру үшін субъект болуы мүмкін.
Корпоративті университеттер басқа корпорацияларға оқыту бағдарламаларын сату, оларға кеңес беру, басқа оқу мекемелеріне оқу құралдарын шығару және т.б. жолымен тұрақты өзін өзі қаржыландыруға ауысады. [3;14-16б]
XXғасырдың соңғы ширегінде әлемде білім төңкерісі орын алды. Ал жиында ҒТР-ң әлеуметтік салаларының бірі ретінде саналған білім қазір елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының шешуші факторы ретінде қарастырылады.
Төңкерістің бірінші көрінісі – білімнің демократиялануы, оған кез-келгеннің қол жеткізе алуы. Жоғары оқуға қол жеткізу мүмкіндігінің онң жалпылығына қарай жылжи бастады. XX ғ. 50-жылдарының аяғы 60-жылдардың басында үзіліссіз білім алу идеясы қалыптасты. Бұл идеяның мәні білімнің ескіруімен байланысты кәсіби икемділікті көтеруде емес [13;178б], біліинің берер бағытында – адам үшін оның құндылығын барынша тереңінен түсінуде.
Адам дамуындағы білімнің ролі туралы «Білім барлығы үшін» (ББҮ) стратегиясында көрсетілген: әрбір адам кез-келген жаста «басқалармен бірге тұруға, әрекет етуге, тани білуге, және жүзеге асыруды үйретуге мүмкіндік беретін» білім алуға құқұғы бар. Осылайша білім адамдар өзөмірін жақсарта және өз қоғамын өзгерте алуға әсер етуі қажет. Өмірде «білім спиралінің парадоксы» бар. Білімнің экономикалық құндылығы қаншалықты күшті төмендесе, білімді жұмыс күшіеің арасында қаншалықты жұмыссыздар көп болса, соншалықты аттестат алу маңызды болады, немесе тек оның болуының өзі ғана қандай да бір жұмысты табуды кепілдендіреді. Болмаса білімнің экономикалық құндылығы төмен болса, оған сұраныс жоғары болады. [13;176б].
Сонымен, фундаментальды білім болашақ маманды дайындауда жүйе қалыптастырушы негіз болуы қажет немесе ол барынша жоғары деңгейде білімді жалғастыруға мүмкіндік берд, яғни жоғары технологиялық өндірістің талапиарына сәйкес карьера үшін жол ашады.
Білімнің әмбебаптылығы, жан-жақты дамыған адам жаңа әлем тұрғыза алатындығын білдіреді. Қажетті кәсіпқойлыққты беретін тар мамандану да қажет. Бірақ қоғам және білім үшін бастысы – әмбебаптылық адамдарды қоғамға біріктіреді, ал тар мамандану оларды бөледі.
Әмбебаптылық адамзатқа жалпы дүниеге көзқарасты береді, оны жалпы планеталық және ғаламдық процестерге қосады. Мамандану оны өз кәсібінің аясында қалдырып, адамзаттан ғана емес, жақын көршісінен де оқшауландырады.